Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері сұрастыру. Негізгі шағымдар



бет10/11
Дата28.09.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ПВБ дых каз

Эндоскопиялық тәсілдер :


Трахеобронхоскопия –трахея мен бронхтың ішкі бетін бронхоскоппен қарау. Бұл тәсіл трахея және бронх ішіндегі әр түрлі патологиялық процестердің (қабыну, бронх ісігі т.б.) диагнозын қоюға көмектеседі. Бронхоскоп көмегімен бронх және трахея кілегей қабығының биопсиясын (кішкене тілімді гистологиялық тексеруге алу) жасайды.
Торакоскопия – торакоскоп көмегімен плевра қуысын қарау. Торакоскопия плевра ауруларын анықтау үшін қолданылады.


Функциональдық тәсілдер :




Спирометрия–спирометр көмегімен өкпе көлемдерін өлшеу.
Спирография– тыныс көлемдерін және өкпе желденуі көрсеткіштерін сызық түрінде жазу.
Пневмотахометрия – демнің көлемдік жылдамдығын өлшеу.Демді сыртқа шығарудың көлемдік жылдамдығы еркектерде 5-8л/ сек, әйелдерде 4-6 л/сек шамасында болады. Пневмотахография тәсілімен өкпенің жазылғыштығын, эластикасыз (серпінділіксіз) кедергісін, демді жай және тездетіп алғандағы ауатолқынының көлемді жылдамдығын қағазға жазады.
Лабораториялық тәсілдер


Қақырық зерттеу. Тексеруге ертеңгі қақырық алу керек. Қақырықты макроскопиялық және микроскопиялық жолмен тексереді. Макроскопиялық тексеру кезінде қақырықтың көлемін, түсін, иісін және түрін анықтайды.
Қақырықтың консистенциясына және түсіне байланысты түрлері :

  1. кілегейлі – түссіз (жедел бронхитте)

  2. серозды – түссіз, сұйық, көпіршікті ( өкпе ісінуінде)

  3. кілегейлі- іріңді ( созылмалы бронхит, өкпе туберкулезі)

  4. таза-іріңді – жасыл-сарғыш түсті ( өкпе абсцессі)

  5. қан аралас - өкпе туберкулезі, өкпе рагі, бронхоэктазда, өкпе ісінуінде ,

  6. «шоколад» түсті - өкпе гангренасында кездеседі.

Қақырық иісінің түрлері :

  1. жаман иісті - өкпе абсцессінде

  2. шірік иісті - өкпе гангренасында, өкпе ісігінде байқалады.

Қақырықта жиі кездесетін элементтер :



  1. Куршман спиралі –муциннен тұратын, ұзындығы 1-2 см спираль, бронх демікпесінде,

  2. Шарко-Лейден кристаллдарды –түссіз, сүйір бұрышты, жылтыраған ромбтар, бронх демікпесінде кездеседі.

  3. Қақырықта эритроциттің көбеюі қан қақыруына тән.

4. Өкпенің қатерлі ісігінде қақырықта «ісік клеткалар» пайда болады.
Бактериоскопиялық тексеруде қақырықты екі жолмен Циль-Нильсен және Грамм тәсілдермен бояйды және пневмококк, стрептококк, стафилококк, Фридлендер диплобацилласы, Пфейффер бацилласы, туберкулез микобактериялары табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет