Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет16/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Аурулар-Ветеринария

П р о ф и л а к т и к а с ы. Жануарлардың қызынуына жол бермеу керек. Жануарлардың улы және тітіркендіретін газдарды жҧтынуынан, аллергендерден сақтандыру керек.



  1. Өкпе эмфиземасы.

Өкпенің эмфиземасы (эмфизема легких) – өкпенің шектен тыс кеңейгенінен көлемінің ұлғаюы. Эмфиземаның альвеолярлық – өкпелердің кенеюі альвеолалар ұлпасының созылуы арқылы пайда болатын және интерстициалық – бөлікшелер аралық дәнекер ұлпасына ауаның еніп жиналуының салдарынан пайда болатын түрлерін ажыратады. Өтуі бойынша – жайылған және шектелінген түрлері болады.
Себептері. Жіті түрде өтетін альвеолярлы эмфизема малдың тынысы жиіленіп күшейгенде альвеоларға ауа шамадан тыс толып, сол ауаны сыртқа шығару үшін альвеолар ұлпасының зорлануынан болады. Мұндай зорлану ат шабыста, жарыстарда, демалыссыз ұзақ уақыт ауыр жұмысқа салғанда, бәйге атын не аңшы иттерді зорықтырғанда болады.
Белгілері. Өкпе эмфиземасының белгілері ретінде құрсақтың бұлшық еттері басымырақ қатысатын үдемелі дем шығару ентікпесі және бүйірін соғу (дем шығаруға іш бұлшық еттері белсене қатысқандықтан, дем шығарған сайын қабырға доғалары шығыңқырайды) байқалады. Тыныс алғанда қабырғалар арасында бұлшық еттер ішіне тартылып, айналшық томпайып шығып кетеді. Альвеолярлы эмфиземаның созылмалы түрімен ауырған жылқылардың кеуде қуысының формасы дөңгеленіп кетеді. Перкуссиялаған кезде өкпелердің артқы жақ шектері 1өә қабырғыға ұлғайып кетеді де өкпелер аймағынан дүнкілденген дыбыстар естіледі.
Интерстициальды эмфизема – тыныс алу қызметі кемістігінің үдемелі түрде дамуымен, өкпелердің көпіршіктенуімен, мойын, кеуде, арқа және жауырын маңайларындағы тері астыларында ауаның болуымен (қолмен басқанда быжыл сезіледі) сипатталынады.
Анықтау. Белгілері мен ауру туралы жиналған мәлиіметтерге (ауыр жұмыс істеп зорыққаны, алдында бронхит не пневмониямен ауырғаны) негізделінеді. Рентгентексеріс өкпенің эмфиземалы жерінің жарықтанғанын және бронхтар пішіндері көріністерінің айқындалынғанын көрсетеді.
Емі. Альвеолярлы эмфиземаның созылмалы түрімен ауырған малды, егер олардың асыл тұқымдық қасиеті немесе сәндік белгілері болмаса, жарамсыздар қатарына шығарады да, жеңіл жұмыста пайдаланады.
Интерстициальды эмфиземаны емдеу альвеолярлы эмфиземаның жіті түрін емдеумен ұқсас. Ауаның өкпедегі бөлшекаралық денелер ұлпаларына әрі қарай ену үрдісін азайту не жою үшін жөтелді басып, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін қалыптастырады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет