Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет43/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105
Terapia

Кардиомиопатиялар
Кардиомипатиялар деп этиологиясы белгісіз жүрек бұлшық еттерінің өзгеруімен байқалатын
ауруды айтады.
Миокардтың коронарогендік емес, себебі белгісіз ауруларын (Кардиомиопатия) терминін 1957 жылы тұнгыш W.Brigden ұсынған .
КМП –ның үш түрін айрады.
1.Дилятациялық:
2.Гипертрофиялық :
3.Рестрикциялық.
Дилятациялық кардиомиопатия
КМП-ның бұл түрі жүректің барлық қуыстарының аса созылып кеңуінен, әсіресе сол қарыншаның және систолалық айдау көлемінің күрт азаюынан жүрек шамасыздығының дамуымен сипатталады. Сонымен қатар ырғақ бүзылыстары мен тромбоэмболиялық асқынулар болады.
Клиникалық көрнісі: ДКМП –ның клиникалық көрнісі полиморфты, оның арнайы ерекше белгілері жоқ.Клиникалық көрнісінде орын алатын үш топ белгілері бар:
1. Дерттің ен алғашқы белгілері- жыбыр аритмия болуы мүмкін (көбіне науқас оны сезінбей жүре береді).Тағы бір ерекшелігі –тромбоэмболиялық асқынуларды жиі туғызуы.Оның себебі – жүрек ішінде(қабырға маңында) тромбтардың түзілуі.
2.Үлкен шенбердегі іркілісте оң қабырға астында бауырдың ұлғаюнан салмақ сезнеді және аяқ ісінеді, оң қабырға астының аурсынуы, бауырдың ұлғаюы ерте пайда болады.
3.Жүректін шығару көлемінен азаюнан, дене қалпын күрт өзгерткенде бас айналып, талып қалатын жағдайлар кездеседі. Науқастардың кейбіреуінде стенокардия синдромы болады. (әдеттегідей иррадиациясымен және нитроглицериннің емдік әсерімен).
Анамнезін нақты тексергенде: Осы аурудан 2-3 ай бұрын респирациялық аурумен аурып өткені анықталады. Ағымы ауыр, үдемелі. Ауру соңы науқас өміріне каупті (өлім).
Тексергенде: науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, ортопноэ қалпы, терінің құқылдануы, бет үшының цианозды қызғылттануы, мойын веналарының ісінуі, акроцианоз, аяақтардың ісінуі, асцит байқалады. Жүрек шеттерінің аса кеңеюі, жүрек тондары әлсізденеді, ІІІ тон естіледі, систолалық шудың болуы анықталады.


Гипертрофиялық кардиомиопатия
Гипертрофиялық кардиомиопатия (ГКМП) –Қарыншалар қабырғасының (көбіне сол қарыншаның) аса қалыңдап, гипертрофиялануымен , осыдан қарыншалар қуысының тарылуымен жүретін, жүректің себебі белгісіз ауруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет