Аорта қақпақшасының шамасыздығы.
Аорта қақпашаның жармалары аорта сағасын толық жабуға шамасы келмегенінен диастола кезінде біршама қанның сол қарыншаға кейін оралуына алып келетін ақау.
Белгілері: стенокардия сияқты төс артында ауырсыну, жүректің қағуы, талып қалуға бейімділік, тері қабаттары бозарған, ұйқы артериялардың соққысының күшеюі - “каротидтер биі”. Жүрек ұшының түрткісі төмен солға қарай жылжыған 6-7 қабырға аралықта, Боткин нүктесінде және ІІ қабырға аралықта оң жағында диастолалық шу күшейген. Систолалық қысым көтерілген, диастолалық қысым төмендеген, кейде нольде, пульстік қысым үлкейген. Мысалы: 140/20 мм. сын. б.б.. Сондықтан пульс жиі, жылдам, биік. Жүрек рентгенінде аортальді конфигурация, үлкен сол жақ қарынша жіңішке белмен.
Жүректің әр ақауы декомпенсация кезеңімен, яғни созылмалы қан айналым жетіспеушілігімен аяқталады.
Емі:
Төсек тәртібі, № 10 емдәмі, тұз жєне сұйықтық шектелген.
Жүрек гликозидтері: диогоксин таблеткада, корглюкон, строфантин к/т баяу.
Несеп шығаратындар: лазикс, фуросемид.
Хирургиялық ем – қақпашалардың протезін қою.
Ревматизмі бар науқастардың күтімі
Пациенттің проблемалары
|
Науқасты күтүде мейірбикенің ісі
|
1.Ревматизм асқынулары және жүрек ақаулары дамуы туралы білу.
2. Ревматизмнің өршуіне әкелетін факторларды білу
3. Ревматикалық шабуының белгілерін білу, өйткені дер кезде дәрігерге қаралады,
4.Бициллинопрофилактиканың қажеттілігіне сену
5.Дәрілерін үзбеу қабылдау қажеттілігі (әсіресе асқынған кезде)
6. Емхананың кардиоревматологиялық кабинетінде тіркеуде тұру қажеттілігі.
|
1.Әңгімелесу жүргізу;
А) тамақтану, енбек, демалыс тәртібін сақтау туралы,
Б) кардиоревматологиялық кабинетінде тексерулерден өтіп тұру
В) енбек тәртібін сақтау маңызы туралы,
Г) асқынған кезде міндетті түрде дәрілерді қабылдау туралы.
2.Емдәмді сақтауын және дәрілерді үзбей қабылдауын бақылау.
3.Дене салмағын және диурезін бақылау
4.Ревматизмге қарсы терапияны көтере алатынын бақылау және медикаменттік асқынулардың белгілерін білу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |