күшінен, тепе-теңдігінен және қозғалғыштығынан тұрады. Жүйке жүйесінің бұл түрлері
тек саны жағынан ғана емес, сонымен қатар негізгі
сипаттамалары бойынша
темпераменттің тӛрт классикалық типіне сәйкес келеді:
1. күшті, салмақты (қозу процесі тежелу процесімен теңдестірілген), қозғалмалы
(қозу мен тежелу процестері бірін-бірі оңай алмастырады). Жоғары жүйке әрекетінің бұл
түрі сангвиниктік темперамент типіне сәйкес келеді.
2. күшті, салмақты емес (тежелу процесіне қарағанда қозу процесі басым),
қозғалмалы - бұл холерикалық темперамент.
3. күшті,
салмақты, инертті (қозу және тежелу процестері белсенді емес) - бұл
темпераменттің флегматикалық түрі.
4. әлсіз (жүйке жүйесі үлкен және ұзақ жүктемені кӛтере алмайды), салмақты емес,
инертті - темпераменттің меланхолик типі.
Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен
сәйкес келетін
заңды құбылыс немесе байланыс. Красис (лат.- темперамент) – Гиппократ бойынша
қатынас, пропорция.
Достарыңызбен бөлісу: