ІV. Тәжірибелік бөлім.
4. Топырақ құнарын қалай арттырады?
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы саласандағы басты мәселе-топырақтың табиғи құнарын сақтап, өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру. Себебі қуаңшылық пен экологиялық зардаптар және климаттың өзгеруі қуаңшылыққа соқтырып отыр. Топырақтың құнарын толықтыратын негізгі үш элемент-фосфор, калий, азот екенін ескерсек, еліміздегі егістік топырақтың 98%-на фосфор жетіспейді екен. Мысалы, біздің облыстың топырағының құрамында калий көп болғанмен, фосфордың тапшылығы өнімнің шығымын азайтуда. Ал еліміздің фосфордың қоры жағынан әлемде бесінші орынды иеленеді.
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы, техника ғылымының докторы, профессор Исатай Нұрлыбаев пен Жер ресурстары басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» республикалық ғылыми әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаев фосфор қоңыр көмірді араластыру арқылы алынатын кешенді тыңайтқышты біздің облысымызда да өндіруге болатынын айтады. Демек, қолда бар байлықты ұтымды пайдалана білсек, аграрлық секторда тәуір пайда түсіруге болады. Сонымен, тыңайтқышты тиімді пайдалансақ ....
Ауыл шаруашылық өнімнің шығымы мен сапасы нәрлі топыраққа байланысты. Ал топырақты құнарландырудың тиімді жолы-минералды және органикалық тыңайтқыштарды пвйдалану. Дегенмен елімізде бұл жұмыстар әлі де бір ізге қойылмаған. Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Агрохимия қызметі» Республикалық ғылыми әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілі Тілекқабыл Ермекбаевтың айтуыншы: біріншіден, тыңайтқыштар ешқандай жүйесіз қолданылса, екіншіден, топырақтың құнарлылығы ескерілмейді.
Ауыл шаруашылық өнімін, оның ішінде астықты мол алу үшін жерді пайдаланудың теориялық мәселелеріне ерекше назар аудару керек. Себебі, тыңайтқыштарды ретсіз қолдану, қуаңшылық, ылғалдың аздығы, агро техникаларды дұрыс пайдаланбау жер қыртысын бүлдіріп, астықтың сапасын нашарлатып, шығымын төмендетеді. Сондықтан қоректік заттарды ұтымды қолдану арқылы топырақтың табиғи қалпын сақтап қалуға болады. Ал табиғи топырақтан нәр алған бидайдың тәуір өсетіні анық.
Биогумус – органикалық тыңайтқыш, ауыл шаруашылық қалдықтары шылаушын және басқа да микроағзалармен (саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицедтер, жәндіктер, буынаяқтылар) өңделеді.
Биогумус өте пайдалы органикалық тыңайтқыш болғандықтан, оған деген сұраныс та жоғары. Биогумус топырақтың құнарын, құрылымы мен физикалық қасиеттерін жақсартады. Биогумуспен тыңайтылған топырақты бірнеше жыл қолдануға болады.
Бұл шаруа калифорниялық қызыл шұбалшаңдар арқылы көңді өңдеу, биогумус ( қара топырақ) деп аталады. Өз шикізатымызды өңдеп, ауыл шаруашылығына тыңайтқыш дайындаймыз. Бұл тыңайтқыш – ешқандай қоспасыз табиғи өнім. Қызыл шұбалшаңдар жануарлардың көңімен қоректенеді, солардан шыққан дүниені биогумус деп атаймыз. Бұл органикалық тыңайтқышқа жатады. Қазіргі таңда жердің құнары өте нашар. Барлығы химиялық өнім жасап жатыр. Ал бұл тыңайтқыштар арқылы таза органикалық өнім аласыз. Негізі бұл сала Америкада қатты дамыған. Сондай-ақ, Европа, Үндістанда, Өзбекстанда бұл тыңайтқыштарға сұраныс өте жоғары. Біз пайдаланатын шұбалшаң – калифорниялық қызыл шұбалшаң. Бұл шұбалшаңдар қарапайым құрт сияқты емес, ұзақ өмір сүреді. Бұл шұбалшаңдардың арнайы құжаттары бар. Олар қарапайым шұбалшаң сияқты топыраққа кіріп, қашып кетпейді, азық берген жерде өмір сүре береді.
Достарыңызбен бөлісу: |