Диагностикасы: холестериннің мөлшерін анықтау және шағымдарына қарай зерттеу.
Атеросклероздың емі.
1. Атеросклероздың қауіпті факторларын жою және салауатты өмір салтын ұстанудың шаралары:
темекі тартуды доғару;
гиподинамиямен күресу – жаяу жүру, шаңғы тебу, суда жүзу, дене жаттығуларымен шұғылдану; дене қызметінен қандағы антиатерогенді ЛП деңгейі жоғарылап, атеросклероздың дамуы тежеледі;
дене салмағын жеңілдету;
қатты диабетті, артериялық гипертензияны тиімді емдеу;
үй тұрмысында, жұмыста психологиялық қолайлы жағдай жасау, психотерапияны қолдану.
Емін құрастыру үшін тексерілген адамдарды, холестерин деңгейіне және ЖИА –ның қауіпті факторларына қарап, 3 топқа айырады:
1- топ. Холестерин деңгейі 5,2 ммоль/л шамасындағы адамдар. Бұлардағы атеросклероздың қауіпті деңгейі 5,2 ммоль/л шамасындағы адамдар. Бұларды атеросклероздың қауіпті факторларымен, тиімді тамақтану жолдарымен таныстырып, зиянды факторлармен күресуді үйретеді және мезгілімен қанындағы холестериннің деңгейін тексерткізіп тұрады.
ІІ – топ. Холестерин деңгейі 5,2-6,2 ммоль/л шамасындағылар. Ем тәртібі ЖИА болу – болмауына және қауіпті фактордың санына қарай түзіледі:
А) егер тексерген адамда ЖИА жоқ, бірақ қауіпті фактордың біреуі болса, онда диетотерапияның бір өзін қолданады;
Б) егер ЖИА болып және онымен бірге қауіпті фактордың екеуі немесе одан көбі болса, липопротеиндерді толық зерттейді, әсіресе төмен тығыздықты липопротеиндер құрамындағы холестериннің деңгейін (ТТЛП ХС). ТТЛП ХС биік болса, онда диетотерапиямен бірге дәрмектік емді қолданады.
ІІІ – топ. Холестерин деңгейі 6,2 ммоль/л –ден жоғары адамдар. Бұларға міндетті түрде диетотерапиямен бірге дәрмектік гиполипидемиялық емді қолданады.
Атеросклероз диетотерапияның басты принциптері. Емнің басты тәсілі – диетотерапия. Атеросклерозды зерттейтін еуропалық қоғамның сарапшылар тобы (1987) липопротеиндердің алмасуын қалпына келтіретін диетаның жеті “алтын” ережесін жариялады:
Майлардың мөлшерін азайту.
2.Гиперлипидемияның дамуына септігін тигізетін қаныққан май қышқылдарының мөлшерін күрт азайту (мал етінің майын, сары майды, қаймақты жұмыртқаны).
Қанықпаған май қышқылдарын бай тағмдарды кеңінен тұтыну
3.Клетчаткаға бай және күрделі көмірсүлары мол (көкөніс, жеміс) тағамдарды молынан тұтыну.
4.Тағам дайындағанда сары майдың орнына өсімдік майын тұтыну.
5.Ас тұзының тәуліктік мөлшерін 5-8 г дейін шектеу.
Осы ережелерге № 10 емдәм сай. Оның құрамында мал етінің майы, қарапайым көмісулардың, ас тұзының мөлшері шектелген және антиатерогендік заттар, мәселен өсімдік майы, өсімдік клетчатка, липотропты заттар көбейтілген.
Диетотерапияда клечатканың мөлшеріне көп мән беріледі. Клетчатка, әсіресе оның суға еритін түрлері (лигнин, пектин) ішек бойында холестериннің сіңуін тежейді және оның нәжіспен экскрециясын арттырады.
Емдәмінің химиялық құрамы: белоктар –90-100г (50%ы малдың); майла – 70г (оның 1/3-і өсімдік майы); көмісулар – 350-400г (қарапайым көмірсулар –30г); энергиялық қуаты –2400-2500 ккал.
Семіздікте № 10 диетаның калориясы азайтылған түрін қолданады (белогы) –90г, майы –70г, көмірсулары – 250г, энергиялық қуаты –2000 ккал).
Тұтынуға ұсынатын тағамдардың түрлері:
Қара нан, кебегі мол ақ нан, ұнның ІІ сортынан пісірілген нан;
Түрлі вегетариандық сорпалар: көкөністен, жемістен, жармадан жасалған, сүтке пісірген, щи, қызылшалық т.б.
Малдың, құстың майсыз дайындалған арық еті;
Балықтың арық түрі (майсыз дайындалған);
Сүт және сүт өнімдері: піскен сүт, ашытқан сүттің өнімдері, майсыз сүзбе, сүзбеден жасалған тағамдар (қаймақтың мөлшері қатаң шектеледі);
Жұмыртқа: күніне 1 жұмыртқадан (белоктық омлет түрінде);
Жармалар мен макарондық тағамдар: суға, сүтке пісірілген ботқалар, пудинг, т.б.
Көкөністің барлық түлері (шикі, піскен), тек атқұлақ, саумалдық, ірі бұршық, саңырауқұлақтардан басқасы;
Жеміс-жидектер және олардан дайындалған сусындар (жүзім шырынынан басқасы);
Сусындар: сұйық шай, сүт қосқан кофе, итмұрын, тұндырмасы, су қосқан жеміс – жидек шырындары;
Майлар: тоң майлар рационға қосылмайды; майдың 1/3 немесе 2/3 өсімдік майы түрінде беріледі.
Тыйым салынатын тағамдар: еттің, құстың, балықтың, саңырауқұлақтың қою сорпалары; тұздалған, қақталған тағамдар; қой, шошқа етінің майы; шомыр, шалғам, ірі бұршақтар, тұзды балық, консервілер, ақ ұннан жасалған кулинарлық тағамдар, уылдырық, шошқа мен қойдың майлы еті , салями, тәтті тағамдар.
Атеросклерозды зерттеу Еуропалық қоғамның 1987 жылы тұжырымы бойынша дәрмектік емді диетамен қоса холестерин деңгейі 6,5 ммол/л болған кезде жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |