Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен



бет40/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Методичка ДЫХ каз

Есеп № 3

Науқас, 40 жаста, тыныс шығарудың қиындауымен жүретін демігуге, кеудесінің қысылуына, мазаны алатын жөтелге байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 3 жыл көлемінде ауырады: бірінші ұстама жедел бронхитпен ауырғаннан кейін дамыған. Тұншығу ұстамасы қысқа эпизодты, мазаны алатын, жөтелден басталып, қиын түсетін, жабысқақ, кілегейлі қақырықтың бөлінуімен аяқталады.


Қарағанда терісі бозғылт – цианозды, ылғалды. Науқас алдыға қарай еңкейіп отыр, ұзақ сөйлей алмайды, сөздерін бөліп-бөліп айтады, ашушаң, терең дем алады және дем алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Тынысы шулы, ысқырықты, ара қашықтықта естіледі.ТАЖ минутына 32 рет . Перкуторлы өкпенің барлық алаңында, әсіресе төменгі бөліктерінде қорапты дыбыс, аускультацияда жайылмалы түрде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі.
Жүрек тондары бәсең, тахикардия, пульс > 120 рет минутына., ырғақты,
АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ.бойынша.



  1. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?

  2. Науқасқа қандай қосымша тексеру әдістерін жүргізу керек?

  3. Науқасты аурухананың қай бөлімшесіне госпитализациялау керек?

  4. Бронхиалды демікпенің ұстамасы кезінде тыныс жолдарында болатын өзгерістерді сипаттаңыз (сурет 11)




және осы жағдайды басатын препараттарды атаңыз? Бірінші


кезекте тағайындалатын бронхолитикалық препарат
(енгізу жолын көрсетіңіз)?
5. Тағайындау қағазына рецепт жазыңыз.
Есеп № 4

Науқас Т., 45 жаста, бронхиалды демікпемен 13 жасынан ауырады. Ұстама еш себепсіз дамиды. Бронхиалды демікпе өршуі жедел респираторлы инфекциядан болған. Науқас глюкокортикостероидтарды (преднизолон 5 мг. 1 таб. *3-4 рет /тәул) және теофедрин – Н тұрақты түрде ішке қабылдайды. Ұстама кезінде ингаляциялық сальбутамол қолданады. Қабылдаған емге қарамастан кеуде клеткасының қысылуы және әсіресе түнгі уақытта мазалайтын тұңшығу ұстамасы тәулігіне 4-5 ретке дейін болады. Сонғы 2 жыл көлеміне науқаста Иценко – Кушинга синдромы байқалады, яғни науқас 7 кг салмақ қосқан.


Объективтік тексеруде: ТАЖ минутына 21 рет. Кеуде клеткасы көлденеңінен ұлғайған. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, тыныс шығару кезінде жайылмалы ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Перкуссияда дыбыс қорапты. Пульс минутына 78 рет, ырғақты, АҚҚ 130/80 мм. сын.бағ.бойынша.
Спирографияда: алғашқы секундтағы форсирленген тыныс көлемі
( ОФВ 1) < 60%, ауытқуы ОФВ 1 > 30%.



  1. Сонғы жіктелуге сәйкес диагноз құрыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Диагнозды растау үшін қандай тексерулер жүргізу керек?

  3. Бронхиалды демікпенің ауырлық дәрежесіне қарай науқасқа жүргізілетін ем сатысы? Осы сатыға сәйкес емге өзгеріс енгізіңіз.

  4. Ингаляциялық стероидтардың қандай жанама әсерлерін білесіз және олардың алдын алу жолдары? Ингаляциялық емді жүргізу үшін қандай аспаптар қолданылады ( сурет 12 )?








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет