Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық деректері. Негізгі себептері



бет27/78
Дата19.12.2023
өлшемі0.97 Mb.
#486949
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Аурулар-Ветеринария

Кітапша қарынның бітелуі .

Қатпаршақ қарынның бітелуі (Dilatatio omasi, Obstructio оmasi) - қатпаршақтар арасындағы қуысқа азықтардың қатты бөлшектерінің не құмның толып кетуімен сипатталынатын дерт. Ірі қара мал көбірек, қой мен ешкілер сиректеу ауырады.
Себептері. Қатпаршақ қарынның қатпаршақтар аралық қуысы көп мезгіл бойы қатты майдаланған сабанмен, топанмен, топырақтан тазаланбаған дәнді дақылдармен, егін қалдықтарымен азықтандырғанда немесе бітеу дәнді не жарылған жемдерді (жарылған арпа) көп мөлшерде бергеннен кейін, сонымен қатар шырынды азықтардың мөлшерін азайтып тарының, сұлының, мақтаның қауыздарын бергенде толып кетеді. Қатпаршақ қарынның атониясы және оның толып кетуі, көбінесе жүйелі түрде серуендетілмейтін, әсіресе буаз күндерінің екінші жартысында бой жазбайтын қарындары созылмалы атониямен дерттелінген мал- дарда пайда болып дамитынын еске алған жөн.
Симптомдары. Қатпаршақ қарын тола бастасымен, алдыңғы сағаттардың ішінде-ақ малда жалпы жабырқаулық, әлсіздік пайда болады, азыққа зауқы және күйіс қайыруы нашарлайды не мүлдем жоғалып кетеді. Қатпаршақ қарынның толып кетуінің ерте белгісі ретінде мес қарынның жиырылуы әлсіреп, азайып, кейде атонияға дейін жеткені білінеді.
Қатпаршақ қарын жынға қатты толып кетіп, кейбір қатпаршақтары қабынып не шіріп асқынған жағдайда жалпы жабырқауы анық білінеді, мал көп қозғалмайды, шөлдейді, көп мезгіл күйіс қайырмайды, азыққа зауқы жоғалады, дене қызуы аздап көтеріледі, тамыр соғуы және тыныстануы біршама жиіленеді, қан қысымы төмендейді, мес қарынның жиырылуы күрт әлсірейді және саны азайып атонияға дейін жетеді, ұлтабар және ішектердің қимылдары баяулайды нәжіс бөлуі сиректенеді. Қатпаршақ қарынның қимыл шуылы жоғалып кетеді. Мал ыңқылдайды, жалбыршақ қарынның маңын бойлатып, қатты перкуссиялағанда ауырсыну сезімталдығы артады, нейтрофилді лейкоциттер тұрақты түрде көбейеді, зәрмен индикандар және уробилиндер көп шығады.
Болжамы. Бастапқы кезде себептерін жойып, тиісті емдік көмек көрсетсе ауру мал айығады. Егерде ауру 8-10 күн және одан да көп мезгілге созылса онда мал өлімге ұшырайды.
Емі. Аурудың себептерін жояды. Ірі қара малға 10-15 л 3-4 %- ды натрий сульфатын (зонд арқылы), 5 л дейін зығырдың, сұлының шырышты маңызын 1-1,5 л өсімдік майын тағайындайды. Сонымен қатар асқазан-ішек жолдары қызметін жақсартып - ақтамыр тұнбасын тері астына енгізеді. 10-15 %-ды хлорлы натрий, натрий сульфаты және өсімдік майын 500-100 мл есебінде қатпаршақ қарынға оң жақтан, 8-9 қабыртқа аралығынан иық-жаурын сызығынан 2-3 см төмен енгізеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет