Аурудың жіті түрінде көбінде нейтрофильді, сирегірек эо- зинофильді шамалы лейкоцитоз, ЭШЖ жоғарлауы болады. Ал, дерттің ауыр түрінде қан сарысуында билирубиннің (тура емес) мөлшері 120 мг/л одан көп болады. Несепте белок, гемоглобин кездеседі, қан түйіршіктері мен уробилин, бүйрек түтікшелерінен сыдырлған эпителий көбейеді.
Ауру жіті және созылмалы түрде де кездеседі. Аурудың жеңіл түрінде мал 3-5 күннен кейін жазылады, ал көптеген қанта- лаулар және ішкі мүшелердің ісінуі болса, онда ол еледі.
Балау. Анамнезге, көлемі мен пішіні әртүрлі қанталау- ларга, әсіресе бастың симметриялық ісінуіне, температуранын көтерілуіне, канның зертханалық зерттеу нәтижелеріне сүйеніліп кұйылады.
Дербестеу. Қайталап ісіну (теңбілді қанталау) ауруы, гемофилия, апластикалық анемия, К, С, Р - гиповитаминозынан, сәуле, жамандат, пастереллез, колиэнтеротоксемия т.б. ажырату қажет.
Емі. Ауырған малды ауасы таза желдетіліп тұратын,төсеніші мол қорада ұстап, оларға жеңіл қортылатын азык беру керек. Жарма, кебек, құнарландырылған азықтардан көже жасап,іше алмаса, колдан беріледі. Тұншыға бастаса, трахеотомия жасау керек.
Аурудың барлық түрлерінде десенсибилизациялаушы терапия колдану керек. Ол үшін тамырға хлорлы кальцийдің 10%-ды ертіндісін, не кальций глюканатын 0,5 мл/кг мөлшерінде: тамы- рга, не бұлшык етке димедролдың 1%-ды ертіндісінен 0,05 мл/кг; 0,25%-ды дипразинді (пипольфен) 0,02 мл/кг және баскаларды 7-10 күндей колданады. Бұл препараттар азық және сумен бірге беріледі.
Тері астына стрептококка қарсы қан сарысуын 0,5-1 мл/кг, тамырға 30% этил спиртін (0,2-0,4 мл/кг), 20-40% глюкоза ертін- дісіне 1%-ды аскорбин қышқылын (0,4 мл/кг) қосып егудін де пайдасы бар. Қанның ұюын жоғарылатып, тамыр өткізгіштігін төмендету үшін P,K (рутин) дәруменін, көк тамырға 10% жела- тин ертіндісін 0,5-1 мл/кг мөлшерінде егеді. Індет ауруларымен күресу үшін антибиотиктер, сульфаниламид препараттарын, ми- кробты жоятын дәрілер беріледі. Қажет болған жағдайда симто- матикалык ем колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |