Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері сұрастыру. Негізгі шағымдар



бет3/11
Дата28.09.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ПВБ дых каз

ҚАРАУ

ЖАЛПЫ ҚАРАУ.
Өкпе ауруының көбінде адамның санасы бұзылмайды. Тек өте жоғары қызуы бар және жалпы интоксикация белгілері бар адамдарда саңдырақ және галлюцинация (жоқты көру) байқалады. Бұл негізінен крупозды пневмонияда кездеседі.


Аурудың төсектегі қалпы :

Мәжбүр (не амалсыз) қалпы жиі кездеседі :


а) құрғақ плевритте кеудедегі шаншуды азайту үшін науқас ауыратын
жағына жатуға мәжбүр;
б) қатты демікпеде науқас ортопноэ қалпында (аяғын кереуеттен
түсіріп жіберіп, қолымен кереуеттің шетіне сүйеніп отыру) отыруға
мәжбүр. Бұл қалыпта өкпеге қан келу азаятындықтан және тыныс
алуға қосымша тыныс бұлшық еттері қосылатындықтан демігу
(ентігу) азаяды.
в) өкпеде іріңді қуыс пайда болатын ауруларда (бронхоэктазия ауруы,
өкпе іріңдігі т.б.) науқас сау жағына жатады. Бұл қуыстағы сұйықтық
бронхқа төгіліп, жөтелді күшейтіп, науқасты әлсіретеді. Сондықтан да
науқас ауыратын жағына жатуға мәжбүр (жөтел азаяды) болады.

Тері мен кілегей қабықтарының түстері:


а) цианоз бетінде, мұрнында - өкпе эмфиземасында, пневмонияда,


пневмоторакста, өкпе артериясының эмболиясында кездеседі ;

б) бозару - экссудативті плевритте, өкпеден қан көп кеткенде ;


в) ауырған жақтың бетінің қызаруы және ауыз айналасына, мұрын


үстіне, құлаққа шығатын ұшық (герпес) - крупозды пневмонияда
байқалады ; бозарған бетінің ұшында туберкулезде эритема
болады.
Аяқ-қолды қарау : Бронхоэктазия және өкпенің созылмалы іріңді ауруларында науқастың тырнағы «сағат әйнегіне», ал саусақтары «дабыл таяқшаларына» ұқсас болады. Созылмалы өкпе ауруларында жүрек шамасыздығы дамитындықтан бұл аурулардың денесінде ісік пайда болады.

Кеуде сарайын қарау.


Қалыпты жағдайда сау адамдарда кеуде сарайының үш түрі болады :




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет