Тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайы



бет4/7
Дата09.11.2022
өлшемі58.69 Kb.
#464423
1   2   3   4   5   6   7
5 лекция ДС

қалдық көлем (ҚК) - максимальды тыныс шығарудан кейін өкпедегі ауаның қалдық көлемі (1-1,5 л) (20-30% ӨЖС-дан).

  • өкпенің жалпы сиымдылығы (ӨЖС) - максимальды тыныс алғандағы өкпедегі ауаның көлемі (5-6 л). ӨЖС – ӨТС мен өкпедегі қалдық көлемнің қосындысы.

    ӨКПЕНІ ЖЕЛДЕТУДІҢ қарқынды көрсеткіштері:

    • тыныс алу жиілігі (ТЖ) – 1 минуттық тыныс алу көлемі (тыныштықта 16-18/мин, спортшыларды – 8-12/мин, максимальды жүктеме кезінде 40-60/мин).

    • тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК)– тыныс алу көлемінің минуттық тыныс алу жиілігіне көбейтіндісі (тыныштықта 5-6 л/мин, қарқынды жүктемеде 20-25 есе артады 120-150 л/мин);

    • өкпені максимальді желдету (ӨМЖ) –«тыныс алу шегі» тыныс алу жүйесінің максимальді кернеуі кезінде өкпенің желдетілетін ауаның саны (40-нен 170 л/мин, спортшыларда - 200л/мин);

    • тыныс алу қоры (ТАҚ) - формула бойынша табылатын көрсеткіш: ТАҚ= ӨМЖ-ТМК. Тыныс алу қоры қалыпты жағдайда өкпені максимальді желдетудің 85% құрайды;

    • тыныс алудың мүмкіншілік қор коэффициенті (ТАҚК)- сыртқы тыныс алу жүйесінің қор мүмкіншіліктерін қамтитын көрсеткіш, келесі формуламен есептеледі:

    (ӨМЖ- ТМҚ) х 100
    ТАҚК = ______________________________.
    ӨМЖ
    ТАҚК 70% төмен болса, тыныс жүйесінің қызмет мүмкіншіліктерінің өте маңызды дәрежеге дейін төмендегенін көрсетеді.
    Сырттай тыныс алу жүйесінің қызметтік мүмкіншілігін анықтау үшін келесі көрсеткіштерді анықтайды:

    • өкпенің тіршілік сиымдылығын;

    • өкпені максимальді желдету;

    • пневмотахометр көрсеткіштері (тыныс алу мен тыныс шығару қуаттылығы);

    • сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметтік сынамалар нәтижесі.

    Спортшыларда ӨТС (өкпенің тіршілік сиымдылығы) есептеу үшін ең жиі қолданатын Людвиг формуласы:
    Ерлер: ҚӨТС (мл) = 40 х бой (см) + 30 x салмақ (кг) - 4400; (мұнда: Қ – қажетті)
    Әйелдер: ҚӨТС (мл) =40 x бой (см) + 10 x салмақ (кг) -3800.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет