III класс - унипотентті бастаушы жасушалар. Олар тек бел- гілі жасуша түріне бөлшектенеді және өзін-өзі ұстау қабілеті өте шектеулі.
Алғашқы үш кластың жасушалары морфологиялық жағынан білуге болмайтын, тұрақты морфологиялық белгілері өзгешеленбейді. Унипотентті бастаушы жасушалардан қалған 3 класс келеді.
IV класқа морфологиялық жағынан анықтауға болатын полиферменттеуші жасушалар (эритробласстар, миелобластар, мегакариобластар, монобласстар және лимфобласстар, пронормо- циттер және рполимфоциттер) жатады.
V класқа жетілген бөлінуге қабілеті жоқ жасушалар жата- ды, ал бірақ морфофункциональды жетілу сатысы жетілген (оксифильді нормоциттер, метамиелоциттер, ядросы таяқша тәрізді лейкоциттер жатады).
VI класты перифериялық қанда бар жетілген жасушалар құрайды.
Соңғы үш кластың жасушалары арнайы морфологиялық және цитохимиялық белгімен сипатталатын белгілі өскінге жа- тады. Қан түзетін ұлпалардың өсінділерінде байқау жүргізгенде, жетілу үстіндегі және жетілген жасушалар митозға және про- лиферацияға лимфоциттерден бөлек қабілетті емес. Лимфоцит- тердің бөлінуге мүмкіндігі мол сақталған. Тимусты лимфоциттер (Т-лимфоциттер) және сүйек майының (В-лимфоциттер) лим- фоциттері антигенді қуаттандыру арқасында бластылық түрге айналады, ал олардан кейіннен лимфоциттердің жаңа түрлері, бластылық түрдегі В-лимфоциттер және плазматикалық жасуша- лар пайда болады. Қан түзу жүйесі организмнің жасушалық және гуморальдік қорғанысы мен тікелей байланысты. Бұл жерде қан түзетін ұлпа әмбебаб гмопоэз қызметін атқарса, онда сүт қорек- тілерден бөлінген лимфоцитті ұлпа өз бетінше иммундық жүйе қызметін атқарады.
Қан жүйесінің патологиясы жиі анемиялық, геморрагиялық және иммундық синдромдарымен байқалады. Қандай синдром басым- дығына байланысты аурулар үш топқа бөлінеді: анемия, геморра- гиялық диатез және иммунды дефициттер.
Қан жүйесі ауруларының негізгі синдромдары.
Қан жүйесінің патологиясы жиі анемиялық, геморрагиялық және иммундық синдромдарымен байқалады. Қандай синдром басым- дығына байланысты аурулар үш топқа бөлінеді: анемия, геморрагиялық диатез және иммунды дефициттер.
Анемиялық синдром қандағы айналымдағы жетілген эритроциттер санының төмендеуімен байланысты. Бұл перифериялық органдар мен тіндерге оттегінің жеткізілуінің бұзылуына әкеледі, яғни тіндік гипоксия дамиды, бұл жалпы әлсіздікпен және ұйқышылдықтың пайда болуымен бірге жүреді.
Геморрагиялық синдром – қанталау,ішкі және сыртқы қан кету, органдарға қан құйылу тән патологиялық күй. Бұл перифериялық органдар мен тіндерге оттегінің жеткізілуінің бұзылуына әкеледі, яғни тіндік гипоксия дамиды.
Иммунды дефицит-иммундық аппараттың бір немесе бірнеше компоненттерінің немесе онымен тығыз әрекеттесетін спецификалық емес факторлардың түсуіне байланысты иммунологиялық реактивтіліктің бұзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |