Тыныс алу жүйесінің аурулары. Бронхиттер. Бронхит



бет49/105
Дата03.12.2023
өлшемі308.1 Kb.
#485263
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105
Terapia

Этиологиясы. Негізгі себептері: Нelicobacter Рylori микробы, психикалық стресстер
Бейімдеуші факторлар:Тұқым қуалаушылық, созылмалы зат алмасу процесстері (қант диабеті, анемия т.б.), дәрі – дәрмектерді ұзақ уақыт қабылдау, өнеркәсіпшілік зияндар.
Клиникасы: Жалпы негізгі белгілері:
Диспепсиялық синдром; эпигастрий аймағында тамақтан кейін керу, құсу, тәбеттің өзгеруі, ауызда жағымсыз сезім.
Ішек диспепсиясы; метеоризм, құрылдау, іш өту, іш қатпасы
Астеноневротикалық синдром; ашуланшақтық, көңіл күйінің тез өзгеріп тұруы, канцерофобия, тез шаршап қалу, ұйқысының бұзылуы, әлсіздік.
Секрециясы төмендеген немесе мүлдем жоқ созылмалы гастритте. Эпигастрий аймағында ауырсыну, құсу, іштің керуі, ауызда жағымсыз сезім «шіріген жұмыртқадай», тәбетінің төмендеуі кейде мүлдем болмауы, ауамен кекіру, метеоризм, іш өту, гиповитаминоз белгілері.
Зерттеу: ФГДС- асқазанның кілегейлі қабаты жұқарған, бозғылт. Биопсияда- атрофиялық гастрит, дәнекер ұлпаға айналуы. Зондтауда- гипоцидті, анацидті жағдай: жалпы қышқылдық- 20-30 титр. ЕД. Рентгенде- эвакуация мен моторикасы төмендеген.
Секрециясы жоғарлаған немесе сақталған созылмалы гастритте. Тәбеті сақталған кейде жоғарлаған, қыжылдау, қышқылмен кекіру, эпигастрий аймағында күйдіру, қысу сезімі,ауырсыну тамақтан кейін жәй басталады,кейде аш қарынға,іш қату.
Зерттеу:Гастроскопияда- толақандылық(гиперемия), кілегейлі қабатының гипертрофиясы, дәнді тәрізді, ісінген. Биопсияда- әлсіз өзгерістер. Рентгенде- асқазанда үлкен қыртыстар байқалады превратниктің жиырылуы. Зондтауа - гиперацидті жағдай: жалпы қышқылдық 80-100 титр. Ед.
Емдеуі: Негізгі принциптері:
1.Емдәм: жаңа піскен нанды, кулинарлы тағамдарды, қуырған, ащы, ыстық, суық тағамдарды, алкогольді шектеу
2.Этиотропты ем: Антибиотиктер - амоксицилин, трихопол, ампициллин, ампиокс.
3. Жалпы жағдайын жақсартатын препараттар, витаминдер.
4. Физиотерапиялық процедуралар
5. Санаторлы - курорттық ем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   105




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет