Болжамы. Қос жақты пиелитте жағымсыз, себебі жиі пиелонефритпен немесе несеп жолының бітелуімен, ануриямен және уремия дамуымен асқынады. Жеңіл өткен жағдайда мал аурудан айығады.
Емі. Ауру малға тыныштық береді, жеңіл сіңетін азықпен, жақсы шөппен, тамыртүйнектілермен (сәбіз немесе қант қызылшасы) азықтандырады, аздаған жармадан жасалған быламық береді, таза суды ішкенінше береді, суды натрий гидрокарбонатымен қосып сілтілендіреді. Егерде несеп бөлінбесе су беруді тоқтатады. Микрофлораға қарсы сульфаниламид препараттары мен антибиотиктер тағайындайды.
Сақтандыру. Ірі қара малдың пиелитін болдырмау үшін малдарды туғаннан кейін асқынудан сақтау қажет. Ауру малдарға тітіркендіргіш заттарды (скипидар т.б.) бермеу керек.
Несептас ауруы
Несептас ауруы (Urolithiasis) — бүйрек түбектерінде және несеп шығырылу жолдарында – қуықта, уретрада несеп тастарының тҥзілуі мен шӛгіп жиналуы тҥрінде байқалатын ауру.
Э т и о л о г и я с ы. Бір типті жоғары концентратты азықтандыру, рационда фосфор мен магнидің кӛп болуы, несеп органдарындағы қабыну ҥдерістері, аталықтарды ерте пішу, қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясы. Тастар тҥзілуіне ыстық климат жағдайындағы кҥшті тер бӛлінулері, ауыз су тапшылығы ықпал етеді.
П а т о г е н е зі. Этиологиялық факторлар әсерінен зат алмасулары, әсіресе су-тҧз алмасулары бҧзылады, бҥйректерде біріншілік және екіншілік несептің рН қышқыл немесе сілтілі жағына ӛзгереді. Бҥйректердегі қабыну ҥдерісі бҥйрек жолдарында фибрин мен ӛзге де ақуыздық туындылар тҥзілуін тудырады. Несеп жолдары саңылауларының тарылуы несептің тҧрып қалуын тудырады, бҧл патологиялық ҥдерісті ушықтыра тҥседі. Этиологиясы мен тҧздарды тҥзетін заттардың химиялық қҧрамына байланысты оксалатты, фосфатты, уратты, карбонатты және ақуыздық несеп тастарын айырады.
Симптомдары. Бүйректік тҥйнелу синдромы байқалады. Ауырсынулар белдеме маңында шоғырланады, олардың тұрақты немесе ұстамалы түрлерін айыруға болады. Тҥйнелулердің ҧзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін. Бҥйректер мен қуықты пальпациялау ауырсыну тудырады. Несеп бөлуі жиі, аз кӛлемді. Несепте қан айқындалады. Жедел немесе созылмалы пиелонефритпен асқынғанда симптомдары осы аурулардың белгілерімен ұштасады. Бҥйректік жетіспеушіліктің дамуы азотемиямен, домбығып ісінулермен сипатталады. Қанда нейтрофилдік лейкоцитоз, ЭШЖ жоғарылауын атайды, несепте тҧрақты сілтілі — рН 7 және одан жоғары немесе қышқыл — рН 5...7 реакция байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |