Тыныс алу жүйесінің функционалдық жағдайы


Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)



бет3/7
Дата09.11.2022
өлшемі58.69 Kb.
#464423
1   2   3   4   5   6   7
5 лекция ДС

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) – тыныс алу жүйесінің ең маңызды көрсеткіші, бұл барынша дем алғанан кейін дем шығарған кездегі ауаның көлемі бойынша өкпенің жалпылама сыймдылығының бөлігі. ӨТС үш бөліктен тұрады: тыныс алу көлемі, тыныс алудың қор (қосалқы) көлемі, тыныс шығарудың қор (қосалқы) көлемі. Ол сулы немесе құрғақ спирометрдің көмегімен анықталады. ӨТС-ны анықтағанда тексерілетіннің тұрған қалпын ескеру қажет: дененің тік жағдайында бұл көрсеткіштің шамасы көбірек болады. Өкпенің жалпы сиымдылығы (ӨЖС) – ӨТС мен өкпедегі қалдық көлемнің қосындысы. Дені сау жас адамдарда ӨЖС-нің 75-80% ӨТС құрайды, қалғаның қалдық көлемі. Спортшыларды ӨТС-нің үлесі артады, өкпе желдетуі жақсарады.
Тыныс алу жүйесінің ауруларына негізгі параклиникалық диагностика әдістері:

  • өкпенің көлемін зерттеу, өкпенің желдеткіш қарқыныны мен тыныс алу механикасы;

  • рентгенологиялық зерттеу тәсілдері;

  • бронхыларды эндоскопиялық зерттеу тәсілдері (бронхоскопия);

  • зертханалық тәсілдер: қақырықты зерттеу.

ӨКПЕ КӨЛЕМІНің көрсеткіштері:

  • тыныс алу көлемі (ТАК) - тыныштықта бір тыныс алғанда өкпеге кіретін ауаның көлемі (орташа 500 мл құрайды, 300-ден 800 мл-ге дейін (спортшыларда – 900-1300мл), оның ішінде шамамен 150 мл өлі кеңістіктегі көмекейдегі, трахеядағы, бронхыдағы, газалмасуға қатыспайтын, бірақ ауамен араласып, ылғалдандырып және оны жылытады);

  • тыныс шығарудағы ауының қор көлемі (АҚКшығ) адамның тыныштықта шығаратын максимальді ауа көлемі (1000-1500 мл);

  • тыныс алудағы ауының қор көлемі (АҚКалғ) - адамның тыныштықта жұтатын максимальді ауа көлемі (2000-3000 мл);

  • өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)максимальды тыныс алғаннан кейін максимальды тыныс шығарғандағы ауаның көлемі. ӨТС ол тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы ауаның қор көлемдеріне және тыныс алу көлемінің қосындысы. Оның көлемі жынысына, жасына, дененің бойына және салмағына, көкірек қуысының көлеміне (3-4,8л). Орташа әйелдерде 2,5-4 л, ерлерде – 3,5-5 л. (75-80% ӨЖС-дан).



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет