Клиникалық бейнесі. Жалпы жағдайының аяқ асты нашарлауы, терісінің бозаруы, суық тер басады. Беті үшкірленеді, терісі мрамор түстес, еріндерінде цианоз. Дене температурасы төмендеген, науқас қимылсыз жатыр, тежелген. Есі сопорозды, дем алуы жиілеген, үстірт тахикардия, жүрек тондары айқын, қағып тұрады. Тамырлары жоғалып, қысымы төмендейді. Қан қысымының төмендеуі жағдайының ауырлығын білдіреді.
Жедел көмек: Коллапс себебін жою немесе әлсірету:
Науқасты шалқасынан жатқызып, аяқ астына жастық салып көтеріңдер, жылытқыш қойыңдар.
Ылғалданған оттегін бер.
ҚҚ өлше, ЖЖЖ, дем алу жиілігін бақыла.
Ыстық шай, кофе ішкіз.
9% натрий хлорид ертінідісін көк тамырға жалға оған 0,2% -1мл норадреналин, 1% - 1мл мезатон қос, сульфокамфокаин т/ а. Полиглюкин, реополиглюкин 400,0 мл көк тамырға.
Науқасты жылдам реанимацияға жеткіз.
Тасымалдаған кезде 60-90 мг преднизолон немесе 200-300 мг гидрокортизона сукцинат (солу-кортеф).
Қанды тоқтату үшін 10% -10 мл кальций хлорид көктамырға 5 мл гемофобин бұлшық етке 12,5% - 2мл дицинон көк тамырға баяу.
Кейінгі емдеу реанимация бөлімінде жүргізіледі.
Созылмалы қанайналым шамасыздығы
Созылмалы қан айналым шамасыздығы - жүрек-тамыр жүйесі созылмалы түрде мүшелер мен ұлпаларды тиісті қан мөлшерімен қамтамасыз ете алмауы.
Себептері:
Артериальді гипертензия.
Миокард инфарктісі.
Кардиомиопатиялар.
Жүрек ақаулары.
Миокардиттер, эндокардиттер.
Кардиосклероз.
Клиникалық бейнесі Созылмалы қан айналым шамасыздығының кезеңдері:
І – компенсация кезеңі – қалыпты физикалық күш түскенде ентігу және тахикардия, аяғында кешке қарай ісінулер.
ІІ – субкомпенсация кезең – сәл физикалық күш түссе ентігу, тахикардия, аяғында үнемі ісінулер, яғни ішінде, белінде , бетінде де, бауыры ұлғайған.
ІІІ – декомпенсация кезеңі – ентігу, тыныштықта тахикардия, ол тамақтан кейін, сөйлегенде күшее түседі. Денесі тұтас ісінген, асцит, бауыры үлкен.
Емі:
Төсек тәртібі, № 10 емдәмі, тұз және сұйықтық шектелген.
Жүрек гликозидтері: дигоксин таблеткада, корглюкон, строфантин к/т баяу.
Несеп шығаратындар: лазикс, фуросемид.
Хирургиялық ем – қақпашалардың протезін қою.
Достарыңызбен бөлісу: |