кемшіліктер холериктің ӛмірлік күрделі жағдайларда
эмоциясын бақылай алмауына
әкеледі.
Флегматик (грек. phlegma – сӛл) – психикалық тӛмен белсенділікпен,
баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске
алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі ӛте күрделі. Флегматиктің кӛңіл-күйі қалыпты.
Сезімдері мен кӛңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер
флегматиктің эмоциясының жұтаңдығына, бір тектес әдетті
әрекеттерді орындауға
бейімділігін тудырады.
Меланхолик (грек. melanos – қара, cole - ӛт) – психикалық белсенділіктің тӛмен
деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сӛйлеудегі ұстамдылықпен, тез
шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі
адамдар жоғары эмоционалды
сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар
кӛрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды
жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бӛлектенудің қалыптасуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: