Төтенше жағдайлар департаменті Қр тжм шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2012 жылғы атқарған жұмысы туралы есеп


ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 ақпандағы № 473 қаулысымен 2011-2012 жылдары Тұрғын үй коммуналды шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы бекітілген



бет2/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.51 Mb.
#7202
1   2   3   4   5

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 ақпандағы № 473 қаулысымен 2011-2012 жылдары Тұрғын үй коммуналды шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы бекітілген.

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне республикалық бюджеттен (ҚР Үкіметінің 201 жылғы 21 шілдедегі №835 қаулысы) көппәтерлі тұрған үйлерді жөндеу және термомодернизациялау үшін 858 млн. 800 мың теңге бөлінді.

Жобаны жүзеге асыру екі механизм бойынша жүзеге асырылады – «Өскемен тәртіп» МКК, «МЭПС» МКК (Семей қ.) және «Ертіс» БӨК.

112 үй бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде, соның ішінде Өскемен қаласында 83 үй, Семей қаласында 29 үй.

2012 жылы 44 баспананы жөндеу жоспарланған, іс жүзінде 34 баспана жөндеуден өтті, соның ішінде: Өскемен қаласында – жоспар бойынша 37, іс жүзінде – 31 баспана, Семей қаласында - жоспар бойынша 7 баспана, іс жүзінде - 2 баспана. 2012 жылдың желтоқсан айының соңында Энегетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қабылдау комиссияларының актілері ұсынылады.

Кондоминиум объектілерінде жөндеу жұмыстары барысына бақылауды «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау бекеттері жүргізеді.

Бағдарламаны толық ауқымды түрде жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері бойынша агенттігіне 2012-2014 жылдары кондоминиум объектілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге сомасындағы қаражат бөлу бойынша бюджеттік тапсырыс жолдады. Осы қаражатқа 600 көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуден өткізіп, 69,7%-дан 49,2%-ға дейін кондоминимум объектілерінің үлесін азайту жоспарлануда. Жалпы, 2020 жылға дейін 3970 үйлердің 2600 жөндеуден өткізіп, үлесті 10% жеткізу жоспарда бар.

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 02 қыркүйектегі № 1005 қаулысы сәйкес (Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы) Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында тұрғын инспекциялары құрылған.

Басқа аудандарда инспекциялар жұмыс істеп тұрған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің жанынан құрылды.

Осы мекемелердің жұмыс істеуі тұрғын қорын толық көлемде техникалық тексеру және күрделі жөндеу бойынша шараларды дереу орындау қажет объектілерді анықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Коммуналдық желілерді салу мен жаңарту мәселесі аймақтардың даму стратегиялық жоспарларында айқындалған.

Жиынтық ақпарат ай сайын ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетіне 25 күніне қарай жолданған және жолданады.



Сейсмика.

ТЖ министрлігінің мекенжайына 2006 жылғы 2 наурызда ҚР Премьер-Министрінің №43-ө өкімімен бекітілген, сейсмикалық қауіптілік пен жер сілкінісін болжау мәселелері бойынша мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын жергілікті атқару органдарының орындамауы туралы, сондай-ақ жоғарыда аталған Жоспарды орындау мақсатында әзірленген, облыстық мәслихат бекіткен ШҚО аумағында ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық нығайту және сейсмикалық шағын аудандастыру карталарын өтеу бойынша 2008-2019 жылдарға арналған облыстық аймақтық бағдарламаның бірінші үш жылдық кезеңі бойынша 29.03.2011 ж. шығыс № 820/23-15-11 хат жіберілді.

2011 жылдың 4-тоқсанында сейсмология институтында халық саны 30 мың адамға дейін облыс қалалары үшін сейсмомикрорайондау картасы әзірленді.

2008-2019 жылдары ШҚО аумағындағы ғимараттар мен құрылыстарды сейсмокүшейту және сейсмомикрорайондау картасын өткеру бойынша өңірлік бағдарламасы облыс аумағын дамыту бағдарламасына енгізілген. Бағдарламаны қаржыландыру 2014 жылдан бастап жүзеге асыру жоспарлануда.

Есептік кезеңде «Қазмырыш» ЖШС (ЗТКБК, РТКБК, ӨМК,), «ӨТМК» АҚ және т.б. объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде жұмыстарды кезеңмен орындаудың келісілген кестесіне сәйкес салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың құрылыстардың құрылысын сейсмикалық нығайту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар кәсіби«Қазмырыш» ЖШС (ЗТБК, РТБК, ӨМК), «ӨТМК» АҚ және басқа да объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген жұмыстың кезең-кезеңмен орындалу кестесіне сәйкес салынып жатқан құрылыс ғимараттар мен құрылыстарының құрылымдарына сейсмикалық күшейту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Мәселең, «Қазмырыш» ЖШС ӨМК-де қоршау құрылымдарын жеңілдету жолымен балқыту цехінен қорғасын өндірісін тазалау цехіне тельферлік галереяны қалыпқа келтіру жүргізілді (т/б панельдер профильденген парақтарға ауыстырылды, көтергіш металл конструкциялары күшейтіліп, ауыстырылды). Гидравликалық цехтың өндірістік ғимаратын жабудың конструкциялық шешімі өзгертілді (темір бетонды жабу құрылымы ағашқа ауыстырылды, жабу еңісі өзгертілді және профильденген параққа ауыстырылды) және т.б. Сондай-ақ жоғары сейсмикалық жағдайларда жүктеменің ерекше байланысын есепке ала отырып қауіпті өндіріс ғимараттары мен құрылыстарын жобалау сатысында техникалық шешімдер бақылауға алынады.

2011 жылы ауданы 110864,06 шаршы метр өнеркәсіптік мақсаттағы 14 объектіде 74 ғимарат және құрылыс тексерілді.

Нақты жалпы сомасы 257 миллион 868 мың 233 теңгеге 12 объектіде сейсмикалық күшейту жүргізілді

2012 жылы Өскемен қаласы бойынша жалпы сомасы 21 млн. 998 мың теңге құрайтын көлемі 145375 шаршы метр өнеркәсіптік мақсаттағы 4 нысандағы 35 ғимараттар мен құрылыстар тексерілді,

Іс жүзінде жалпы сомасы 1 млрд. 212 млн. 500 мың. теңге құрайтын кәсіпорын қаражатынан бір нысанның 5 ғимараты мен құрылыстарында сейсмикалық күшейту жүргізілді. Риддер мен Зырян қалалары біздің өтіңімізге 2012 жылғы 20 желтоқсанға дейін ақпарат пен мәліметтер ұсынулары қажет.

Әлеуметтік және өндірістік саладағы объектілердің, жоғары қабатты тұрғын үйлердің сейсмикалық тұрақтылығына 19 миллиард 991 миллион теңге көлемінде көтергіш құрылыстардың сейсмикалық күшейту бойынша (жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді қосқанда) жұмысын жүргізуге республикалық бюджет қорынан 19 миллиард 991 миллион теңге, оның ішінде 2014 жылы 10 миллиард 583 миллион теңге,2015 жылы 9 миллиард 408 миллион теңге бөлінді.

Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министр С.Н.Ахметовтың бірінші орынбасарының жұмыс сапарының қорытындысы бойынша кеңестің 2012жылғы 28 наурыздағы хаттамасын орындау үшін Шығыс-Қазақстан облысы әкімдігі ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері бойынша агенттігіне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жоғарғы қабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік және өндірістік саладағы нысандарды техникалық жіті тексеру мен паспорттау жүргізу үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард 345 миллион теңге сомасындағы қаражат бөлу бойынша 2012 жылғы 10 мамырда бюджеттік тапсырыс жолдады.

ҚР ТЖМ ШҚО ТЖ департаменті Аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру барысы жайлы ақпараттарды ұсыну туралы ШҚО энергетика мен тұрғын-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мекенжайына 2012 жылғы 02 шілдедегі шығыс № 23-15-11/2160, ШҚО құрылыс басқармасына 2012 жылғы 02 шілдедегі шығыс № 23-15-11/2159, ШҚО сәулет және қала құрылысы басқармасына 2012 жылғы 02 шілдедегі шығыс № 23-15-11/2161 хаттар жолданды, бірақ жауаптар алған жоқпыз.

Сонымен қатар осы уақытта республикалық деңгейде шешуді қажет ететін проблемалық мәселелер бар:

ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері бойынша агенттігі арқылы мына іс-шараларды орындауға қаржы қаражатын бөлу:


  1. Әлеуметтік және өндірістік саладағы объектілердің, жоғары қабатты тұрғын үйлердің сейсмикалық тұрақтылығына 6 миллиард 947 миллион теңге көлемінде егжей-тегжейлі техникалық тексеру жүргізуге.

  2. Әлеуметтік және өндірістік саладағы объектілердің, жоғары қабатты тұрғын үйлердің сейсмикалық тұрақтылығына 19 миллиард 991 миллион теңге көлемінде көтергіш құрылыстардың сейсмикалық күшейту бойынша (жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді қосқанда) жұмысын жүргізуге.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

Шығыс Қазақстан облысының өнідірістік кәсіпорындарында жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде бірнеше жылдар бойы өндірістік жарақат алудың тұрақты төмендеу үрдісі қалыптасты.

Өндірістік жарақатқа жүргізілген талдау бойынша қайғылы оқиғалардың негізгі техникалық және ұйымдастырушылық себептері болып технологиялық процестердің жетілмегендігі және бұзушылығы, тиісті ведомстволық бақылаудың болмауы, зардап шегушінің абайсыздығы болып табылады.

ҚР ТЖМ ШҚО ТЖ департаменті облыстың 1300 кәсіпорынына өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына бақылау жүзеге асырылады (оның ішінде 476 шағын кәсіпкерлік кәсіпорыны).

Бақылауындағы кәсіпорындардың ішінде 85 тау-кен саласындағы, 3 көмір өндіру, 30 металлургиялық, 206 химиялық және мұнай өңдеу, 31 жару жұмыстарын жүргізетін кәсіпорны, 50 геологиялық барлау кәсіпорны, 893 қазандықтар мен газ кәсіпорындарын, көтергіш құрылымдар мен нан өнімдерін бақылау кәсіпорны, магистралдық құбырлар бойынша 1 кәсіпорны.

Жыл басынан бастап 1248 тексеру жүргізілді, оның 19-ы кешенді. Жүргізілген тексерулер барысында қауіпсіздік техникасы бойынша нормативтік құжаттардың 7923 бұзушылығы анықталды. Еңбекшілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін анықталған бұзушылықтар нәтижесінде ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекторлардың талаптары бойынша кәсіпорын басшылары 25 объекті мен жұмыстарды тоқтатуға мәжбүр болды

Қауіпсіздік талаптарында жіберілген бұзушылықтар үшін жауаптылыққа 297 адам тартылды, оның ішінде 8 245 300 теңге сомасына 4273 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікке қатысты 667 ақпарат, оның 170 жоғарыда тұрған органдарға, 24 жергілікті әкімдіктерге «Зырян қ. «Казцинк» ЖШС қалдықтарын көмуге қатысты», «Шығыс Қазақстан облысы бойынша қалдық қоймаларының жағдайлары», «Газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану мен жөндеуге қатысты», «Жылу беру маусымның өтуі туралы», «Заречный кентіндегі пайдаланбайтын хлор баллондарын бейтараптандыруға қатысты», «Экологиялық қауіпсіздікке қатысты», «Компания ЛК ГЭС» ЖШС су қоймасы туралы», «Тұрғындар үшін ауыз су», 2012-2013 жылдардағы және т.б. жылу беру маусымының өту барысы туралы» дайындалып, жіберілді.

Құрамында қауіпті объектілері бар кәсіпорындарды декларациялау барысына бақылау жасау жүргізілуде.

Қызметі үшінші тұлғаларға қауіп төндіретін объект иелерін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке міндетті сақтандыруды бақылау бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі таңда ШҚО бойынша декларациялауға жататын міндетті сақтандыруға 80 объектінің иесімен келісімшарт жасалды, 1 кәсіпорын 2012 жылға келісімшарт жасаған жоқ. Қазіргі таңда «Береке» ЖШС келісімшарт жасасу бойынша жұмыс жүргізулуде. 11 объектіде жұмыстар жүргізілмейді.

Ескірген технологиялық жабдықты пайдаланудан шығаруға бақылау қамтамасыз етілген. Мәселен, 2012 жылы орындау көзделген жоспардың 199 тармағынан толығымен 174 тармақ орындалды, 25 тармақ уақытында қаржыландырмауға және жеткізу мерзімін жылжытуға байланысты 2013 жылға ауыстырылды.

«Қазмырыш» ЖШС Зырян және Риддер байыту фабрикаларында физикалық толығымен тозған флотациялық және сорғы жабдығы жаңасына ауыстырылды. Тозған жабдықты біртіндеп ауыстыру сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС байыту фабрикаларында жүзеге асырылуда.

ШҚО-да 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – ҮИИДМБ) сәйкес 25 жоба бар. Қауіпті өндірістік объектілерге қатысты 15 жобаны жүзеге асыру барысы туралы ақпарат ай сайын ұсынылады.

Инспекторлық құрамды құқықтық және техникалық, соның ішінде

Инспекторлық құрамның құқықтық және техникалық, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша сабақтары өткізіледі.

ШҚО ТЖД ТЖжӨҚ мемлекеттік бақылау басқармасы бас мамандарының қатысумен «ТМҚТ ҒЗО» ЕМК жанында біліктілікті арттыру курстарында жылдың басынан 1231 маман оқытылды.

Сонымен қатар өнеркәсіптік қауіпсіздігі инспекторлық құрамының біліктілігін арттыру курстарынан 61 мемлекеттік инспектор оқудан өтті, оның 7-уі ШҚО ТЖ департаментінің бас маманы.

Өрт қауіпсіздігі

Облыстағы өрт қауіпсіздігінің жоғарғы деңгейін ұстау мақсатында облыстың 5742 шаруашылық нысандарына жүргізілді, онда 54 558 бұзушылық анықталды.

Өрт қауіпсіздік талаптарын бұзғандығы үшін 3352 тұлға, жалпы сомасы 28 млн. 508 мың. 918 теңге болатын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлық деңгейлі атқарушы билік органдарына Нысандардың өртке қарсы жағдайы туралы және өңірдің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша жергідікті билік органдарына, прокуратура органдарына, нысандардың басшыларына 497 ақпарат жолданды.

Өрт қауіпсіздік нормаларын орындамағаны үшін сот органдарына объектілер, агрегаттар, ғимараттар жұмысын тоқтату жөнінде 180 талап өтініш жолданды, олардың ішінде соттармен 147 қанағаттандырылды, ал қалғандары қарастырылуда.

Тұрғын секторындағы өрттер жағдайын тұрақтандыру мақсатында 110142 аулаларды аралау, халықтармен 347 жиындар мен жиналыстар, тұрмысы төмен отбасылармен, зейнеткерлермен, жұмыс орындары анықталмаған тұлғалармен 72 рейд жүргізілді.

Осы мақсатттар үшін 154 мың 328 дана насихаттау материалдары (плакаттар, жадынамалар) әзірленіп шығарылды. Облыста қыркүйек айында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілді.

Елді мекендерде табиғи өрттердің туындаудың алдын алу мәселесінде үлкен жұмыстар өткізілді.Мәселен, облыс әкімдігі 2011 жылға арналған облыс аумағындағы орман дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі Жоспарын бекітті.

Облыс аумағында орман және дала өрттерін сөндіруді ұйымдастыру кезіндегі өзара әрекеттестік тәртібін реттейтін нұсқаулық әзірленген және қолданыста.

Ауылдық елді мекендерде 306 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылған, 90,5 мөлшері 90,5 тонна жанар-жағармай қорын құрылған, азық-түлік, дәрі-дәрмектер және басқа да пайдаланылатын материалдар сатып алуға ақшалай қаражат салынған. Ауылдық өрт сөндірудің 69 тірек пункттерінің (ТП) жұмысы ұйымдастырылған.

Облыстың шаруашылық ету нысандарында 3111 ЕӨСҚ құрылған және олардың жарақтануында 195 өрт және бейімделген техника, 69 мотопомп бар.

Салынып жатқан объектілерде өртке қарсы нормалардың сақталуына бақылауды асыру үшін нысандарды пайдалануға қабылдау бойынша 2129 мемлекеттік (қабылдау) комиссиясына қатысты, бұл ретте 1849 пайдалануға қабылдау актілеріне қол қойылды.Пайдалануға автоматтандырылған өрт сөндірудің 17 жүйесі, автоматтандырылған өрт дабылының 343 жүйесі қабылданды. Бүгінгі күні өрт автоматикасымен жабықталуға жататын 17713 нысанның 12997-і жабдықталды.

ШҚО ТЖД департаменті бөлімшелерінің инженерлік-инспекторлық құрамы өрттердің туындауына кінәлі 379 тұлғаны жалпы сомасы 586 661 теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке атртылды.

Өрт сынау зертханасы мамандары өрттердің туындауының себептерін зерттеу қорытындысы бойынша 79 қорытынды берді. Гарнизонның жылжымалы өрт зертханасы мен стационарлық зерттеу стендтерімен жабдықталуының арқасында өрттердің себептерін және онан әрі оларға жол бермеу бойынша ұсыныстарды әзірлеумен зерттеудің сапасы аса жоғарлауда.

Шығыс Қазақстан облысының суқоймаларында азаматтардың қаза болуын алдын алу мақсатында әсіресе суға түсу маусымында жергілікті атқарушы органдармен, ішкі істер департаментімен, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларымен, «Ертіс» көліктік бақылау өңіраралық инспекциясымен, «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» ММ-мен бірлесіп суқоймаларында адамдардың мерт болуын алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.

Аталған жоспарды орындау шеңберінде қысқы өткелдердің жағдайына тексерулер ұйымдастырылды, суға түсу кезеңі басталар алдында демалыс базаларының, балалар сауықтыру лагерлерінің және көпшілік суға түсу орындарының тізбесі нақтыналанды, олардың жасақшы-құтқарушы даярлаудағы және су айдындарының түбін демалушылардың өміріне, денсаулықтарына қауіп төндіретін заттардан тексеру және тазалау бойынша сүңгуірлік жұмыстарды жүргізудегі қажеттілігі айқындалды.

Шығыс Қазақстан облысы суқоймаларында қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында 2012 жылы жыл басынан бастап мынадай іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:

- әңгімелер, дәрістер – 3608, қамтылуы 80338 адам;

- телехабарлар/бейнероликтер шығуы - 68/12665;

- радиохабарлар - 26;

- мақалалар, ескертпелер - 149;

- судағы қауіпсіздік шаралары бойынша орнатылған баннерлер – 18;

«Суға түсу кезіндегі судағы ережелер», «Мұздағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында таратылған плакаттар – 2293 дана.

Балаларға арналған суқоймалардағы қауіпсіздік шаралары бойынша 900 дана көлемінде, сонымен қатар құтқарушы - сүңгуірлер дайындауға арналған 240 дана көлемінде плакаттардың жаңа партиясы қосымша шығарылды;

Судағы, мұздағы қауіпсіздік ережелері бойынша таратылған бейнематериалдар - 349.

Бүкілхалықтық мерекелерді өткізу кезінде суқоймаларда, әсіресе елді мекендерде адамдар өмірін қорғау күшейтіледі.

Кіші кеме тұрақтарын пайдалану ережелерінің сақтау бойынша 17 рейдтер, суға түсу кезеңде азаматтардың су қоймаларында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша 29 рейдтер, қыс кезінде балық аулаушылармен 1044 нұсқау өтті.

Құтқару станциясы базасында 47 жасақшы-құтқарушы, жүзу бойынша 9 нұсқаушы дайындалды және жүзуге 1303 бала үйретілді.

Білім беру басқармасымен әрекеттесіп өткізілген жұмыстарда, өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге жіті назар аударылды. Бекітілген бірлескен жоспар бойынша облыс мектептерінде 100 000 аса оқушыларды қамтумен 15 интерактивті сабақ өткізілген болатын. Оқу орындарында 464 дәрістер, викториналар, сайыстар, өрт-техникалық орталықтарына экскурсия, жас өрт сөндірушілер жасақтары арасында жыл сайынғы жарыстар өткізілді.

Департамент қызметкерлері облыс суқоймаларында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстың оқу орындарындағы 58 ата-аналар жиналысына қатысты.

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен облыстың оқу орындары және балалар сауықтыру лагерлерінде суда құтқару көп сайыстары бойынша 15 жарыс, соның ішінде облыстың балалар үйлерінің командалары арасындағы облыстық жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді.

Ресей Федерациясының ТЖ министрі В.А. Пучковтың шақыруы негізінде және ҚР ТЖ министрінің өкімін орындау үшін 2012 жылдың тамыз айында Жігер» Өскемен балалар-жасөспірімдер клубы бірлестігі» «Жас құтқарушылар мектебі» командасы Ресей ТЖМ «Қауіпсіздік мектебі» 1-ші халықаралық жарыстарына қатысты. Жарыстарға жақын және алыс шетел елдерінің 12 балалар командалары қатысты. Ресей мен Украина командаларына жол беріп 3-орынды иеленді. Облыстың жас құтқарушылары ШҚО ТЖД жанында үнемі дайындықтан өтеді және келесі жарыстарға қатысуға дайын.

ШҚО ТЖД Өскемен қаласының оқушыларымен КТК (көңілділер мен тапқырлар клубы) өткізуді дәстүрге айландырды. Жас КТК-шілер былтырғы ойындардағы өрт қауіпсіздігіне байланысты ойындарды ұмыт қалдырмай бұл кезеңде де «Бұл қызмет әрі қауіпті, әрі қиын» атты жаңа тақырыпты сахнада шебер көрсетіп шықты. Бұл жолы қатысушылар да, ұйымдастырушылар мен басшылар да ТЖ қызметі мен оның құрамындағы бөлімшелерге назар аударуды шешті.

Қараша айында КТК кезекті ойындары өтті. КТК қалалық қоғамдастығының көмегімен «ТЖ» кубыгына ойындар өткізілді. Әртүрлі тақырыптар қарастырылды. Өрт қауіпсіздігі, ережелерді сақтау, белгілі белгілерді зерделеу бойынша тематикалар тілге тиіек етті. Ойынға 4 мектеп оқушылары мен 4 ЖОО-ның студеттері қатысты.

«ТЖ Кубогы» жарысы Өскемен қаласындағы жоғарғы сынып оқушыларымен жастары арасында ТЖ алдын алу мен тіршілік қауіпсіздігі бойынша алдын алу мен түсіндіру мақсатында өткізіледі. Ойын арқылы тек оқушыларды үйретіп қана қоймай, сондай-ақ рухани мәдениетке және шығармашылық белсенділікке үйретеді. Балалар өз мүмкіншіліктері мен ойлау қабілеттерін жетілдіреді.

Семей қ. ТЖ Басқармасы қаланың білім беру бөлімімен бірлесіп 15 оқушымен екі топтан тұратын «жас құтқарушылар мектебін» құрды. Сабақтардың ережесі, жоспар-кестесі құрылды және бекітілді.

Жазғы демалыс уақытының басталуымен балалар арасында ТЖ алдын алу бойынша мектеп ауласындағы және қала сыртындағы демалыс лагерлерінде белсенді жұмыс атқару ұйымдастырылды. Жыл сайын бекітілетін жоспарға сәйкес «Алтайские Альпы, З.Космодемьянская, А.Матросов» атындағы жазғы балалар сауықтыру лагерьлерінде әскери техника, құтқару бөлімшелерін қатыстыру арқылы конкурс-жарыстар өткізу жоспарланды. Бүгінгі күнге дейін «Алтайские Альпы» және «З.Космодемьянская» балалар сауықтыру лагерлерінде 1200 балаларды жалпы қамтумен 10 жарыс өткізілді.

Өскемен және Семей қалаларының ӨТО-мен бірлескен жұмыс белсенді атқарылды. Өткен кезеңде 114 экскурсия өткізіліп, онда 2814 астам адам қамтылды.

ШҚО ТЖД оқыту орталығы «Кругозор» туризм мәдениетінің жастар орталығымен бірлескен іс-әрекетті жолға қойған. Осы бірлескен іс-қимылдың шеңберінде оқыту жөніндегі мамандар осы орталық өткізген «Экобезопасики» конкурстарына, экологиялық-туристік эстафетада төрелік етті, «ТЖ кезіндегі балалардың қауіпсіздігі» мәселелері бойынша мини-орталықтарда бала бақшалардың тәрбиешілерін дайындауға қатысты. Биылғы жылы «Эко-Тур-Эстафета-2012» облыстық конкурсын өткізу үшін ШҚО ТЖД басшылығы манежді босатып берді. Облыстың барлық аудандарының балалары ілмелі өткел арқылы жылжу, шатырларды тігу, жеке қорғаныс құралдарын кию және басқа жарыс кезеңдерінде өз білімдерін көрсетті. Конкурстың «Скалодром» кезеңі қатысушылардың барлығының назарын өзіне аударды.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ зардаптары бойынша іс-шаралардың тиімділігін жоғарлату, ТЖМ құралдары мен күштерін дамыту

Гарнизонның күштер мен құралдарын тұрақты жауынгерлік даярлықта ұстау бойынша іс-шаралар бұлжытпай орындалды.

Дағдарыс жағдайларында күштер мен құралдарды тиімді басқаруды жоғарлату үшін ШҚО ТЖД БДКҚ барлық жедел ден қою қызметтеріне шыға алады. Дағдарыс орталығының барлық техникалық және бағдарламалық-аппараттық құралдары ұдайы дайындықта тұрады.

Шағын сандық автоматтандырылған телефон бекеті құрастырылды және жұмысқа енгізілді. Жауынгерлік кезекшілікке ШҚО ТЖД ұялы байланыс тораптары қойылған, ұялы байланыс тораптарының эпипаждары бекітілген.

2012 жылдың 1-ші тоқсанында ШҚО ТЖД БДКҚ өндірістік экологиялық мониторингтың өңірлік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен пайдалану аясында осы жүйенің алыстан пайдаланушың жұмыс орны жұмысқа енгізілді, сонымен қатар мобилдік жұмыс орны да бар.

КАКЖ серверлік құралдарының жөнге келтірілді. Дағдарыс орталығында бейнеконференция байланысы жинастырылды. ТЖМ телефондық желілерінің қысқа нөмірлеріне тауып сөйлесу үшін Пермитина 23 мекенжайы бойынша ШҚО ТЖД ғимаратында дыбыстық шлюз орнатылған.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы мен қаупі кезінде байланыс жоспары, радиобайланыстың және өткізгіш байланыстың сұлбалары әзірленді және бекітілді.

ШҚО ТЖД және Алтай өлкесі бойынша РФ ТЖМ ММ және Алтай Республикасы арасында апта сайын әр сейсенбіде радиоалмасу сеансы жүргізіледі және журналда тіркеледі.

Есеп беру кезеңінде облыстық, қалалық, аудандық жедел ден қою жасақтарын хабарландыру және жиын бойынша 43 оқу-жаттығу өткізілді, 4 штабтық оқу-жаттығулар, 5 командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізу ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысының күштер мен құралдар тобы 16 аудан және 3 қаладан ұсынылған жарты жылдық есептерге сәйкес, жеке құрам саны 60977 адам және 7329 бірлік техникасы бар 4839 азаматтық қорғаныстың құралымы құрайды, жеке құраммен 95,6% , техникамен 95,5%-ға, мүлікпен 83% жабдықталған. Оның: 3376-ы (69,8%), дайын, шектеулі дайын 1421-і (29,3%), дайын емес - 42 (0,9%).

Департаменттің бөлімшелері 2 республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға және 2 жаттығуға қатысты.

Шұғыл шеберлікті жоғарлату және авариялық қызметтермен бөлімшелердің басшы және жеке құрамының тәжірибелік өзара әрекеттесуін өтеу мақсатында жауынгерлік дайындық жоспары бойынша 2012 жылы облыстың аса қиын объектілерінде 243 өрт-техникалық оқу-жаттығулар, 1177 өрт-тактикалық сабақтар өткізілді.

Өрт сөндіру техникаларының жарамды жағдайда ұстау мақсатында гарнизонның өрт сөндіру бөлімінің техникалық қызметі базасында 306 әр түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Есеп беру кезеңінде кәсіби даярлық мектебінде қайтадан даярлаудан және алғашқы оқытудан 233 қызметкер өтті.

Министрліктің қолдауының арқасында 2012 жылы жеке құрам өрт сөндірушілердің заманауи жаттығу кешенінде ГТҚҚ тәртібі бойынша жаттығу сабақтарын өту мүмкіндігін алды, ал өрт сөндіру сорғышымен және автобаспалдақта жұмыс істеу бойынша интерактивтік тренажерларды орналастыру оқу сапасының жоғарлауына да өз әсерін тигізді. КДМ-дағы оқушылар үшін электрондық кітапхана сыныбы жабдықталды.

ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ АЖ МҚ дәрігерлері сәуір айында медициналық қызметке сертификаттар алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет