Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит


Артериальды гипертензия. (Гипертония ауруы)



бет29/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105
Terapia

Артериальды гипертензия. (Гипертония ауруы)


Артериальды гипертензия – артериялық қысымның реттеуіне қатысты мүшелердің зақымдануына байланыссыз дамитын артериялық гипертония. (АГ).
АГ-ның басты белгісі қан қысымының көтерілуі. АГ еркектердің 39,2 %-да әйелдердің 41,1 пайызында анықталады және жас ұлғайған сайын бұл синдромның саны да көбейе түседі.
АГ синдромының 77- 88 % -ы гипертония ауруының меншікті үлесіне тиеді. Соншалықты кең таралуынан бұл ауру “Адамзат тарихындағы инфекциялық емес пандемия” ретінде қаралуда.
АГ синдромы адамның өміріне тікелей қауіп төндіреді. Оған шалдыққан 40 жастағы адамдар өмірінің орташа ұзақтығы небәрі, шамамен, 9 жыл құрайды. Бұл науқастарда жалпы өлім саны 2- 5 есе, ал жүрек тамыр ауруларынан өлім 2-3 есе жоғары. Систолалық артериялық қысымның әр 10 мм биіктеуі ми инсультін 10%-ға арттырады.
Этиологиясы. Қазіргі кезде АГ –ның даму себептері толық анықталмаған, оның дамуына әкелетін ықпалдар ғана белгілі.

  1. Тұқым қуалауға бейімділік. Егерде баланың ата-анасыда да АГ болса, онда балада даму мүмкіндігі 3 есе артық.

  2. Нервілік – психикалық жарақаттар. (эмоциялық стресстер). Негізінде, АГ-ң теріс эмоцияларын тежей алатын ұстамды, жігерлі адамдар да жиі дамуы байқалған.

  3. Кәсіптік зияндылықтар: құлаққа, көзге зейін қоюға көп күш түсуі, мәселен диспетчерлер, шулы цехтарда жұмыс жасайтындар.

  4. Тамақтанудың ерекшеліктері: тұзды тағамға әуесқойлық, кальцийдің, магнийдің жетіспеушілігі. АГ мен сырқаттанатындар ас тұзын тәулігіне 25-30 гр-ға дейін қолданатыны анықталған. Бұлардың көпішілігі, тұз дәміне сезімталдығының төмендігінен, тағамды үнемі қосымша тұздауға әуес.

  5. Эндокринді факторлар: егде жастағы эндокринді өзгерістер салдарынан шалдығу (климакс шағы).

  6. Зиянды әдеттер: шылым шегу, ішімдікке салыну (арақ ішкеннен кейін сау адамның өзінде де АҚ 20-30 мм с.б.биіктейді.



  7. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет