Топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері Ceкцияcы: Биoлoгия Бағыты: «Салауатты табиғи орта- «Қазақстан – 2030»



бет3/9
Дата02.09.2023
өлшемі2.48 Mb.
#476422
1   2   3   4   5   6   7   8   9
топырақ құнарын сақтау және арттыру тәсілдері

V. Қopытынды.
VI. Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмi


Кіріспе


Мақсаты: Өсімдіктердің басым көпшілігінің физиологиялық жағынан өніп-өсіп, өнім беруіне ең қолайлы жағдай- ортаның бейтараптық, әлсіз сілтілік көрсеткіштері. Топырақтың химиялық заттарымен ластануы және оны болдырмау жолдарын зерттеп, топырақтың құнарлылығын арттыру тәсілдерін игеру.
Зерттеу міндеттері: Топырақтың құрамын зерттеп, топырақтың құнарлылығын арттыру жолдарын анықтау. Бұл жер бетіндегі барлық тіршілік үшін, тіршіліктің ең жоғары туындысы – адам үшін өмір өзегі.
Өзектілігі: Қазақстан терреториясындағы барлық топырақтар-сілтілі. Сондықтан бұл топырақтың қасиетін дұрыс реттеу үшін оның табиғатын жете зерттеп білу қажеттілігі туындайды. Менің ұсынып отырған ғылыми жобамның өзектілігігі де осыған байланысты болып табылады.
Жаңалығы: 1.Топырақ көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізген кезде, олардың бұрынғы табиғи қасиеттерінің көбі өзгеріп, жаңа мәдениеттенген сапалы топыраққа айналды. Бірақ адамзат қоғамының топыраққа әсер еткен әрекеттерінің барлығы топырақ құнарлылығын арттыра бермейді.
2. Топырақтың химиялық ластануы топыраққа тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттардың жиналуынан болады.1 м3 топырақ 6 кг-ға жуық түрлі химиялық заттарды сіңіреді екен. Міне, осындай қарқынды ластанған топырақтың табиғи түрге тазалануының өзі мүмкін емес.

ІІ. Негізі бөлім.
2. Топырақтың биосферасы,экологиясы және морфологиялық негізгі қасиеттері
2.1. Топырақ-биосфераның негізгі құрамдас бөлігі
Топырақ дегеніміз - түрлі климат жағдайларының (жарық, жылу, ауа, ылғалдылық) әсерінен өсімдік пен жануарлардың, ал мәдени түрге келтірілген жерлерде адамдардың да қатысуымен өңделген және өзгерген, мәдени өсімдіктерді қоректік заттармен қамтамассыз ете алатын жер бетінің ең жоғарғы құнарлы қабаты.
Топырақ өз құрамында өсімдіктердің фотосинтезі арқылы үлкен геологиялық айналымнан тіршілікке қажетті көміртек, азот, фосфор, калий, кальций және т.б элементтері шоғырланған. Бұл жер бетіндегі барлық тіршілік үшін, тіршіліктің ең жоғарғы туындысы-адам үшін өмір өзегі.
«Топырақтың құнын немен теңдеуге болады»-деген сұрақ туады. Топырақтану ғылымының негізін қалаған көрнекті орыс ғалымы В.В.Докучаев (1846-1903) топырақты «алтыннан қымбат»-деп бағалаған. Кесілген ағаш, шабылған шөпті қайта қалпына келтіру үшін, бір жылдан бірнеше жылған дейін уақыт керек. Мысалы, 20м тереңдікте қамтитын топырақтың құнарлы қабатын қалпына келтіру үшін жүздеген жылдан 3-7 мың жылға дейін уақыт керек. Сондықтан адам шаруашылық іс-әрекетті экологиялық апаттардан сақтап, құнарлылығын жылдан-жылға арттыратын шаралар қолдану қажет.
2.2. Топырақтың пайда болуы, топырақ экологиясы
Табиғатта топырақтың түзілуі өте ұзаққа созылатын құбылыс. Топырақ тау жыныстарының ұзақ геологиялық мерзім әр түрлі жолдармен үгілуі мен мүжілуінің нәтижесінде түзіледі. Топырақ тау түзуші тау жыныстар әуелде қатайған тау жыныстары болғаныменоның үстіңгі қабаты табиғат күштерінің көп жылғы үздіксіз әсер етуінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналған. Бұл табиғат күштерінің ішінде температураның, судың, желдің күн сәулесінің, көшпелі мұздықтардың да әсері ерекше. Үгілудің негізгі 3 түрі бар. Олар-физикалық, химиялық, және биологиялық үгілулер.
Тау жыныстарының физикалық жолмен үгілуі деп-жыныстардың химиялық құрамы өзгермей, тек әр түрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге әсер ететін негізгі күштерге: температура, жел, тасқын сулар мен көшпелі мұздар жатады. Химиялық үгілу процесі-тау жыныстарының құрамындағы әр түрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттекпен тотығуынан пайда болатын құбылыстар. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы жағынан минералды заттар түзіледі. Бұл заттар суда еру қасиеттеріне, өзіндік салмағына және жер бедерінің құрылысына қарай әр жерлерде шөгеді. Бұл екі процесс бірге жүріп отырады, әрі ғасырлар бойы толастамайды. Физикалық және химиялық үгілу өзінше топырақ түзе алмайды, өйткені топырақ түзу процесі-биологиялық процесс.
Топырақтың пайда болуына негізгі 6 фактор әсер етеді. Олар: ауа райы, топырақ түзуші тау жынысы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер мен жәндіктер, жер бедері, аймақтың геологиялық дәуірі мен қоғамның өндіргіш күші.
Жер бетінде алғаш пайда болатын тірі органимздер ультрабактериялар еді. Олардың тіршілікке бейімделгені соншама, олар тастада өсе бастады. Алғашқы тау жыныстарында бактериялардан басқа саңырауқұлақта өсті. Бұлардан кейін тау жыныстарында мүк пен қына өсе бастады. Сондықтан алғашқы тірі жәндіктер сумен, желмен және мұзбен бірге тау қыртыстарын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп, ыдырап, қарашірік түзді. Қарашірік желімді болғандықтан, үгітілген жыныстарды біріктіріп, құнарлылығы аздау алғашқы топырақтарды түзеді. Осындай құнарлылығы аз топырақта жоғары сатыдағы өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туады. Сөйтіп ғасырлар өткен сайын алғашқы топырақ жетіліп, шын мәніндегі құнарлы топыраққа айналады.
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі зор. Шындығында, климатқа ауадан түсетін ылғал мөлшеріне, ауа температурасының ыстық-суығына қарай әр жерде әр түрлі өсімдік өседі, жәндіктер мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекеттерінен әр түрлі топырақтар түзіледі.
Топырақ түзуші тау жыныстарының түзілген топыраққа аз емес. Түзілген топырақтың химиялық құрамы өзін түзген тау жыныстарының өзі түзген топыраққа әсері, әсіресе шөлді аймақтарда айқын көрінеді. Себебі бұл аймақтарда ауадан түсетін ылғалдың аздығына қарай тау жынысына әсері аз болады да, оның құрамына күрделі өзгеріс енгізе қоймайды.
Топырақ түзуге жер бедерінің де әсері үлкен. Жер бедерінің әр түрлілігіне қарай ылғал мен қоректік заттар түрліше болып келеді. Тегіс жерлерде ауадан түскен ылғалды жақсы сіңіреді, ал жер беті тегіс емес беткейлі, дөңес жерлерге ылғал дұрыс сіңбей, ойпатты жерге су жиналады.Жер бедерінің топырақ түзудегі тағы бір әсері-беткейлерде күн сәулесі аз, оңтүстік беткейлерде мол түседі. Бұл жағдайлар әр қилы жер бедеріне әр түрлі топырақтың түзілуіне әсер етеді.
Топырақ түзуге геологиялық жас аймақтың топырағы да жас, жаңа түзіле бастаған топырақ, ал геологиялық ескі аймақтарда топырақта ескі болады. Мысалы, кең байтақ көршілес елдердің солтүстік жағында жаңа топырақ түзіліп жатса, оңтүстігінде көне дәуірден келе жатқан топырақ дамиды. Себебі оның теріскей жағы кейінгі дәуірлерде ғана мұздан арылған, ал оңтүстікте бұған бірнеше дәуірлер өтті. Тіпті оңтүстік аймақтардың көп жерлерін мұз баспаған, сондықтан бұл алқаптарда топырақтың даму процесі ертеде басталған.
Топырақ түзу процестерінде адамзат қоғамының да тигізетін әсері орасан зор. Адамзат қоғамы өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде топырақты қолдан суарып немесе құрғатып, өңдеп табиғи даму процестерінде көп өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістердің көбі топырақты пайдалы қасиеттерін жақсартуға, құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесі. Топырақ көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізген кезде, олардың бұрынғы табиғи қасиеттерінің көбі өзгеріп, жаңа мәдениеттенген сапалы топыраққа айналды. Бірақ адамзат қоғамының топыраққа әсер еткен әрекеттерінің барлығы топырақ құнарлылығын арттыра бермейді.
Суармалы алқаптар да жерді суару мен өңдеу кезінде жіберілген қателіктердің салдарынан құрамында тұз көп емес топырақтың екінші рет сорлану процестері басталып немесе батпақтанып, егістікке жарамай қалған жағдайлары аз емес. Ал кей жерлерде механикалық құрамы жеңіл топырақтар жер жыртқанда жел эрозиясына ұшыраған.
Негізінде топырақты өңдеу, химияландыру жұмыстары жердің құнарлылығын арттыруға бағыттауға тиіс. Ол үшін әрбір аймақтағы топырақтың қасиеттері мен құрамын, экологиясын, ерекшелігін жете білу керек.
2.3. Топырақтың құрамы, морфологиясы мен негізгі қасиеттері
Топырақтың негізгі үш фазадан тұрады. Олар: топырақтың қатты фазасы, топырақтың ауасы және ылғалдылығы. Соңғы жылдары көрнекті топырақ зерттеушісі профессор А.А.Роде төртінші фаза ретінде топырақты тірі фазасын ұсынды.
Топырақ су сыйымдылығы бар қопсытылған дене болғандықтан, оның құрамында әрдайым азды-көпті ылғал кездеседі. Топырақ ылғалдылығы әр жерде әр қилы. Жалпы топырақтағы ылғал бірнеше түрге бөлінеді. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет