Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет38/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105
Terapia

Асқынулары 1. Кардиогенді шок
2 Аритмиялар
3 Жедел жүрек жетіспеушілігі
4 Тромбоэмболия
5 Жүрек жарылуы


Миокард инфарктының емі.
Жедел көмек: Тез арада реанимация бөліміне жеткізу. Реанимация бөліміне жеткізу алдында ауырсыну синдромымен күресу, асқынулардың алдын алу.
Науқасты физикалық – психикалық тыныштандыру.
Қан қысымын өлшеу, пульсін қадағалау, тынысын қадағалау. ЭКГ – ге түсіру.
Ылғалды оттегін беру.
Миокард инфарктысы кезінде жай анальгетиктерден нәтиже болмайды, ауырсыны басылмайды. Сондықтан наркотикалық анальгетиктер қолдану қажет.2мл 1% морфин, 2мл 2% промедол немесе 2мл 2% пантопан 0,3-0,5 мл.
0.1 % атропин сульфат ерітіндісімен көк тамырға 1-2 мл трамадол ерітіндісін көк тамырға немесе бұлшық етке енгізу.
Жедел ауырсыну синдромында, қозу кезінде, қорқыныш кезінде анальегетиктер мен транквилизаторлар қолданады. 1мл 2% промедол немесе 1мл 1%морфин, 2мл 0.5% диазепам ерітіндісімен қосып,(седуксен, реланиум) көк тамырға баяу 10 мл 0.9 % натрий хлорид ерітіндісімен енгіземіз.
Нейролептаналгезия : 2-4 мл 0.25 % дроперидол 2мл 0.005 % фентанил ерітіндісін көк тамырға
Ингаляциялық наркоз: оттегімен және азот тотығын қосып беру .
Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін көк тамырға 10000 – 15000 ЕД гепаринді, 20 мл 0.9 %натрий хлорид ерітіндісімен қосып енгізу. Шайнап жұтуға аузына 325 мг аспирин беру.
Жүрек қараншаларының тахикардиясында, экстрасистолиясында және фибрилляциясында 4-6 мл 2 % лидокаин ерітінсісін көк тамырға 20мл 0.9 % натрий хлорид ерітіндісімен қосып өте жиі енгізу.
Жыпылықтау аритмия пароксизмін басу үшін көк тамырға 5 мл 10% новакаинамидті 20мл 0,9 % натрий хлорид ерітіндісін енгізу (егер гипотензиясы жоқ болса ) немесе 0,5 мл 0.05 % строфантинді 20 мл 0.9 % натрий хлорид ерітіндісімен енгізу.
Брадикардия кезінде 0,5 мл 1% атропин сульфат ерітіндісін немесе 1 мл 0.01 % алупент ерітіндісін көк тамырға ақырындап енгізу. Егер ырғақтығы қалпына келмесе электроимпульстік терапия жүргізу
Науқастың қан қысымын, ЭКГ, пульсін, тынысын үнемі қадағалау.
Егер жүрегі тоқтаса дефибриляция қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет