4. Оттегін балоннан беру. Оттегін тікелей баллоннан қолдану процедураны бірқатар жеңілдетеді және оттегімен емдеуді ұзақ уақыт бойы үзбей өткізуге мүмкіндік береді. Медициналық оттегі бар баллонның сыйымдылығы 40 л және 150 атм қысыммен газ тәрізді оттегі бар. Оттегі 2—3 атм қысыммен ғана қолдануға болатындықтан баллонға қысымды азайтуға арналған арнайы прибор редукторды жалғайды. Редуктордың қос камерасы мен екі манометрі бар, олардың ішінен баллонға жақын тұрғаны оның ішіндегі қысымды көрсетеді. Сондықтан манометрмен баллондағы оттегінің мөлшерін біледі. Төменгі қысым камерасына жасалған екінші манометр сырқатқа беріліп отырған оттегінің қысымын көрсетеді. Ол бұрандамен 1—2 атм-ға реттеп қойылады. Орталықтандырған жүйемен палаталарға оттегін беру неғұрлым ыңғайлы болып табылады.
Оттегі баллонын пайдалануда қысылған газ тәрізді оттегі маймен, тоңмаймен, мұнаймен жанасқанда оларға тез қосылып тұтанып жарылатынын есте сақтау қажет. Баллондар сақталатын бөлімде шылым тартуға қатаң тыйым салынады! Майланған ескі-құсқы заттарды оттегі бар баллондармен бірге бір бөлімде ұстауға болмайды. Оттегі қондырғыларына кіріп-шығып жүретін адамның қолдары, киімдері, аспаптары май және сырмен ластанбауы тиіс. Баллонды ұрып-соғудан қорғау қажет. Оны салқын жерге қабырғаға іліп тік қалыпта сақтайды. Баллонның вентилін ашқанда оған бетін қаратып тұруға болмайды, себебі көздің мырышты қабатына оттегінің күшті ағымы тисе, күйдіріп, көзді зақымдайды. Оттегі баллондары бар әрбір бөлмеде өрттен сақтану мақсатында қолайсыз оқиғаларды болдырмауға арналған өрт сөндіргіштер болуы тиіс.
Бірқатар ауруханаларда газ берудің неғұрлым қазіргі заманғы жүйесі бар. Бір орнындағы қондырғылар «М» белгісі бар және көк түске боялған бірқатар үлкен оттегі баллондарынан тұрады, себебі тек медициналық оттегіні пайдалануға болады. Олар күннің тікелей түсетін сәулесінен қорғалған, бөлек тұратын немесе аурухана үйінің сырт жағына (қабырғалас) орнатылған металл шкафта сақталады және темір қапсырмамен қабырғаға мұқият бекітіледі.
Оттегі орталықтандырмай берілетін ауруханаларда баллондарды сенектерде, жертөлелерде, палаталарда орнатады. Мұндай жағдайда өртке қарсы және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауда қиыншылықтар туады.
Достарыңызбен бөлісу: |