ЖИА –ның жаңаша жіктемесі
Клиникалық түрлері
1Кенет коронарлық өлім.
2. Стенокардия
2.1. Күштемелік стенокардия
2.1.1. Алғаш пайда болған стенокардия
2.1.2. Тұрақты стенокардия.
2.1.3. Үдемелі, күштемелік стенокардия
2.2. Спонтамды стенокардия
3. Миокард инфаркты
4. Постинфарктты кардисклероз
5. Қан айналым шамасыздығы
6. Жүрек ырғағының бұзылысы
7. Ауырсынусыз (мылқау) ишемия
8. Микроваскулярлық (дистальдік) ишемия
9. Жаңа ишемиялық синдромдар
Стенокардия
Стенокардия (жүрек қыспасы) - миокардтың өтпелі ишемиясынан дамитын клиникалық синдром.
1768 жылы Геберден бұл коронарлық синдромның клиникалық көрінісін суреттеп “angina pectoris” – жүрек қыспасы терминін ұсынған.
Стенокардияның басты белгісі - төс артының, әсіресе жоғарғы бөлігінің қысып, ашып ауыруы. Науқастардың көбі төс артындағы сезімдерін жүрекпен байланыстырмайды, сондықтан науқасқа ауыратын жерін қолымен көрсеткізіп алу керек. Кекйде ауырсыну төстің сол жағында, жүрек тұйықтығында немесе иық буынынан бастап сол қолда орналасады. Науқастар көбіне ұстама кезіндегі ауырсынуды суреттеуге сөз таппай оны салмақ бату, күйдіру, төске қазық қаққандай сезімдеріне ұқсатады.
Ауырсыну сол иыққа, әрі қарай білекке, қол ұшына және шынашақтың, алақанның бетіне тарайды.Кейде ауырсыну мойынға, жақ астына, бетке, құлаққа беріледі. Науқастардың бір қатарында ауырсыну сол жауырынға, жауырын аралығына, кейде оң иыққа немесе екі иыққа, құрсақтың жоғарғы немесе төменгі аймағына таралады.
Ангинальдік синдромның тағы бір ерекшелігі: үрейлену, өлім қорқынышы билеуі, құқылдану немесе тері жалылғысының қызаруы, тахикардия, АҚ –ның уақытша биіктеуі немесе төмендеуі, ентікпе және аритмия, маңдайдың шып-шып терлеуі. Әдетте, ұстамалар физикалық күштемелерден болады және дамуына эмоциялық құбылыстар , ауа райының өзгерісі, тамаққа аса тою немесе салқын, мұздай тағамды ішу, темекі тарту, ішімдікке салыну септегін тигізеді.Бұдан басқа, артериялық қысымның биіктеуі, жүрек соғуының жиілеуі де, жүрекке күш түсіруінен, стенокардияның ұстамасын дамытады.
Әдетте стенокардия біртіндеп басталады.Басында кеуде қуысында жағымсыз сезінулер,сол қолдың оқта – текте ұюы, ентікпе, ұйқысыздық, экстрасистолия байқалады. Содан кейін күштемелік стенокардияның нағыз ұстамалары пайда болады. Науқас дене қызметін шектеп, нитраглицеринді қабылдауға көшеді.Аурудың өршүімен ремиссиясы біраз уақыт кезектесіп жүреді, бірақ жүре келе ремиссия кезеңдері қысқарады, дене қызметіне төзімділік төмендейді, ұстамалар тыныш күйде де бола бастайды, мәселен ауа райының өзгерісіне.
Объективті тексеруде: егер науқас жастау адам болса, оның бойында айтарлықтай өзгерістер табылмайды. Егде немесе кәрі жастағы науқастарды артеросклероздың белгілері байқалуы мүмкін: тері ксантомалары, аортаның немесе шеттік тамырлар артеросклерозының белгілері.
Диагностикасы. Тыныш қалыпта түсірілген ЭКГ – да айтарлықтай өзгерістер болмауы мүмкін. Ұстама кезінде немесе одан кешікпей түсірілген ЭКГ – да ишемияның белгілері болады.
Ұстаманы туғызатын күштеменің деңгейі әртүрлі. Оның деңгейін анықтау үшін арнайы орталықтарда кейбір қосымша көрсеткіштерді қолданады, мәселең велоэргометрия сынамасы (ВЭС). Ұстаманы туғызатын күштеменің деңгейіне қарай тұрақты күштемелік стенокардияның төрт функциялық кластарын(ФК) айырады
І ФК – науқастар үйреншікті физикалық күштемені жақсы көтереді. Ұстамалар үйреншіктіден артық күш салғанда пайда болады. Тегіс жермен орташа жылдамдықта жаяу жүру немесе баспалдақпен 2 қабатқа жоғары көтерілу ұстаманы туғызбайды. Коронарлық қанағым және миокардтың оттегіні пайдалануы тыныш күйдегіден 7 есе өсе алады. Науқас ВЭС 750 кг\мин, одан да артық қуаттылыққа төзе алады.
ІІ ФК – үйреншікті дене белсенділігі сәл шектеледі. Тегіс жермен орташа жылдамдықта 500 метрден артық жаяу жүргенде және баспалдақпен 1 қабаттан артық көтерілгенде ұстама пайда болады. Метеосезімталдық байқалуы мүмкін, мәселен салқын желді күндерде, әсіресе желге қарсы жүргенде ұстамалар пайда болады. Науқастардың бір қатарында ұйқыдан тұрған кезде, эмоция құбылыстарында ұстамалардың жиіленуі байқалады. Коронарлық қанағым мен миокардтың оттегіні пайдалануы тыныш күйдегідей 4-5 есе өсе алады.
ІІІ ФК – Үйреншікті дене белсенділігі едәуір шектеледі. Орташа жылдамдықта тегіс жермен 100 - 200 метр жаяу жүргенде, баспалдақпен бір қабатқа көтерілгенде ұстама болады. Күштемелік стенокардияның ұстамаларына тыныштық стенокардияның ұстамалары қосылуы мүмкін.
ІV ФК – науқастың физикалық белсенділігі күрт шектелген. Үй тұрмысының жеңіл қызметінде немесе орташа жылдамдықта тегіс жермен жаяу жүргенде 100 метрге жетпей ұстамалар болып тұрады. Сонымен қатар күніне бірнеше рет тыныш күйдегі стенокардияның ұстамалары болуы мүмкін.
Стенокардияның емі.
Жедел жәрдем:
1.Физикалық – психикалық тыныштық.
2.Қан қысымын өлшеу, пульсін қадағалау.
3. ЭКГ түсіру
4. Валидол – 1 таб, нитроглицерин – 1таб тіл астына немесе 1% нитроглицерин ерітіндісінің 4 тамшысын қантқа тамызып тіл астына беру.
Нәтиже болмаса нитроглицеринді 3 – 5 минут сайын беру, 4 таблеткадан артық беруге болмайды, өйткені тамырлар кеңейіп қан қысымы төмендеп, коллапс дамуы мүмкін.
1таблетка аспиринді шайнау (тромбоасс, кардиомагнил, кардиоаспирин).
Ауырсынуды басу үшін 5мл баралгин, кетонал, кетотоп, трамадол, декстанол.
Егер нәтиже болмаса нифедипин 0,02 тіл астына немесе молсидомин 0,002 егер 30 минуттан кейін ұстама басылмаса науқасты стационарға жеткізу
Стенокардия ұстамасын алдын алуға арналған әсері ұзартылған нитраттар: Сустак, Нитронг, Нитрогранулонг, Нитрособит, Изосорбит мононитрат, “ Изокет ректард - 20”. Кардикет ретард, Нитромак ретард, Эфокс – лонг, Триметазидин таблеткалар түрінде. Дәмектің түрі мен дозасын стенокардияның түріне сәйкес тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |