Жедел тамыр жетіспеушілігі.
Естен тану – миға қан жетіспеу салдарынан, қысқа уақытқа сана жоғалуымен сипатталатын жедел тамыр шамасыздығы.
Себептері:
Жедел, қатты ауырсыну, қорқу, ауа жетпеу, қобалжу.
Жүрек-қан тамыр аурулары (жүрек ақауы).
Физикалық – психикалық күш түсу.
Жұқпалы аурулар.
Ішкі мүшелерден қан кету.
Клиникалық белгілері: Кенеттен әлсіздік болады, бас айналу, көзінің қарауытуы және көздің алдында «шіркей» ұшқандай болады. Аяқ-қолдың ұюы, сонымен қатар бұлшық еттің әлсізденуі және естен тану дамиды. Науқас ақырындап отырады, тері қабаты бозарады, аяқ-қолдың суықтануы сирек беткей дем алу, ҚҚ төмендейді, пульсі әлсіз. Естен тану жәй кезде өз бетімен тарайды, бірақ науқасты тезірек қалпына келтіру үшін келесі шараларды жүргізуі керек.
Жедел көмек:
Науқасты жатқызып, аяқ жағын көтер.
Кеудедегі киімін босат (жағасын, белін).
Таза ауамен желдету.
Бетіне, кеудесіне суық су бүркіп, бетінен шапалақтап, атын дауыстап шақыр.
Мүсәтір спиртін иіскет, 9% сірке суымен самайын ысқыла.
Аяғын ыстық жылытқышпен жылытып немесе қатты ысқыла.
Эффект болмаса, 2 мл сульфокамфокаин немесе 1 мл -1% мезатон енгіз.
Кейін амбулаторлы немесе стационарда естен танудың себебін анықтау үшін тексеру керек.
Коллапс – айналымдағы қан мен тамыр іші сыйымдылығы арасындағы қатынастың бұзылуымен байкалатын жедел тамыр шамасыздығы.
Себептері:
Инфекция (бактериальді, вирусты және басқалар).
Интоксикация (тағаммен токсикоинфекция, саңырауқұлақтармен улану және т.б.).
Гипо-гипергликемиялық жағдайлар.
Панкреатит.
Бүйрек үстінің жетіспеушілігі.
Сусыздану. Қан кету және басқа жағдайлар.
Достарыңызбен бөлісу: |