Шынайы ӨТС-тің қажеттілікке (% - пен) келесі формула қолданылады:
ШӨТС (%) = ШӨТС (мл) / ҚӨТС (мл) х 100.
Өкпені максимальді желдету (ӨМЖ) спортшыларда есептеу мына формула бойынша жүреді: ҚӨМЖ = ШӨТС х 40.
Шынайы ӨМЖ-нің ҚӨМЖ (%) cәйкес келу дәрежесін келесі формуламен анықтайды:
ШӨМЖ (%) = ШӨМЖ (мл) / ҚӨМЖ (мл) х 100.
Cыртқы тыныс алу жүйесінде қызметтік сынама ретінде жиі қолданылатындары: Розенталь сынамасы мен динамикалық спирометрия.
Розенталь сынамасы тыныс алу бұлшық еттерінің төзімділігін бағалау және бес рет ӨТС өлшеп, арасында 15 секунд үзілістер болуы керек.
Бағалау негізі: ӨТС көрсеткіші соңғы өлшемде – 300 мл-ден көп болса – жақсы; егер сол 300 мл арасында болса - қанағаттанарлық; егерде ӨТС мәні 300 мл-ден аз болса – қанағатсыз, бұл дегеніміз сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметінің төмендегені.
Динамикалық спирометрия – өкпенің тіршілік сиымдылығын (ӨТС) өлшенген жүктеменің алдында және соңында алынады (2-3 мин 180 адым/ мин жиілікпен жүгіру) - өкпені желдету қанағымына сәйкес екендігін бағалау үшін пайдаланылады.
Сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметтік мүмкіншілігі ӨТС мәні 300 мл-ден төмен түссе, онда жалпы жұмысы төмендегені.
ӨКПЕ ҚАН АЙНАЛЫСЫН БАҒАЛАУ. Белгілі бір функциялық жүктемелерден соң өкпенің тіршілік көлемі (ӨТК) анықталады. Алдымен ӨТК тыныштық жағдайда, содан кейін 15 рет отырып, тұрған соң (30 сек арасында) ӨТК қайта анықталады. Сау адамда ӨТК 15%-ке дейін төмендейді. Төмендеу проценті бұдан жоғарласа, ол өкпе қан айналысының жеткіліксіз екенін көрсетеді.
Ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуін бағалау үшін тынысты тежеу сынамалары колдану қажет. Оларды тәжірибеге енгізген ғалымдар атымен аталған. Штанге, Генче сынақтары денсаулық күйін жедел тиімді бағалауға мүмкіндік береді. Штанге сынамасы – терең тыныс алу көлемінің 80 % мөлшері шамасында тыныс алғаннан соң, тынысты тежеу, яғни отырған күйде қалыпты тыныс алып мұрынды қысып, ауызды жабады. Тыныстың тежеу мерзімін (сек) анықтайды. Мұнымен катар тамыр соғу жиілігінде тынысты тоқтатпас бұрын және тоқтатқаннан кейін санайды. Генче сынамасы – үш рет терең тыныс алып, дем шығару жағдайында тыныс тоқтатылады. Тыныстың тоқтаған мерзімі анықталады, пульстің жиілігі тыныс тоқталар алдында тоқтағаннан кейін есептеледі.
Жаттығу сабағында орындалған жүктеменің ағзаға әсерін анықтау
Қажет құралдар: сулы секундомер, спирт, мақта, жұмыс хаттамасы.
Жұмыс барысы: Жаттығу тобының ішінен бір- екі адамды алып, олардың қалыпты жағдайдағы ӨТС өлшенеді. Сосын Лебедев сынамасы жүргізіледі. Лебедев сынамасы дегеніміз ӨТС арасына 15 секунд салып 4 рет қатар өлшеу. ӨТС сабақ барысында дағдылы әдіспен бірнеше рет өлшенеді. Міндетті түрде өлшенетін уақыттары: қалыпты жағдайда, сабақтың кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінен кейін және сабақ аяқталған соң, 5-10 минуттан кейін.
Лебедев сынамасы екі рет жүргізіледі: жаттығу сабағының алдында, сосын аяғында.
Дағдылы ағзаның қызметтік мүмкіндігіне сай жүктемелерден кейін ӨТС- те, Лебедев тәсілі бойынша өлшенетін ӨТС-те көп өзгере қоймайды: қалыпты мөлшерден айырмашылығы ± 200 мл – ден аспайды. Бұл қанағаттанарлық өзгеріс. Өте ауыр жүктемеден кейін ӨТС 300-500 мл шамасында төмендеуі мүмкін, бірақ ол тез қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |