нормастеникалық, гиперстеникалық, астеникалық.
Патологиялық жағдайда кеуденің түрлері :
Эмфиземалық түрі – кеуде сарайы “бошке” тәрізді, қабырға аралығы тарылады, мойыны қысқарады, бұғана үсті және асты шұңқыры тегістеледі, кеуде артына және бүйіріне кеңейеді.
Паралич ( немесе семген) түрі – не тегіс кеуде сарайы, ұзарады, тарылады, бұғаналары көзге көрінеді.
Рахит ( “тауық кеуде”) түрі – төсі алға қарай шығыңқы болады.
Воронка (“етікше кеуде”)тәрізді – төстің төменгі бөлігінде шұңқыр болады.
“Ладья” түрі – төстің жоғарғы бөлігінде шұңқыр болады.
Кеуде сарайының деформациялары :
Лордоз – омыртқаның алға қисаюы.
Сколиоз - омыртқаның бүйіріне қисаюы
Кифосколиоз - өкпе туберкулезінде, рахитте кездеседі.
Дем алу түрлері : Қалыпты жағдайда дем алудың үш түрі бар:
Ішпен дем алу , не диафрагмалық дем алу, еркектерге тән.
Аралас дем алу – ол қарт адамдарға тән.
Тыныс алу жиілігі.
Қалыпты жағдайда сау адам 1 минутта 16-20 рет тыныс алады. Тыныс алу жиіленуі – тахипноэ, сиреуі – брадипноэ деп аталады:
а) Қалыпты жағдайда тыныс алудың жиіленуі – күш түскенде, тамақ ішкеннен кейін және әртүрлі психикалық факторлардың әсерінен болады.
б) Патологиялық жағдайда дем алудың жиіленуі - экссудативті плевритте, пневмонияда, гемоторакста, пневмоторакста, миозитте, құрғақ плевритте, қабырға сынғанда, невралгияда кездеседі.
в) дем алудың сиректенуі – мидың қатерлі ісігінде, миға қан құйылғанда, менингитте, уремияда кездеседі.
Кеуде сарайының ПАЛЬПАЦИЯСЫ.
Кеудені сипап қарағанда :
кеудеде ауыратын жерлер – миозитте, қабырға аралық невралгияда, қабырға сынғанда анықталады;
дауыс дірілін анықтайды;
кеуденің эластикалық (серпінділік) қасиетін анықтағанда, оны екі жақтан қысқанда иілгіш келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |