Тоқбаул Д,Сулейменова А, Төлеубек Б,Сейсенбай А,Утепбай М,Советова А,Затыбек Д


Маршрутымыздың ең бірінші нүктесі



бет4/7
Дата21.11.2022
өлшемі82.13 Kb.
#465303
1   2   3   4   5   6   7
2 Сөж Экскурсия

Маршрутымыздың ең бірінші нүктесі, Алматы Темір Жолы — Қазақ темір жолының Алматы, Тараз, Семей, Шымкент және Шу бөлімшелерін қамтыған торабы. Пайдалану ұзындығы 3086 км. Ірі тораптық стансалары 1-Алматы, Семей, Защита, Аягөз, Ақтоғай, Зырян, Шу.

  • 1977 ж. Қазақ темір жолын ірілендіру кезінде құрылған. Оның қалыптасуы Түркістан-Сібір (Түркісіб) темір жол құрылысынан басталған.

  • 1931 ж. 1 қаңтарда ұзындығы 1444 км Түркісіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.

  • 1931 — 32 ж. Локоть — Защита және Защита — Лениногор желісі тартылды. Бұдан соң жолдың Көксу — Текелі тармағы салынды.

  • 1953 ж. Өскемен — Зырян, 1985 ж. Саяқ — Ақтоғай желілерінің құрылысы аяқталды.

  • 1959 ж. жұмыс істей бастаған ұзындығы 304 км-ден астам Ақтоғай — Дружба темір жол торабы да осы жол бойында.

  • 1991 ж. Дружба — Алашанькоу (Қазақстан мен Қытай арасында) мен 1996 ж. Теджен — Серахс — Мешхед (Түрікменстан мен Иран арасында) шекаралық т.ж. өткелдерінің құрылысы аяқталуы еліміздің Тынық мұхит пен Жерорта т. жағалауының айлақтарына шығуына жол ашты. Тегеран — Бендер — Аббас (Иран) темір жол желісі Республиканы Парсы шығанағымен жалғады. Сөйтіп, ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында Трансазия темір жол торабы жасалды, осының нәтижесінде Азия — Тынық мұхит аймағымен, Еуропа, Таяу Шығыс елдері арасындағы жол қысқарды. Дружба — Алашанькоу шекара өткелі арқылы Алматы — Үрімші — Алматы бағытындағы халықар. жолаушылар поездарының жүйелі қозғалысы болашақта Пекинге дейін жалғастырылмақ. 1995 ж. шекаралық Дружба ст. арқылы ҚР-нан ҚХР-на тасылатын жүктің көлемі 1,7 млн. т-ға жетті. 2000 ж. оны 15 млн. т-ға жеткізу көзделіп отыр. Жүк өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жолдың қуаты мен сенімділігін арттыру, Ақтоғай — Дружба темір жол желісін нығайту шаралары жүзеге асырылды.

Теміржол вокзал алдында орналасқан Абылай хан даңғылы - Алматы қаласындағы орталық көшелердің бірі. Даңғыл қаланың Алмалы және Жетісу аудандарында орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Райымбек батыр даңғылынан төменірек орналасқан Алматы-2 теміржол бекетінен басталып Абай даңғылында орналасқан Ұлттық кітапхана ғимаратына барып тіреледі. Даңғылдың ұзындығы - 4200 метр. Алматы қаласы әкімінің 23.10.1991 күнгі № 15/398 шешімімен даңғылға қазақтың ұлы ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның есімі берілген. Даңғыл екі бағытты жол болып есептеледі.
Абылай хан даңғылы бұрын Коммунистік проспект деп аталды. Ал оның алдында Вокзал, Сталин және Старокладбищенская деп аталатын. Даңғыл 1935-37 жылдары көшенің батыс жағында үш халық комиссариатының ғимараттары салынған кезден пайда бола бастады. Алматы қаласы астана болған кезеңде даңғыл бойында ҚазССР Үкімет үйі, Қазақстан КП Алматы обкомы, Халық депутатттары Советінің облыстық және қалалық атқару комитеттері, Денсаулық сақтау, Ет және сүт өнеркәсібі, Сауда, Қаржы Ауылшаруашылық министрліктері, Қазақстан Жазушылар одағы, ҚазТАГ, ҚазССР халықтық бақылау комитеті, Орыс драма театры, Алматы рестораны, Астаналық гастраномы орналасқан болатын.
Абылай хан даңғылы қаланың орталығында орналасқандықтан оның бойында көптеген өнер ордалары және архитектуралық ескерткіш ретінде танылған ғимараттар орналасқан. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Алматы-2 темір жол вокзалының алдына ат үстіндегі үлкен ескерткіші орнатылды.Ол Абылай хан ескерткіші , 2000 жылғы 16 желтоқсанда Алматы-2 вокзалындағы Алматы вокзалы ғимаратының алдына орнатылды. монумент негізінде гранит тақтада көрсетілгендей, авторлық ұжымның жетекшісі – Баймағамбетов С.К., мүсінші Сатыбалдин к. сәулетшілер Ералиев т. е., Баймағамбетов З. С., Сидоров В. И., конструктор-Кененов М. Е., құю жұмыстары-Волков А. В.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет