АГ-ның диагностикасы.
зәр анализі;
қанның жалпы жайылма анализі;
Қан құрамындағы калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестеринді анықтау.
12 тіркемедегі ЭКГ.
Көз түбін қарау.
Артериальді гипертензияның емі.
Дәрмексіз ем шаралары:
Ас тұзын 3-4 граммға дейін, сұйықтықты 1,2 – 1,5, литрге дейін шектеу.
Дене салмағын қалпына келтіру.
Шылым шегуді доғару.
Ішімдікті доғару.
Тиімді диетотерапия: қаныққан майлары бар тағамдарды қатаң шектеу.
Дене қимылын арттыру: аптасна 3-4 рет 30-45 минуттан жылдам жаяу жүру, суда жүзу тиімді.
Эмоциялы стрестерді болдырмау.
Дәрмектік ем.
Емді бір дәрмектен және минимальді дозада бастайды.Бір бастаған емді үзбей, өмір бойы жұргізеді. Курстық үзбелі ем мүлдем қолданылмайды.
Қазіргі уақытта АГ-ның еміне қолданылатын негізгі препараттар тобы:
1.Диуретиктер: АҚ-ны төмендету мақсатында ең жарамды болып табылған-тиазидтік диуретиктер.Гипертензияның емін егерде кері көрсеткіштер болмаса, (подагра, қант диабеті) көбіне осы препараттардан бастайды.Бұл препараттар ағзадан артық сулармен тұздарды шығарады. (гипотиазид, триампур, фуросемид, верошпирон).
2.Бета-адреноблокатор: бұл препараттар жүректің жиырылу қуатын, соғу санын, шығару көлемін төмендетеді, осылайша жүрекке түсетін күшті кемітіп, оның оттегіге сұранысын азайтады (анаприлин, атенолол, бисопролол, метопролол).
Кальций антогонистері: Бұл топтың препараттары қан тамырларды кеңітетін әсерінен перифериялық тамырлардың көлемін кеңітеді (веропамил, нифедипин).
Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары: бүйрекке тигізетін әсерлері – бүйрек артериясын кеңітуі, шумақішілік перфузиялық қысымды төмендетуі арқылы гиперфильтрацияны азайтады.Сондықтан шумақтық гиперфильтрация болатын жағдайларда, мәселен қантты диабетте, қолданған ұтымды.
Достарыңызбен бөлісу: |