Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет15/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78
Аурулар-Ветеринария

П а т о г е н е зі. Гиперемия, жҥрек аурулары, интоксикациялар, соның ішінде уремиялық, аллергиялық реакциялардағы интоксикациялар, алдымен ӛкпенің интерстициалды ҧлпасында домбығу дамуымен, сосын альвеолаларда транссудат жинақталуымен ӛтетін гемодинамикалық бҧзылулар байқалады. Қанның сҧйық бӛлігінің (транссудаттың) шығуы тамырлардың қанмен толысуында, альвеолярлық-капиллярлық мембрананың ӛткізгіштігі жоғарылағанда байқалады. Ӛкпе домбығуында газ алмасуы қиындайды, жедел гипоксия мен респираторлық ацидоз дамиды, олар жануар ӛліміне әкелуі мҥмкін.
С и м п т о м д а ры. Клиникалық белгілері жылдам әрі аса қарқынды тҥрде дамиды: ӛкпенің жедел домбығуы 2...4 сағат ішінде, жеделеу тҥрі бірнеше сағатта, кейде бір тәулік ішінде білінеді. Ӛкпе домбығуының аса жылдам түрі (аллергиялық шок) кӛбіне бірнеше минут ішінде ӛлімге ҧшыраумен аяқталып жатады. Ӛзіне тән белгі ретінде ӛршитін демікпе, оның тҧншығу белгісіне, цианозға, жӛтелге ауысуы, мҧрыннан кӛп мӛлшерде кӛбікті ағындылар шығуын атауға болады. Жануарлар қорқыныш сезімін білдіреді, танауларын кеңейтіп ҧстайды. Аускультация кезінде кеңірдекте, бронхтарда және ӛкпеде ылғалды қырылдар естіледі. Тыныс алуы шылпылдаған сипатта ӛтеді. Тахикардия жақсы сезіледі.
Д и а г н о з. Анамнезі мен клиникалық белгілері бойынша қойылады. Крупозды пневмониядан, жедел ағымда ӛтетін инфекциялық аурулардан айыра білу керек.
Бо л ж а м ы. Кҥмәнді немес қолайсыз.
Ем і. Бірден кірісуді талап етеді. Толығымен тыныштық беріледі, суық қора-жайда ҧстаған жӛн. Қан жіберген жақсы нәтиже береді (дене салмағының 0,3 дейін), вена ішіне 10% кальций хлориді, 40% глюкоза, 5% натрий гидрокарбонаты ерітінділерін терапиялық мӛлшерлерде енгізеді. Жҥрек дәрілері қатарынан кордиамин, кофеин тҧздары, строфантин тағайындалады. Жылдам әсер ететін диуретиктер емдік нәтиже беруі мҥмкін, олар: фуросемид ішіне, тері астына немесе вена ішіне 0,5...1,0 мг/кг дене салмағына; дихлортиазид ішіне 1...4 мг/кг дене салмағына; ересек жануарларға 30 мг/кг; ҧсақ жануарларға 100 мг/кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет