Миокард инфарктының жедел кезеңінде аурудың күтімі
Қатал төсек режимі. Бірінші күні ауруды мейірбике тамақтандырады. Дәрігер рұқсат бергеннен кейін, науқас төсекте отырып өзі тамақтанады. Ауыр науқастардың тері жамылғыларын қадағалай керек. Одеколон және спиртпен сүрту, зәр шығауын қадағалау, тазарту клизмаларын жасау. Науқастың үй- ішімен қарым- қатынасы медицина қызметкері арқылы болу керек.
Диспансеризация. Науқастар ЖИА ауруымен диспансерлік бақылауға алынады. Жылына 3 рет тексеріледі. Невропатолог консультациясы жылына 1 рет. Зерттеулер: қан анализі, жалпы зәр анализі, ЭКГ жылына 1 рет. Санаторлы – курортты ем, жұмысқа орналастыру. Миокард инфарктында жедел түрде айына 1-2 рет, екінші айына 1 рет, екінші жылы ЖИА сияқты диспансерлік бақылауға қаралу. Зерртеулер қан анализі, жалпы зәр анализі, ЭКГ-жылына 2-3 рет, ЛФК- массаж, санаторлы-курортты ем, жұмысқа орналастыру.
Миокард инфаркті бар науқастардың күтімі
Пациенттің проблемалары
|
Науқасты күтүде мейірбикенің ісі
|
1. Ауруы туралы түсінік
2. Жүрек тұсында ауырсынуі
3.Ентігу
4.Физикалық күшінің төмендеуі
5. Антиангинальды препараттарды үзбей қабылдау қажеттілігі
6.Тамақтану, енбек, демалыс тәртібін сақтау қажеттілігі
7.Ауруына байланысты өмір сүруының өзгеруі
8. Миокард инфарктінің рецидив беру мүмкінділігі
|
1.Әңгімелесу жүргізу;
А) науқасқа түсіндіру асқынулар болуы туралы
Б) міндетті түрде дәрілерді қабылдау туралы
В) стенокардия ұстамалары өзгерген кезде дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы
2.Науқастың белсенділігін және қимыл тәртібін бақылау
3. Емдәмді сақтауын және дәрілерді үзбей қабылдауын бақылау.
4. Пациенттің жағдайының нашарлауын дер кезде анықтап дәрігерге хабарлау
5.Жүрек шамасыздығының дамуын байқау үшін науқастың үлкен дәретін және диурезін бақылау
|
Достарыңызбен бөлісу: |