Сыртқы тыныс алу жүйесін тексеру
Жалпы клиникалық әдістер (сұрастыру, пальпация. Перкуссия және аускультация) адамның ағзадағы ауруларды анықтауға көмектеседі.
Сырттай тыныс алу жүйесін тексеру әдістері:
шағымдарды талдау;
физикалық тексерулер;
параклиникалық тәсілдер;
функциональды (қызметтік) сынамалар.
Негізгі шағымдар:
еңтігу, демікпе (ауаның жетіспеушілігінен қиналу);
жөтел;
көкірек қуысындағы ауырсынулар;
қақырықпен қан түкіру;
дене қызуының жоғарлауы;
әлсіздік, сырқаттану, тәбеттің төмендеуі.
Физикалық зерттеу тәсілдері тыныс алудың түрін (кеуделік, құрсақтық (диафрагмальдық), аралас) және жиілігін; өкпенің шекарасын, қозғалу деңгейін, өкпе тығыздылығын (қабыну кезіндегі) перкуссия арқылы болатын сипатын; құрғақ және ылғалды өкпе сырылдарын, плевраның үйкеліс шуларын анықтау.
Сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметтік жағдайы жалпы клиникалық тексерудің мәліметтері бойыншада, аспапты медициналық әдістер пайдалану арқылы бағалана береді. Сыртқы тыныс алу жүйесін талдау кезінде бірнеше аспектілерді қарастырып алған жөн: олар – тыныс алу қозғалысын қамтамасыз етуші аппараттың жұмысы, өкпе вентиляциясы және оның тиімділігі сондай-ақ газ алмасу.
Жүйелі спорттық қызметтің ықпалымен тыныс алу қозғалыстарын жүзеге асыратын бұлшық еттің күші ұлғаяды (диафрагмалардың, қабырғалардың аралығындағы бұлшықеттердің), осылардың арқасында спортпен шұғылдануға қажетті тыныс алу қозғалыстардың күшейуі жүреді, және осының салдарынан өкпеде ауа алмасу күшейе түседі.
Тыныс алу бұлшық еттерінің күші пневмотонометрияны, пневмотохометрияның, спирометр, спирография және өзгеде жанамалай әдістердің көмегімен өлшенеді. Пневмотонометр өкпеде күшенген сәтте немесе ширығып дем алған сәттегі қысымды өлшейді. Дем шығарудың күші (80-200 мм рт.см) дем алу «күшінен» едәуір есе асып түседі (50-70 мм.рт.см).
Пневмотахометр л/мин –да өрнектелетін екпінді дем алумен дем шығару негізіндегі ауа жүріп өтетені жолдардағы ағымының көлемді жылдамдығын өлшейді. Пневмотахометрия мәліметері бойынша дем алумен дем шығарудың қуаты жайлы қорытынды алады.
Достарыңызбен бөлісу: |