Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы


-параграф. Қауіптерді төмендету шаралары



бет297/309
Дата01.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#485089
түріКодекс
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   309
Òè³ñò³ ôàðìàöåâòèêàëû? ïðàêòèêàëàðäû áåê³òó òóðàëû

3-параграф. Қауіптерді төмендету шаралары

418. Қауіптерді төмендетудың қосымша шаралары олар дәрілік препаратты қауіпсіз және тиімді пайдалану шарты ретінде бағаланған жағдайда ұсынылады. Ұсынылып отырған қауіптерді төмендетудың қосымша шаралары ғылыми дәйекті болуы тиіс, тиісті біліктілігі бар мамандар әзірлеуі және ұсынуы тиіс.


Қауіптерді төмендетудың қосымша шараларының түрлі мақсаты, дизайны, мақсатты аудиториясы және күрделілігі болуы мүмкін. Бұл шаралар дәрілік препаратты қолдану пайдасы қауіптен асатын тиісті емделушілерді таңдаудың тиісті рәсімдерін қамтамасыз ету мақсатында және маңызды қауіптерді бақылауға қатысы бар емді тиісінше мониторингілеуді және/немесе ол дамыған жағдайда жағымсыз реакцияларды тиісінше басқаруды қамтамасыз ету мақсатында дәрілік препаратты қолдануға болмайтын емделушілер үшін ерекшелік ретінде пайдаланылуы мүмкін. Қосымша медициналық қателік қаупіне қатысты және/немесе медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта немесе заттаңбадағы ақпаратта дәрілік препарат туралы ақпарат беру арқылы ғана осы мақсатқа қол жеткізу іс жүзінде жүзеге асырылмайтын жағдайда дәрілік препараттың тиісінше тағайындалуын қамтамасыз ету мақсатында қауіптерді төмендетудың спецификалық шаралары әзірленуі мүмкін.


Егер қауіптерді төмендетудың қосымша шараларына сұраным берілсе, сұраным үшін дәйектеме құжатпен ресімделуі, сондай-ақ қауіпсіздік жөніндегі нақты мәселелердің нұсқауы жасалуы және орындалу және бағалау сатыларының егжей-тегжейлі жоспарлануы ұсынылуы тиіс.


Қауіптерді төмендетудың қосымша шаралары төмендегілерді қамтиды:


1) білім беру бағдарламасы;


2) бақыланатын қолжетімділік бағдарламасы;


3) қауіптерді төмендету жөніндегі басқа да шаралар.

4-параграф. Білім беру бағдарламасы

419. Білім беру бағдарламасында пайдаланылуы мүмкін қауіптерді төмендетудың көптеген қосымша құралдары (әдістері) медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта және қосымша парақта жазылған ақпаратты ұсыну арқылы мақсатты ақпарат беруге негізделген. Кез келген білім беру материалы қауіптерді төмендетудың белгіленген мақсаттарына жетуге және дәл және нақты ақпаратты қамтуға бағытталған.


Білім беру бағдарламасының мақсаты қауіптерді төмендету бағытындағы емделушілердің және денсаулық сақтау жүйесі персоналының әрекеттеріне оң әсер ету арқылы дәрілік препаратты қолдануды оңтайландыру болып табылады. Білім беру материалдары мақсатты білім беруге арналған іс жүзінде орындалатын және қолданыстағы ұсыным болатын ұсынысқа және осы шараны қолдану маңызды қауіпті төмендету үшін және (немесе) пайда-қауіп арақатынасын оңтайландыру үшін маңызды және елеулі болып саналатынына қарай әзірленеді. Білім беру бағдарламасының контексінде пайдаланылатын білім беру құралдарының бірнеше түрлі мақсатты аудиториялары болуы мүмкін, қауіпсіздік жөніндегі біреуден көп мәселеге бағытталуы және құралдардың біріктірілімін және бұқаралық ақпарат құралдарын (қағаз тасымалдағышта, аудио, видео, Интернет, жеке оқыту) пайдалану арқылы берілуі мүмкін. Қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, соның ішінде ақпарат беру құралы істен шыққан немесе Интернетке кіру мүмкін болмаған жағдайда форматтар ауқымында беру ұсынылады.


Кез келген білім беру материалдарының мазмұны медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық және қосымша парақ сияқты дәрілік препаратқа қолданыстағы мақұлданған ақпаратпен сәйкестігі қамтамасыз етіледі. Мазмұнына тікелей немесе бүркемеленген жарнама элементтері кірмейді. Білім беру материалдарының басты екпіні дәрілік препараттарға қатысы бар қауіптерге және қауіптерді төмендетудың қосымша шараларын қажет ететін қауіптерді басқаруға түседі.


Кез келген білім беру бағдарламасы жарнамалық әрекеттерден толық бөлінеді, ал білім беру бағдарламалары арқылы алынған дәрігерлер мен емделушілердің байланысу ақпараттарын жарнамалық мақсатта қолданылмайды.


Төменде сипатталған білім беру құралдарын жеке тәртіпте немесе қауіпті қосымша төмендету мақсатында білім беру бағдарламасын әзірлеген кезде біріктірілімде қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет