Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет22/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105
Terapia

Науқастың күтімі
Науқас төсек тәртібін сақтау керек, өйткені қимыл-қозғалыс жүрекке күш түсіреді.
Науқастың тұз бен суды шектеуін бақылау.
Күнделікті тәуліктік диурезді өлшеу.
Пульсті санау, температураны өлшеу.
Науқастармен демалу және тамақтану тәртібін сақтау туралы әңгіме жүргізу.


Жүрек ақаулары

Жүрек ақауы- бұл жүректің қақпашалық аппаратының кемістігі. Ақаулар жүре пайда болған және туа біткен болады. Екі түрге бөлінеді: стеноз – тесіктің тарылуы, шамасыздық – тесіктің толық жабылмауы.


Жүре біткен ақауларының себебі:
Ревматизм. (80%).
Созылыңқы септикалық эндокардит, атеросклероз, мерез.
Ең жиі кездесетін ақаулар –митральді және аорта қақпашаларының ақаулары.

Митральді қақпашаның шамасыздығы.
Қақпаша тесікті толық жаппағаннан, қанның біраз бөлігі қайтадан жүрекшеге қайтып барады, келесі систолада сол жақ қарыншаға көбірек қан келеді, сондықтан оның қабаттары қалыңдап гипертрофиясы дамиды, ұзақ уақыт қанды айдауға шамасы келеді (компенсация кезеңі), науқастың жағдайы қанағаттанарлық, көп жылдар олар шағымданбайды. Сол жақ қарыншаның жиыру қызметі төмендегенде қан өкпеге іркіледі, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы және үлкен қан айналым шеңберінде декомпенсация дамып аурудың клиникалық белгілері пайда болады.
Физикалық күш түскенде ентігу, жүрек қағу, жүрек тұсында ауырсыну, әлсіздік.
Қарап тексергенде: жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, сол жақ қарыншаның ұлғаюы. Аускультацияда жүрек ұшында І тон әлсіреген, өкпелік артерияда ІІ тонның акценті, жүрек ұшындағы шу қолтық астына таралады.
Митральды стеноз.
Қақпаша жармалары бітісіп тесігі тарылады, сондықтан қан сол жақ жүрекшеден қарыншаға толық өте алмайдыда, жүрекшенің гипертрофиясы дамиды, өкпелік артерия жүйесінде қысым көтеріліп, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы дамиды, одан кейін үлкен қан айналым шеңберінің декомпенсациясы дамиды.
Тесік екі есе рет тарылғанда науқаста алдымен күш түскенде, кейін тыныштықта ентігу, жөтелу, кейде қан қақыру, жүректің қағуы, шалыс соғуы, жүректің ауырсынуы пайда болады.
Қарап тексергенде: ерін-мұрын ұшының цианозы, бетінің ұшы қызарыңқы – көкшіл (митральді көбелек), жүрек демікпесінің ұстамалары, яғни өкпе шемені бола бастайды.
Жүрек ұшының түрткісі әлсіреген, пальпацияда “мысық пырылы”, эпигастрийде пульстің соғуы көзге көрінеді, І тон күшейген, ІІ-тоннан кейін диастолалық шу естіледі. өкпеде қан іркілудің белгілері: өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет