Топты жоспарланған маршрут бойынша жылжыту кезінде тәртіп ережелері мен қауіпсіздік ережелері: 1. Сіз таза автобусқа кіресіз. Сіз таза автобустан шығуыңыз керек. Осыған байланысты автобуста қоқыс қалдыруға, тұқым жұлуға, бос шөлмектер, орама, жемістерден тазалауға және т. б. тыйым салынады.
2. Автобустың бағыт бойынша жүру кезінде қозғалыс қауіпсіздігі үшін автобуспен жүруге тыйым салынады, басын, қолын терезеге шығаруға болмайды. Терезелерді ерекше қажеттіліксіз және топ жетекшісінің рұқсатынсыз ашуға болмайды.
3. Көлік құралын (автобусты) жүргізу кезінде жүргізушінің назарын аудармау үшін дауыстап сөйлеуге, айқайлауға тыйым салынады.
4.Төтенше тежеу кезінде аяқ пен қолды алдыңғы орындыққа тіреу керек
5. Жол -көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің, топ жетекшісінің немесе оларды алмастыратын адамдардың нұсқауларын қатаң сақтау қажет.
6. Аялдама кезінде арнайы топ жетекшісінің немесе гидтің бұйрықтарын алғанша орындарыңыздан тұрмаңыз.Автобустан бір -бірден, итерместен түсу керек. Сонымен қатар, кезекпен автобусқа отыру керек. Топ басшысы тексеру үшін автобусқа соңғы болып кіреді және ең соңғы шығады.
7. Экскурсия топқа арналған. Экскурсия кезінде экскурсоводты мұқият тыңдау керек, сөйлеспеу, басқаларды мазаламау. Егер экскурсия өндіріске барумен байланысты болса, сіз топты қатаң ұстануыңыз керек, жарақат алмас үшін (көліктердің қозғалатын механизмдеріне түсу, күйік және т.б.) рұқсатсыз ештеңеге қол тигізбеңіз.
8. Егер сіз дәретханаға баруыңыз керек немесе экскурсия кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, топ жетекшісімен байланысуыңыз қажет.
9. Кәдесый сатып алу үшін кәсіпорындағы дүкенге барғанда, жиналмаңыз немесе итермеңіз, кезекті қадағалаңыз, өзіңіз туралы жаман әсер қалдырмас үшін сыпайы болыңыз.
Экскурсия маршруты Экскурсия бағыты: Райымбек данғылы – 2 Теміржол вокзалының ст., Пушкин көшесі, Достық даңғылы, Жамбыл к-сі, Абай даңғылы, Әуезов даңғылы, Абылайхан данғылы,Назарбаев к-ші-Панфилов к-ші, Абылайхан данғылы.
Пушкин атындағы көшеге тоқтала кетсек, (Алматы) Көшеге қазақ оқырмандарына етене таныс орыстың ұлы ақыны, қазіргі заманғы орыс әдеби тілінің негізін салушы Александр Сергеевич Пушкиннің есімі 1956 жылы берілген.
Көшенің бойында Алматы қаласының бас мешіті, Қазақ-неміс университеті, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғимараты, т.б. мекемелер орналасқан. Және А.С.Пушкиннің бюсті орнатылған Көше Медеу ауданында орналасқан. Қаланың солтүстік бөлігінен Жангелдин көшесінің оңтүстігіне ұ ласады. Райымбек даңғылынан басталып, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағын қиып өтіп, Абай даңғылына дейінгі аралықта созылып жатыр. Бұрынғы атауы: Бульвар көшесі. Көшенің ұзындығы - 3050метр.
Одан кейін, Достық даңғылына тоқталсақ, Достық атауы (Алматы қаласы әкімінің 12.12.1995 № 202 шешімі) берілді. «Достық» сөзі татулық, ынтымақтастық, бірлік мағыналарын білдіреді.Даңғылдың негізі 1919 жылы қаланған. Даңғыл Медеу ауданында орналасқан. Ол «Көк базар» сауда орталығынан басталып, Кіші Алматы өзеніне қатарлас және осы өзеннің қиылысқан жеріне дейін созылып, санаторийлер мен демалыс аймақтары орналасқан аймаққа барып тіреледі. Достық даңғылы көпшіліктің сүйікті демалыс орындары Көктөбеге, «Медеу» спорт кешеніне және «Шымбұлақ» тау шаңғысы спорт базасына баратын жолмен жалғасып жатыр. Кеңес өкіметі жылдарынан бастап даңғыл қаладағы ең маңызды магистральдардың біріне айналды.
Бұрынғы атаулары:
а)Генерал Колпаковский көшесі;
ә)Ленин даңғылы.
Даңғылдың ұзындығы - 8000 метр.
Алматы қаласындағы Абай даңғылы (1960 жылға дейін — Арычная көшесі деп аталған болатын). Алматы қаласының Медеу, Бостандық және Әуезов аудандарында Мыңбаев пен Құрманғазы көшелерінің арасында орналасқан, қаланы Абай Құнанбаевтың рухынан батысқа қарай Момышұлы көшесіне дейін қиып өтетін даңғыл болып табылады. Қазақ ақын-ағартушысы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың құрметіне. Қазіргі таңда Абай даңғылында көптеген кафелер, мейрамханалар, ұлттық кітапхана, орталық стадион, қазақ драма театры , метро және т.б. орналасқан.
Соның ішінде Мұхтар Әуезов атындағы драма театрына тоқтала кетсек, Алматы қаласындағы ірі театрлардың бірі болып келеді, 1925 жылы негізделген. Бұл жерде әртүрлі спектакльдер және т.б өткізіліп тұрады. Алматы қонақтары немесе спектакльді жақсы көретін қала тұрғындарына келуге тамаша жер.