Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері сұрастыру. Негізгі шағымдар



бет7/11
Дата28.09.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ПВБ дых каз

ӨКПЕ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ.

Өкпені белгілі бір реттілікті сақтап, фонендоскоппен, стетоскоппен және құлақпен тыңдайды. Өкпені тыңдағанда симметриялы жерлердің дыбысын салыстырып тыңдау керек.


Барлық дыбыс екі топқа бөлінеді :

  1. негізгі дыбыстар (шулар) – везикула тынысы, бронхиалды тыныс, қатаң тыныс, амфорикалық тыныс

  2. қосымша дыбыстар – сырылдар, крепитация, плевра үйкелісінің шуы.



Өкпені тыңдау реті : а) кеуденің алды


б) кеуденің арты







Негізгі тыныс дыбыстары.

Везикулалық тыныс. Демді ішке алғанда альвеола керіледі де, демді сыртқа шығарғанда босаңсиды. Осы қимылдарға байланысты альвеола қабырғасының керілу тербелісінен туатын дыбыс, везикулалық не альвеолалық тыныс деп аталады және демді сыртқа шығарған кезде айтқан «Ф» әрпінің естілуін еске түсіреді.


Везикула тынысының физиологиялық өзгерісіне күшеюі мен әлсіреуі жатады.
Везикула тынысының күшеюі – везикула тынысының қалыпты жағдайдағы күшеюі дене қызметі кезінде, арықтағанда және астениктерде, қызбада байқалады.
Везикула тынысының әлсіреуі:
1. физиологиялық жағдайда - гиперстениктерде ( май қабаты жақсы жетілгеніне байланысты дыбысты өткізбейді), өкпенің ұшында және төменгі бөлегінде естіледі.
2. патологиялық жағдайда - өкпе эмфиземасында, бронхопневмонияда, экссудативті плевритте, гидроторакста, гематоракста кездеседі.


Қатқыл (қатаң) тыныс. Демді ішке алу және сыртқа шығару фазаларының ұзаюынан және олардың қатаң естілуінен туатын дыбыс қатқыл дыбыс деп аталады. Ол бронхтардың өте тарылғанынан және өкпенің тығыздалғанынан туады (бронхопневмонияда).


Бронх тынысы. Дем алған кезде дауыс саңылауы арқылы өткен ауаның әсерінен туатын дыбыс желбезегінің тербелісінен пайда болады. Демді сыртқа шығарғанда дауыс саңылауы тар болатындықтан бұл фазада пайда болатын дыбыс та ұзағырақ және қатаң болып есептеледі. Сондықтан да демді сыртқа шығару фазасы бронх тынысында демді ішке алудан ұзағырақ болады, оның естілуі де қатандау және демді сыртқа шығарған кезде айтқан «Х» әрпінің естілуін еске түсіреді.
Қалыпты жағдайда бронх тынысын кеңірдек (трахея), көмей (гортань) үстінен, VII мойын және III-IV кеуде омыртқаларының үстінен тыңдауға болады. Бұл тыныс - өкпе қабынғанда, компресті ателектазда, өкпе рагінде, өкпе туберкулезінде кездеседі.
Амфора тынысы - бөтелкенің ауызынан үрлегенде пайда болатын дыбысты еске түсіреді. Жұқа қабырғалы ауасы бар үлкен қуыстар үстінде естіледі (өкпе абсцесі, туберкулез кавернасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет