Топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері Ceкцияcы: Биoлoгия Бағыты: «Салауатты табиғи орта- «Қазақстан – 2030»



бет5/9
Дата02.09.2023
өлшемі2.48 Mb.
#476422
1   2   3   4   5   6   7   8   9
топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері

Топырақтың механикалық құрамы. Топырақтың механикалық құрамы деп әр түрлі түйіршік бөлшектерден тұратын топырақ көлемін айтады. Түйіршіктің көлемінің әртүрлілігіне қарай топырақтың механикалық құрамы түрліше болады. Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, соғұрлым ауыр ауыр балшықты болып келеді. Ал түйіршіктері ірілеу топырақтар жеңілдеу, құмдық не құмды болады. Егер топырақпен майда түйіршіктер мен ірілеу түйіршіктер келсе, мұндай топырақтар құм балшықты деп саналады. Топырақ майда ұнтақталған түйіршіктерден тұратындықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығы милиметрмен есептеледі. Топырақтың механикалық құрамы топырақ түзуде, оны ауыл шаруашылығы мен басқа да мақсаттарға пайдаланғанда зор рөл атқарады. Топырақтың кеуектілігі, су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, қоректік заттарды жинау мүмкіндігі оның механикалық құрамымен тығыз байланысты.
Топырақтың органикалық бөлігі. Топыраққа жыл сайын түсетін өсімдіктер мен өлі жәндіктердің қалдықтары екі бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, топырақтағы микроорганизмдер әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералды қосылыстарға ыдырайды. Екіншіден, осы организмдердің қалдықтары микробтардың әрекетінен күрделі биохимиялық өзгеріске ұшырап, тұрақты органикалық зат-топырақ шіріндісі (лакмус) пайда болады. Негізгі бөлігі-қарашіріксіз топырақ болмайды. Қарашірікте қажетті азот, фосфор, калий және т.б топырақтың құнарлылығын да арттыра түседі.
Топырақтың морфологиясы. Топырақтың пайда болуы процесіне өзіне тән белгілі морфологиялық құрылымы, пішін түзіледі. Топырақ осы құрылымына қарай өзі түзілген тау жыныстарынан, сондай-ақ бір-бірінен жақсы ажыратылады. Далалық жағдайда топырақтың морфологиялық құрамын зерттеген кезде, тік қазылған шұңқырлар пайдаланылады. Бұл әдісті алғаш рет топырақтану ғылымының негізін салушы В.В.Докчаев қолданды. Ол топырақты негізгі еш қабатқа бөлген. Олар, бірінші қабат А-қарашірікке бай, топырақтың құнарлы қабаты; екінші өтпелі қабаты В-түсі ашықтау, бірте-бірте тау жынысына айналады; үшінші қабат С-топырақ түзуші түп негіз тау жыныс қабаты. Топырақ қабаттарын бөлудің бұл жүйесі әлі күнге дейін сақталып келеді, А1, А2, В1, В2, С1, С2 -деп белгілейді. Топырақтың морфологиялық көріністерінің ішінде оның түсі негізгі орынды алады, өйткені ол түстеріне қарай айтылады. Топырақ түсіне құрамындағы қарашіріктің мөлшері қатты әсер етеді. Бұлардан басқа топырақтың морфологиясына оның құрылымы кеуектігі құрамындағы әртүрлі тұздар, механикалық құрамы, өсімдік тамырларының таралымы енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет