Шаруашылық бойынша ешкілердің эймериямен зақымдалуы
№
р/с
|
Шаруашылықтар
|
Зерттеуден өткендердің саны
|
Жарақаттанғандардың саны
|
Пайызға шаққанда
|
1
|
Нүркен Әбдіров
|
63
|
27
|
42,8
|
2
|
Ескі Нүркен
|
20
|
6
|
30,0
|
3
|
Сарыжайлау
|
17
|
8
|
47,0
|
4
|
Ақшоқы
|
15
|
2
|
13,3
|
5
|
Бейбітшілік
|
-
|
-
|
-
|
6
|
Жылысай
|
17
|
7
|
41,1
|
7
|
Кеңестас
|
16
|
9
|
56,2
|
8
|
Байдалы
|
17
|
4
|
23,5
|
9
|
Тоқтар Әубәкіров
|
17
|
5
|
29,4
|
10
|
Шортанды
|
18
|
5
|
27,7
|
|
Барлығы
|
200
|
73
|
36,5
|
Әртүрлі жастағы ешкілердің эймериямен зақымдалуы 1а, б, в-суреттердің мәліметтерінде көрсетілген. Ешкілердің жасына қарай эймериямен зақымдалуын тексергенде лақтардың ең жасы он сегіз күндік болды және сегіз бастың екеуі (25,0 пайыз) паразитке шалдыққан. Отыз күндік он екі лақтың төртеуі (33,3 пайыз) эймериямен жарақаттанған. Екі айлық он алты жұптұяқтының он екісі (75,0 пайыз) ауырған. Үш айлық он лақтың бесеуі (50,0 пайыз) ооциста бөлген. Төрт-бес айлық он бір жұптұяқтының үшеуі (27,2 пайыз) ауруға шалдыққан. Бір жастан жоғары алты ешкінің біреуі (16,6 пайыз) ішек паразитін бөлген. Ешкілердің жасы ұлғайған сайын эймериямен зақымдалу дәрежесі өсіп, сосын төмендегені байқалады. Бұл көрсеткіштер ешкілердің эймериямен зақымдалуы жасына және этиологиялық (аурудың пайда болу себептері) жағдайларға байланысты екенін дәлелдейді. Оның себептері: біріншіден, екі айға дейінгі лақтардың эймериямен жарақаттануы екі айлықтан екі есе кем, екі айлыққа дейінгі лақтар басқа көрекке қарағанда анасының сүтін көп пайдаланады. Яғни олардың негізгі көрегі анасының сүті болғандықтан, эймерияға, аз да болса, қарсы тұра алады. Кейбір ғылыми жұмыстардың қорытындысы бойынша, егер лақтар сүтпен көректенген болса, жұптұяқтының шегінде сүттің ашуынан сүт қышқылының микрофлорасы пайда болады. Қышқылы бар жерде эймерияның шизогония және гаметогония стадиясы баяу жүреді, яғни эймерияның эндогенді стадиясына қышқылдық орта керісінше әсер етеді [3]. Көптеген ғылыми зерттеулердегі мәліметтер эймерияның көрекпен этиологиялық байланысын дәлелдеген [4–10]. Екі айлықтан бастап лақтар шөпті қосымша көрек етеді. Лақтардың көрек рационына шөптің қосылуы эймериямен көбірек зақымдануына әсер етеді. Себебі, шөппен бірге сау лақтар ауру малдың ооцистасын жұқтырып алады. Үш-төрт айлық лақтар маусым айында анасымен бірге жайылымға шығады. Біздің деректер көрсеткендей, үш айлықтан бастап эймериямен зақымдану төмендейді (50 пайыз). Маусым айынан бастап күннің ысуына байланысты ультракүлгін сәулесінің әсері ооцистаның споралануын төмендетеді және ашық далада көп эймерия күннің көзіне шыдамай тіршілігін тоқтатады. Ешкілердің зақымдануына спораланған ооцистаның аз да болса азаюы, зақымдану жолын төмендетеді. Жайылымдағы құнарлы шөп жұптұяқтылардың ағзаларының күшеюіне көмек етеді. Осы жағдайларға қосымша ешкілердің жасы ұлғайған сайын иммунитет пайда болып, аурумен ағзасы шамасы келгенше күресе алады [8]. Біз тексерген ешкілердің эймериямен зақымдануының үш айдан бастап төмендеуін осы жоғарыдағы жағдайларға байланысты деп қорытындылаймыз.
Әр жастағы ешкілердің эймерияның қай түрімен зақымдалғанын зерттегенде, бірінші рет он сегіз күндік лақтан Eimeria ninakohlyakimovae бөлінсе, бір айлық жұптұяқтыдан Eimeria ninakohlyakimovae-ден басқа Eimeria galouzoi шықты. Ал екі айлық лақта аталған эймерияның екі түрінен басқа, Eimeria faurei жұққан. Сонымен, екі айлықтан бастап біз тексерген ешкілерде эймерияның үш түрі кездесті.
Жасына байланысты ешкілердің эймериямен зақымдалуы
18
а)
16
14
12
10
8
6
4
2
0
18 күндік
1 айлық
2 айлық
3 айлық
4-5 айлық
1 жас
Жасы
зерттелгеннің саны
14
б)
12
10
8
6
4
2
0
18 күндік
1 айлық
2 айлық
3 айлық
4-5 айлық
1 жас
Жасы
зақымдалғанның саны
80
в)
70
60
50
40
30
20
10
0
18 күндік
1 айлық
2 айлық
3 айлық
4-5 айлық
1 жас
Жасы
пайызға шаққанда
1-сур. Ешкілердің эймериямен зақымдалу көрсеткіші
Жыл маусымына байланысты ешкілердің эймериямен зақымдалуы, 2-суретте көрсетілгендей, жазғытұрым паразитке зерттеген он сегіз жұптұяқтының он бірі (61,1 пайыз) ауырса, жаз айында эймерияны анықтауға алған он бес ешкінің сегізі (53,3 пайыз) жарақаттанған. Күз айында тексерілген он бес малдың алтауы (40,0 пайыз) ооциста бөлсе, қыс айында зерттелген он бес ешкінің екеуі (13,3 пайыз) зақымданған. Алынған мәліметтерді салыстырсақ, Нүркен Әбдіров ұжымының климаттық жағдайында эймериоз ауруының жоғарғы көрсеткіші жазғытұрымда байқалған. Оның себебі көктемде қоршаған ортада ооцистаның экзогендік стадиясына қолайлы жағдай болуымен байланысты.
Сәуір және мамыр айларында күн жылынып, эймерияға қолайлы температура және дымқылдық пайда болады. Осы кезде эймерияның ооцистасы жақсы спораланып, инвазиялы стадияға тез айналады. Яғни, малдың арасында ауру кең тарайды. Көктеммен салыстырғанда, жаз айында инвазияның азаю себебі: бұл кезде жұптұяқтылар жаздық жайылымға шығады, жайылымның мол және шырынды шөбі ағзаның күшін артады. Температураның жоғарылау әсерінен ашық жердегі эймериялардың экзогендік дамуы төмендейді. Қалың шөптің арасында судың маңайына ауру ешкінің нәжісімен шыққан ооцисталар ғана инвазияның көзі болады. Ешкілерде күз айында ооцисталардың бөлінуінің төмендеуі олардың ағзаларының күшейіп инвазияға қарсы әсер ете алуы және күзде температураның төмендеуі ооцистаның споралануын төмендетуінде. Жиналған деректер бойынша қыс айында ешкілердің шамалы басы ғана эймериоз ауруына шалдыққан. Себебі, қыс айында төменгі температура эймерияның споралануын төмендетеді, көп ооцисталар өз күшін жояды, суыққа шыдай алмай бүлінеді, яғни паразиттің ешкілерге инвазия көзі азаяды.
70
70
60
60
50
50
40
40
30
30
20
20
10
10
0
0
Көктем
Жаз
Күз
Қыс
орташа ооцистаның саны;
пайызға шаққанда
2-сур. Жыл маусымына байланысты ешкілердің эймериямен зақымдалуы
2-суреттегі ешкілердің эймериоз ауруымен жазғытұрым, жаз, күз, қыс мезгілдерінде ауырған кезде экстенсивті инвазиясына интенсивті инвазиясы сай келетінін байқаймыз. Микроскоптың жиырма көрінісімен қарап санын есептегенде, жазғытұрым инвазия интенсивтілігі отыз, жаз айында жиырма бір, күзде — алты болса, қыс айында — алтау.
Сонымен, эймериозға тексерілген тоғыз шаруашылықтың ешкілерінде Eimeria туысынан паразиттің үш түрі анықталды. Әр шаруашылықта жұптұяқтылардың ооцистамен зақымдалуы әртүрлі дәрежеде болды. Эймериоз ауруына шалдығу ешкілердің арасында жасына және маусымға байланысты байқалды.
Әдебиеттер тізімі
-
Эймериозы овец и коз: Паразитология и инвазионные болезни сельскохозяйственных животных. – М.: Книга, 1959. – С. 440–443.
-
Сванбаев С.К. Кокцидии и кокцидиозы животных Казахстана: Дис. ... д-ра биол. наук. – Алма-Ата, 1968. – С. 71.
-
Меликян Е.Л. Эймериоз мелкого рогатого скота в Армянской ССР: Автореф. дис. ... канд. биол. наук. – М., 1963.
-
Беркинбаева О., Бисенова Р., Байтурсинов К.К., Изкенов Н.Т. Распространение кокцидии у мелкого рогатого скота и сайгаков в Казахстане // V Всесоюз. съезд протозоологов. – Витебск, 1992. – 34. – № 4. – С. 28.
-
Искаков М.М. Эймериоз мелкого рогатого скота в хозяйствах Семипалатинской области // Вопр. совр. вет. паразитол. в Казахстане. – Алма-Ата, 1990. – С. 178–182.
-
Сванбаев С.К. Рекомендации по борьбе с кокцидиозами мелкого рогатого скота. – Алма-Ата, 1975. – С. 5–10.
-
Эймериозы овец и коз: Жизненные циклы кокцидий домашних животных. – Л.: Книга, 1967. – С. 247–249.
-
Waruiru R.M., Githigia S.M., Nginy J.M. The prevalence of coccidia of goats in ol magogo farm in Kenya // Bull. Anim. Health and Prod. Afr. – 1991. – 39. – № 2. – P. 247–249.
-
Callaghan M.G. Coccidia of domestic and feral goats in South Australia // Vet. Parasitol. – 1989. – 30. – № 4. – С. 267–272.
-
Vercruysse J. The coccidian of sheep and goats in Senegae // Vet. Parasitol. – 1982. – 10. – № 4. – С. 297–306.
ӘОЖ 57:[ 57. 083.13+ 579 ]
А.О.Ыбыраева1, Н.Т.Әбілқасымова1, Ж.С.Шайкенова2
1Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
2ҚР БҒМ Фитохимия институты, Қарағанды
ШТАММ RIZHOPUS STOLONIFER КӨМЕГІМЕН СЕСКВИТЕРПЕНДІ
ЛАКТОН АХИЛЛИНДІ МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ТАСЫМАЛДАУ
Изучены первичные характеристики ферментативной модификации сесквитерпенового лактона ахиллина, выделенного из растения Achillea millefolium L, с помощью грибного штамма Rizhopus Stolonifer. Обнаружена дозовая зависимость титра грибных клеток от концентрации вещества, определено влияние температурного режима и состава среды.
Inital trais of the fermentation sequiterpene lactone achillin, isolated from plant — Achillea milletolium L, by the fungus streins were studied. Titer of fungus depends from compound, s concentration. Influence of temperature duty and solvent, s components are determined.
Биотехнологиялық процестің негізін құрайтын бірден-бір құрал клетка болып табылады. Ю.А.Овчинникованың айтуы бойынша, клетка — кішігірім өз алдына химиялық зауыт, ол белгілі бір бағдарлама бойынша жүретін өндіріс. Онда бір минут сайын жүздеген күрделі байланыстар, әсіресе өте үлкен лиомерлер және белок түзіледі [1]. Қазіргі кездегі биотехнологиялық өндірісінің негізі — микроорганизмдер синтезі, яғни микроорганизм көмегімен әртүрлі заттардың синтезделуі болып табылады. Шығу тегі жануарлар мен өсімдіктер болатын объектілер көп қолданылып жүрген жоқ, соған байланысты оларға жоғары қажеттілік туындап отыр [2].
Органикалық қосылыстардан микробиологиялық тасымалдау арқылы жаңа дәрі-дәрмек препараттарын алу мақсатында жаңа биологиялық белсенді өнімдерді алу көптеген уақыт бойы ғылыми-зерттеу жұмыстарының объектісі болып келеді. Осы бағытта орындалып жатқан ғылыми және практикалық қызығушылықты тудырған жұмыстар Қазақстандағы фарминдустрияның даму базасын арттырады. Таза өнімдік органикалық қосылысты алу әрқашан өзінің актуалдылығымен ерекшеленеді. Органикалық синтезде қолданылатын катализаторлар реакция арқылы көп мөлшерде өнім шығарып, регио- және стериоизомерлер синтезін жүргізбейді. Биологиялық активті заттардың жиналуы тікелей молекулалардың құрамына байланысты. Сол себепті бұл сұрақты шешудің перспективті әдісі микробиологиялық тасымалдау арқылы органикалық қосылыстарды модификациялау болып табылады. Биотасымалдау кезінде оңай алынатын тұнбада алмасу процестерін көптеген бактериялар мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды қолдануға болады. Екінші ретті метаболиттер кәдімгі метаболиттерге дейін деградация және модификация жүргізе алатын ксенобиотикалық қосылыстарды бейтараптайды [3].
Жаңа рекомбинантты штамм-микроорганизмдер алу биотасымалдау биотехнологиясының дамуы болады. Рекомбинантты штаммдардың негізгі қасиеті — бір клеткада әртүрлі пайдалы заттардың: жоғары катализдік активтілік, потенциалды патогеннің жоқтығы, культуралау т.б. жиынтығының болуы. Барлық өнімді жұмыстар тірі организмдер іс-әрекеттеріне негізделген. Сол өндірістердің өнімдеріне: антибиотиктер, амин қышқылдары, нуклеозидтер, ферменттер, бунақденелілермен күресетін биологиялық заттар, белоктар, витаминдер, азотфиксирлеуші-бактериялар, органикалық қосылыстардың биомодификатор-микроорганизмдері, зиянды заттардың биодеграданты т.б. жатады.
Қазіргі биотехнология мен микробиологияның ең негізгі міндеті — регионалды штаммдар-микроорганизмдер көмегімен органикалық қосылыстардың химиялық модификациясы проблемасы, биокатализ нәтижесінде алынған сапалы биологиялық активті заттар, яғни солардың негізінде жаңа дәрі-дәрмек препараттарын жасау болып табылады [4].
Микроорганизмдер — органикалық байланыстардың редуценті. Олардың деструктивті активтіліктері ғылыми зерттеулердің объектісі болып келеді. Көбінесе микроорганизмді биоконверсиондық қасиеттеріне жаңа биологиялық активтілігі бар органикалық байланыстарды алу үшін аз қолданады. Органикалық байланыстардың тасымалдаушы констутивті немесе субстрат-индуцирлеуші ферменттері (екінші ретті метаболизм) немесе негізгі алмасудың спецификалық субстрат ферменттерінің жоғалуы арқылы жүреді. Биологиялық активті заттардың өндірістік синтезі микроорганизм тіршілік іс-әрекеттерінде соңғы кезде тұрмыстық, халықтық қолданылып, өте жоғары қарқынмен даму үстінде. Микроорганизмдерді қолдануға негізделген өндірістер жоғары активті штамм-өнімдерді қолданған рентабельді болады. Жоғары өнімділігінен басқа, микроорганизмдердің түрлі пайдалы қасиеттері бар. Органикалық қосылыстардың биотасымалдауының молекулалық механизмін зерттеу проблемасының актуалдылығы — біздің республикада аталмыш бағыттта ғылыми жұмыстардың толық орындалмағандығында. Органикалық синтез, жаңа дәрі-дәрмек препараттарын алу құралының өзі көп жағдайда стерио- және региоселективті молекулаларының жоғары қажеттіліктерін тудырады. Онда жоғары температура мен улы катализаторларды қолдану экологиялық проблемаға әкеледі. Биокатализ интакты микробтарды немесе эукариот клеткаларын химиялық өзгерістерде қолдану жоғарыда айтылған кемшіліктерді болдырмайды. Сондықтан бұл мәселені шешу әдісі микробиологиялық тасымалдау көмегімен органикалық қосылыстарды модификациялау болып табылады [5]. Биотасымалдау кезінде оңай алынатын субстратта алмасу процестерін көптеген бактериялар мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды қолдануға болады. Екінші ретті метаболиттер кәдімгі метаболиттерге дейін деградация және модификация жүргізе алатын ксенобиотикалық қосылыстарды бейтараптайды. Алайда қазіргі кезде шығу тегі өсімдіктер болып келетін терпендер сесквитерпеноидтардың молекулалық-биологиялық механизмінің биотасымалдануын зерттеу көбірек қызығушылық тудырады. Табиғи байланыстарды биотасымалдау соңында таза өнімге айналатын органикалық қосылыстардың энзиматикалық модификациясы фермент энергиясын қолдану әдісі болып табылады. Сонымен бірге интакты микроорганизмдер әдетте өсу үстіндегі немесе тыныштық күйдегі саңырауқұлақ немесе бактерия культурасы түрінде селективті субстратта органикалық реакциялары жүреді. Жоғары құрылымда микроорганизмдердің монооксигеназфермент жүйесі төменгі температура жағдайында және рН-тың физиологиялық түрінде молекулалық оттегіні белсендіреді, нәтижесінде молекулалық оттегіні белсендірмеген көмірсу атомына стериоспецификалық байланыстырады. Қазіргі кездегі микробиологиялық тасымалдау солардың кез келгенін қолдануға мүмкіндік береді. Тасымалдау реакциясында қолданылатын микроорганизмдер, зерттеу мен практикалық микроб культуралары барлық кездесетін микроорганизмдердің санынан аз. Бірінші орында культура-тасымалдаушылар ретінде салыстырмалы қарапайым ортада өсетін сапрофитті организмдер — қарқынды зат алмасуымен ерекшеленетін гетеротрофтар қолданылған. Микробиологиялық тасымалдау реакциясын жүргізуде қолданылатын микроорганизмдер аз емес. Оның құрамына саңырауқұлақтар (аскомицеттер, фикомицеттер, базидиомицеттер, дамымаған саңырауқұлақтар), көптеген бактериялар және микробалдырлар жатады [6].
Терпеноидтардың микробиологиялық өзгерулері практикада жаңа дәрі-дәрмек препараттарын алу, өндірістерде хош иіс заттары ретінде қолдану және биотехнологияда қолданылатын екінші ретті метаболиттер алу үшін қолданылады. Микроорганизмдерді активті полиферментті жүйе ретінде қолдану, яғни экзогенді органикалық қосылыстарды таза өнімге модификациялай алуы, микробиологиялық реакцияларды региоселективті және стериоспецификалыққа негіздейтін жай жағдайдағы биосинтезде бір ферментацияны бірнеше реакцияда жүргізуінде [7].
Микроорганизмдермен орындалатын реакция спектрі шексіз, соған байланысты олар экологиялық қойманың кез келгенін ерекше қабылдай алатын қасиеттері бар. Яғни сол өзгерісті әртүрлі микроорганизмдердің таксономиялық түрі — бактерия, саңырауқұлақ, дрожжилар орындауға қабілетті [8]. Тасымалдау реакциясын жүргізудің ең қарапайымы — толық қоректік ортада өсетін культураға тасымалдаушы субстратты енгізу. Әдетте тасымалдаушы культура оптимальді қоректік ортада өсіріледі де, ал тасымалдаушы өнім процестің басында немесе культураның даму барысында енгізіледі. Реакция өнімі оның культура сұйықтығында жоғары концентрацияға жеткенде ғана экстрагирлейді.
Ферментация әдісі бірнеше кезеңдерден тұрады:
1) культура ортасын дайындау;
2) инокуляциялық колбаларды дайындау;
3) инокуляция;
4) субстратты егу.
Модификация субстраты ретінде биологиялық активтіліктері бар Орталық Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінен ҚР БҒМ Фитохимия институтының химия терпеноидтары лабораториясында бөлініп алынған өсімдіктер терпендері ахиллин мен глоуцин гидробромидті қолдандық. Терпендер модификациясы ферментация әдісімен орындалған. Саңырауқұлақ штаммын Rizhopus stolonifer культура сұйықтығының мөлшері 100 мл клеткасын тереңдетіп культуралау Луриа-Бертани ортасында жоғарыда айтылған сесквитерпенді лактондарды 0,1 мг 1 мл-ге концентрациясында, 28 0С температурада және 200 об./мин магнитті араластырғыш качалкасында 500 мл көлемді колбада алынып жүргізілді. Қосымша зерттелетін культура және бақылаудағы таза культура қойылды. Зерттелетін культурадағы бақылау ферментациясы штамм-катализатордың қосылуынсыз, ал бақылаудағы таза культура тасымалдау субстратының қосылуынсыз орындалды. Бақылау үшін тасымалдау барысында культура сұйықтығынан 3 мл/с тәулік сайын сыналып, соңынан екі ретті хлороформды экстракциядан өткізіліп, сол экстракцияларға ТСХ талдау жасалды. Эксперимент ұзақтығы культуралау штаммына және модификациялау субстратына байланысты өтті.
Сесквитерпенді лактондардың тиімді биомодификациясының орындалуы үшін Rizhopus stolonifer саңырауқұлақ штаммының культуралау ортасы анықталды. Жүргізілген эксперименттердің нәтижесі кесте түрінде төменде көрсетілген. Бұрынғы зерттеу жұмыстарына сүйенсек, жоғарыда айтылған штамм Луриа-Бертани (LB)-ортасында, СМ-ортасы және минимальді Спецмайзен (СМ) қосылған глюкоза ортасында көрнекті өседі екен. Осы орталардың саңырауқұлақ штаммы Rizhopus stolonifer өсуіне және өнімдік биомодификация ахиллиннің түзілуіне әсері әртүрлі орталарда анықталды
(1-кесте).
1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |