Этиологиясы:
1.Жүйке жүесінің қажуы
2.Стрестер
3.Интоксикациялар, уланулар, операциялар , соматикалық аурулар
Клиникалық белгілері:
Науқастардың жүрек тұсында жағымсыз сезімдер , аурулар пайда болады, ентігу, шаршау, жүректің жиі қағуы мазалайды.
Кардионевроздардың негізгі белгілеріне кардиалгия, қан қысымының жоғарлауы, жүрек ырғағының бұзылуы жатады. Ауру синдромы әр түрлі болып байқалады . Ауырсынулар кейде ұстама ретінде, кейде бірнеше күн қатарынан мазалайды . Бұл ауру тері сезімталдығының күшеюімен байқалады, ауру сол жаққа иррадиация береді. Науқастар көп сөйлейді, көп мазасызданады. Бұл кардиалгия кезінде нитроглицерин көмек көрсетпейді. Кейбір адамдарда ол ауру сезімдерін тіпті күшейтеді . Классикалық стенокардия ауруында нитроглицерин 1-2 мин ішінде көмектессе, бұл ауруда кейде 30-40 мин өткен соң ғана әсерін тигізеді. Валокордин , валериана, седуксен дәрілерін тәуір көреді .
Егер классикалық стенокардия күш түскенде немесе суық, желді күндері дамыса, неврозық стенокардия жазғы күндері тыныштық жағдайда дамиды . Қатты дем алғанда тез қимылдығанда ол күшейе түседі. ЭКГ-да өзгерістер болмайды нитроглицерин ұстама кезінде көмек көрсетпейді. Түсініксіз жағдайда коронарография жасайды.
Кардионевроздар кейде жүрек ырғағының бұзылуымен байқалады .
Өлімнен қорқу сезімі аритмияны одан сайын күшейтеді.
Науқастарда дем алу қиындап демігеді экстросистолиялар, тамыр дистониясы, артериялық гипертензия немесе гипотония байқалады . Олар кейде естен тануы мүмкін.
Емі
Науқастармен тіл табысу қиын Өткені олар (секемшіл) бірден сене қоймайды. Олардың шағымына дұрыс көңіл аударып, түгелімен тыңдау керек. Оларға бірден өміріне қауіп жоқ екенін айтудың да қажеті жоқ. Науқастың жағдайы жақсарғанда ғана оған (ақырындап) аурудың функционалды мінезді екенін түсіндіру керек.
Дұрыстап әңгімелесіп , көңілін аулау, жағдайы жақсарғанын есіне салу – бұның барлығы психотерапия болып саналады. Кейде дәрілік ем қолданған дұрыс. Ашуланғыш, қорқу, тынымсыз жағдайларда транквилизатор, седативті дәрілер қолданған жөн (седуксен, элениум).
Депрессия кезінде стимуляция жасайтын триксозин, седуксен дәрілерін аз дозада беру.
Жүрек қағысы жиілесе құрамында жүрек гликозиді бар өсімдіктерден жасалған дәрілер береді (ландыш тұнбасы, долана экстракты және т.б)
Экстрасистолия кезінде транквилизаторлар көмектеспесе, антиаритмиялық дәрілер береді . Тахикардияда b- адреноблокаторлар (обзидан) береді.
Физиопроцедуралар: булаулар (оттегі, родон, маржанды) электроұйқы, акупунктура жасау керек
Санаторлы – курорттық ем жүргізуі үшін Кисловодск , Қырым климаты өте дұрыс келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |