Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері сұрастыру. Негізгі шағымдар


Өкпенің төменгі шегінің экскурсиясын анықтау



бет6/11
Дата28.09.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ПВБ дых каз

Өкпенің төменгі шегінің экскурсиясын анықтау.


Өкпе шетінің экскурсиясын анықтау үшін қолтық ортаңғы немесе артқы сызықтар бойынша өкпенің төменгі шегін анықтайды. Науқас ауаны терең алып, сыртқа шығармай ұстап тұруын сұрайды. Бұл мезгілде дәрігер өкпенің шегін тез қайталап анықтап, белгілеп қояды. Содан кейін ол демді сыртқа шығарып, сол күйінде дем алмай тұру керек. Бұл кезде дәрігер өкпенің шегін анықтап, белгілейді. Екі белгі арасының қашықтығы өкпе шегінің экскурсиясы болады. Қалыпты жағдайда өкпе шетінің экскурсиясы 6-8 см тең.




Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы.

Салыстырмалы перкуссияны өткізгенде де жоғарыда көрсетілген ережелерді қатаң түрде сақтау керек. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын төмендегідей реттілікпен орындау керек :


1. Өкпенің ұштарын салыстыру. Ол үшін плессиметр саусақты бұғанадан жоғары және оған параллель орналастырып перкуссиялайды. Екі жақтағы дыбысты салыстырып көру керек ;
2. Қабырға арасы кеңістікке орналасқан саусақ-плессиметрді қаға отырып, өкпенің алдыңғы жағының дыбысын салыстырады. Перкуссияны жүрек ойығына дейін ғана жүргізіледі.
3. Өкпенің арқа бетін перкуссиялау. Перкуссияны жауырыннан жоғары бастайды. Плессиметр саусақты жауырынынан жоғары және қабырғаларға параллель орналастырады. Жауырынаралық кеңістіктің дыбысын салыстырғанда плессиметрді омыртқаға параллель (қабырғаларға перпендикуляр) орналастырып, екі жақтың дыбысын салыстырады. Осылай перкуссиялай отырып, жауырын бұрышына дейін төмендейді. Жауырыннан төменгі жерде салыстырмалы перкуссияны плессиметр саусақтың горизонталь күйінде (қабырғаға параллель) жүргізеді.

Қалыпты жағдайда өкпе үстінде айқын (анық) өкпе дыбысы анықталады.




Өкпе дыбысының патологиядағы өзгерістері :

1. Тынық (жай) дыбыс - өкпе тінінде ауа азайғанда немесе плеврада сұйықтық жиналғанда кездеседі (пневмония, өкпе туберкулезі, өкпе рагі, экссудативті плеврит);


2. Дабыл (қорапша) өкпе дыбысы - өкпе кеңігенде және серпінділігі жойылғанда кездеседі ( өкпе эмфиземасы) ;
3. Тимпанды дыбыс - өкпеде қуыс пайда болғанда кездеседі ( өкпе туберкулезі, өкпе абсцесі);




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет