Төлеубаева күлжазира мейрамқызы қазақ және Орталық Азия халықтарының отбасы, отбасылық әдет-ғұрып, салт-саналары


Ғылыми ережелер мен қорытындылардың және тұжырымдардың дұрыстығы мен дәйектілігі



бет8/21
Дата02.05.2024
өлшемі0.74 Mb.
#500318
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Ғылыми ережелер мен қорытындылардың және тұжырымдардың дұрыстығы мен дәйектілігі. Ғылыми ережелер мен тұжырымдар көбінесе, осы тақырыпта аталмыш халықтар бойынша ғылыми еңбектер жазған, ғылыми ортада оң бағаларын алған Н.А. Кисляков, С.М. Абрамзон, Г.П. Снесарев, Г.А.Сухарева, Т.А. Жданко, Н.П. Лобачева, Г.П. Васильева, Л.Ф. Моногарова, А. Жұмагұлов, Х. Арғынбаев, С.Е.Әжіғали, А.Төлеубаев т.б. ғалымдар еңбектеріне сүйеніп жасалды.
Жұмыстағы қорытындылар мен тұжырымдар нақты және шынайы дереккөздерге негізделді. Сондықтан да олардың дәйектілігі күмән тудырмаса керек. Жұмыстың негізгі бөліктері, басты қағидалары бірнеше халықаралық конференцияларда баяндалып, мамандардың сын-талқысынан өтті.
Зерттеудің сыннан өтуі. Диссертация Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология бөлімінің мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертациялық жұмыстың мазмұны, тұжырымдары жалпы 55 ғылыми мақалада жарияланды, оның 13 мақаласы ҚР Білім және Ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміне енген басылымдарда жарық көріп, халықаралық ғылыми-практикалық, республикалық конференциялар материалдарында - 16 мақала жарияланған. Өзге басылымдарда – 14 ғылыми мақала жарық көріп, 1 кітапша (3,5 б.т.), 8 оқу-әдістемелік құралдар жарияланған. Шетелдік басылымдарда – 3 мақала шыққан.
Зерттеу жұмысының нәтижелері сондай ақ диссертанттың халықаралық конференцияларда жасаған баяндамалары арқылы, ҚазҰПУ-дің тарих факультетінің студенттері, магистранттарына оқыған жалпы және арнаулы курстары кезінде, мектеп оқушылары арасында Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының дәстүрлі әдет-ғұрыптары жөнінде оқылған лекциялар арқылы да бірнеше мәрте сыннан өтті.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, бес тараудан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, дерек берушілер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мәселенің бізден бұрынғы зерттелуі, жұмыстың зерттеу нысаны мен пәні, алдына қойған мақсаты мен міндеттері, хронологиялық шектері, зерттеудің методологиялық, деректік негіздері, тақырыпқа қосқан жаңалықтары, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары, жұмыстың сыннан өтуі және оның құрылымы қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет