Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет25/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Өңештің бітелуі.

Өңештің бітелуі (Obstructio S. obturatio oesophaqi) - ipi қарада жиі, ұсақ малда сиректеу, ал шошқа, ит, мысық және жылқыларда жалғыз-жарым кездеседі. Өңеш толық және жартылай бітелінеді, негізгі және туындаған түрлері болады.
Себептері. Ірі қарада өңеш картоп, қызылша, шалқан, сәбіз, капустаның сабағы және басқаларымен, кейде торшасы мол, қатқыл азықтың үлкен кесегімен, бөтен заттармен (шүберек) не күйіс қайтаруға шығарған жынмен келген фитобезоарымен бітеледі. Шошқаларда - өңеш, тамыр жемістерімен; иттерде - сүйекпен, еттің кесегімен; жылқыларда, әдетте өңештің қызметі бұзылып түйілген, салданған, тарылған кездерінде сабанның құрғақ жармасымен, сұлымен бітеледі.
Симптомдары. Ауру мал аяқ асты азықтан бас тартады, мазасызданады, жиі жұтынады, жұтарда басын созады не төмен түсіреді, күйіс қайыруы мен кекіруі тоқтайды. Аузында азық болмаса да бос шайнай береді, аузынан көбіктенген сілекей шұбырады. Ішінің кебуі үдеген сайын құйрығын бұлғақтатады, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді, жөтеледі, ентікпе басталып үдей түседі, тынысында кеуденің қатысы басымданады, кейде кілегейлі қабықтары көгереді. Байқаларлықтай ісінгендіктен өңештің бітелген жерін сипағанда басқа, қатты бөгде зат бар екендігі сезіледі, бастапқы кезінде ауырсынбайды, кейін қабынып ісіне келе ауырсынады. Өңештің кеуде жақ бөлігіндегі бөгде затты зонд енгізу арқылы анықтайды. Зондты енгізгенде, ұшының қатты денеге барып тірелгені сезіледі.
Өтуі. Малдың түріне, бөгде заттың көлеміне және қаттылығына байланысты болады. Құсқан уақытысында өңештегі бөгде зат қайтадан сыртқа шығып, жиі-жиі жұтынғанда қарындарға өтіп кетулері мүмкін. Өңеш бөтен затпен толық бекітілгенде газ тез арада жиналып, іші кебеді. Жеңіл ашитын азықтармен азықтан- дырғаннан кейін бітелу, малды бірер сағаттың ішінде-ақ тұншықтырып өлтіріп жіберуі мүмкін. Бітелу ұзаққа созылғанда қысым түскен жері қабынып, өңештің қабырғасы іріп кетуі, жылқыларда - аспирациялы пневмония дамуы мүмкін.
Балау. Ауру туралы жинаған мәліметтерді, зонд енгізудің нәтижелерін еске ала отырып өңеш бекітілуінің тән белгілеріне негізделінеді. Ұсақ жануарларда өңештің бітелуін рентгенге түсіру арқылы анықтауға болады (37-сурет). 
Емі. Тез арада бөтен затты алуға әрекет жасайды, ол үшін түрлі малдың өңеш құрылысының ерекшеліктеріне сәйкестендіріп біраз тәсілдер қолданады. Алдымен өңешке 100-150 г өсімдік не вазелин майын құяды, сонан соң өңештің түйілуін босаңсыту үшін тері астына (ірі малдарға) атропин сульфатын (0,02-0,04), пилокарпинді (0,01-0,07) 0,2 % ерітіндісі ретінде енгізеді. Венаға 0,25 немесе 0,5 %-ды новокаин ертіндісін 1 кг дене массасына 1 және 0,5 мл есебінде енгізеді немесе бітелген жерді 2-3 %-ды новокаин ерітіндісімен шабақтайды. Осы мақсатпен өңеш маңына жылу тартады. Өңештің мойын бөлігіндегі орналасқан бөгде затты алдымен сырт жағынан қолмен уқалап ауызға қарай итеріп сыртқа шығаруға тырысады. Кейде бөгде зат өңештің бас жағында орналасқан жағдайда, оны тікелей қолмен ұстап алып сыртқа шығарып тастауға болады. Ол үшін ірі малға арнайы кергіштер (азу тістерінің арасына қоятын сүйір сына) қолданып, тілдің
жағалаулары арқылы қолды жұтқыншаққа және өңештің басына дейін сұғып алып тастайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет