АГ нысана - мүшелердің зақымдануына қарай сатылары:
1- сатысы ішкі мүшелер зақымдануының объективті белгілерінің болмауы, тек АҚ биіктеуі.
ІІ-сатысы “нысаналық мүшелердің, ең болмаса біреуінде, зақымдану белгілерінің пайда болуы:
сол қарыншаның гипертрофиясы (рентгенография, ЭхоКГ және ЭКГ мәліметтерімен дәлелденген);
тамырлардың жалпылама және жергілікті тарылуы, мәселен көз түбінің;
оқта – текте протеинурияның болып тұруы немесе қан плазмасында креатинин деңгейінің өтпелі түрде сәл биіктеуі.
УДЗ немесе радиологиялық зерттеу арқылы атеросклероздық түймедақтардың анықталуы.
ІІІ – сатысы. Атеросклероздың дамуынан “нысана мүшелердің” ишемиялық зақымдануының көптеген белгілерінің пайда болуы: жүрек жағынан – ЖИА, бас миы жағынан- энцефалопатия инсульт; көз түбінен - тор қабыққа қан құйылуы; бүйрек жағынан - бүйрек шамасыздығы; тамырлар жағынан – ажырамалы аневризма.
Клиникалық көрінісі. Қазіргі кезде АГ –ні сатыларға бөлу жіктемесі істен шыққан, бірақ клиникасын сатылы түрде суреттеу, аурудың даму динамикасын жақсы ұғынуға мүмкіндік береді.
І сатысы – бұл кезде сырқаттың белгілері жұпыны. Клиникалық белгілері тез пайда болып, тез басылады. Көбіне ауыратыны – шүйде, төбе аймағы және желке тұсы. Анда- санда мұрын қанауы мүмкін, қатты дыбысты, шуды, жарқыраған жарықты жақтырмау. Бұл кезде науқастардың көбі ауруға шалдыққанын аңғара қоймайды. Бұл сатыда САҚ 160-179 мм. с.б. ДАҚ 95-104.
Дем алып тыныққанда АҚ өз-өзінен қалпына келеді. Ішкі мүшелер зақымданбайды.
ІІ – сатысы. Бұл кезде белгілер айқын. Науқастар басының жиі ауруына, айналуына, жүрек тұсының шаншуына, жұмысқа жарамсыздығының төмендеуіне, ұйқысыздыққа шағымданады. Кейбір науқастарда АҚ тербеліп тұрады, бірақта қалыпты деңгейге түспейді. Бұл сатыда гипертония криздері жиіленеді. Жүректе сол қарыншаның гипертрофиясы пайда болады. Аортаның үстінен 2-ші тонның акценті байқалады.
ІІІ – сатысы. Бұл сатыға АҚ-ның аса биік деңгейге тұрақты көтерілуі тән: САҚ 200-229, ДАҚ –115 –129. Бұл сатыда нысаналық мүшелер ауыр түрде зақымданады: миокард инфарктысы, сол қарынша шамасыздығы, ми инсульті, бүйрек шамасыздығы, көздің торқабығына қан құйылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |