Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет17/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Пневмоторакс.

Пневмоторакс (Pneumothorax) плевранын куысына ауаның жиналуы. Дерт малдың дерлік барлық түрлерінде кездеседі. Пневмоторакс бір жақтылы болуы мүмкін. Жылқыда пневмоторакс тек екі жақтылы ғана болады
Себептері. Пневмотораксті жиі тудыратын себептін бірі кеуде куысының өтпелі жарақаты. Пневмоторакс бронхтар мен кавернанын жыртылуынан да пайда болуы мүмкін (ішкі себеп- терден аяк асты пайда болған пневмоторакс), ірі қара малда пневмоторакстын пайда болуына диафрагманың таз қарын жағынан істік заттармен тесілуі себепкер болуы мүмкін.
Дамуы. Пневмоторакстын ашық, жабық және қақпақшалы түрлері болады. Пневмоторакстың ашық түрінде ауа мал тыныстағанда плеврадағы тесік арқылы плевра қуысына еніп, ал Дем шыгарган сайын одан сыртқа шығып тұрады. Сөйтіп, плевра куысындагы кысым атмосферадағы қысыммен теңеліп, бірте-бірте екпенін солуына әкеліп соқтырады. Пневмоторакстың жабық түрінде плевра қуысы сыртқы ауамен катынаспайтын болгандыктан куыстағы қысым атмосфера- дагыдан төмен болады. Пневмоторакстың бұл түрінде ауру, көбінесе орайлы жағдайда өтеді, себебі плевра қуысына енген ауа денеге сініп кетеді. Какпакшалы пневмоторакс, тыныс алғанда плевранын куысына ауанын еніп, ал дем шығарғанда куыстағы тесік жабылып ауанын кайтадан шыкпауымен сипатталынады да, плевраның
куысындағы қысым үдемелі түрде көтеріліп, өкпелерге жан- жағынан қысым түсіріп тез арада солдырады. Пневмоторакс кезінде өкпе қысылады, өкпедегі газ алмасуы киындап, ауру мал тез арада тұншығудан өліп қалуы мүмкін. Пневмоторакс плевритпен, кейінірек пневмониямен асқынуы мүмкін.
Симптомдары. Пневмоторакс көбінесе жіті түрде өтеді. Пневмоторакспен дерттенген малда үдемелі ентікпе, тұншығу, жүрек түрткісінің күшейген белгілері білінеді, кеуде куысының етпелі түрде жарақаттанғаны анықталады. Кеуде куысын перкуссиялаған кезде дүңкілдеген дыбыс, ал > плевритпен асқынған кезінде көлденең түзу сызықты жолақтың астынгы жак (вентральды) бөліктерінен күңгірт бәсен дыбыс үстінгі жағынан (дорсальды) ашык дүңкіл (тимпаниялық немесе корабты) дыбыс естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет