Тозаңды отынды дайындау мен жағуға арналған отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- параграф. Шаң өткізгіштер және газ ауа өткізгіштер



бет3/6
Дата16.07.2016
өлшемі374.5 Kb.
#202886
1   2   3   4   5   6

3 - параграф. Шаң өткізгіштер және газ ауа өткізгіштер

39. Шаңды әзірлеу жүйесінің шаң өткізгіштерінде шаңның тұрап қалу, тұрған және тұйық аймақтардың пайда болу мүмкіндігіне жол берілмейді. Шаң көлігінің жылдамдығы шаң бөліктерінің тұрып қалуын болдырмау және шаң өткізгішке пештен жалынның өтуін болдырмау шарттарына байланысты таңдалады.

Шаң өткізгіштер, келесі шаң өткізгіштерді есепке алмағанда, деңгейжиекке 45 кем емес еңіспен орындалады:

барлық жүктемелер кезінде олардағы шаң газ ауа қоспасының жылдамдығы 25 м/с кем емес жылдамдықты қамтамасыз ету кезінде, диірмен желдеткішінен лақтыру жанарғыларына шаң өткізгіштерді және горелкаларға араластырғыштар алғашқы ауаны;

қазандықтың барлық жүктемелері кезінде олардағы шаң газ ауа қоспасының жылдамдығы 18 м/с кем емес жылдамдықты қамтамасыз ету кезінде шаңды тікелей үрлеу қондырғыларында диірменнен жанарғыларға дейін;

деңгейжиекке 20 кем емес еңіс бұрышты, қысымдағы жоғары концентрациялы шаңды (ҚЖШқ) беру;

барлық жүктемелер кезінде ондағы құрғату агентінің 25 м/с кем емес жылдамдығын қамтамасыз ету кезінде, шаңды әзірлеудің ашылған жүйелерінде шаңсыздандырудың екінші және үшінші басқыштарының артында.

Диірмен желдеткішінің қысымды жағынан диірменге құрғату агентін қайта айналдыру құбыр желісі бүгу қиылысында қақпақ орната отырып, деңгейжиекке 45 кем емес еңіс бұрышпен көтеріп-түсіру арқылы орындалады.

40. Шаңды пешке тасымалдау кезінде тасымалдайтын ауаның ҚЖШқ жүйелеріндегі шаң бункеріне енуіне және шаң ағысының қозғалуына жол берілмейді.

41. Шаң әзірлеудің барлық элементтерінде: дөңгелек айналмалы диірменнің (бұдан әрі - ДАД) құбіршегінде және ұшында, шаң өткізгіштің бір ағымынан екіншісіне өтетін жерінде, циклонға кіре берісте және шыға берістегі шаң өткізгіш учаскелерінде, желдеткіштерде, сепараторларда, шаңды ажыратқыштарда және жабдықтың басқа элементтерінде шаңның жиналу мүмкіндігіне жол берілмейді.

Шаң өткізгіштердің бұрылыстарының тозу қарқынын төмендетуге сәйкес құрылымдық шешімдермен және тозуға төтеп беретін материалдарды қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Құбыр диаметрі 400 мм болғанда, жанарғылар айналасындағы шаң өткізгіш бұрылыстарын есепке алмағанда, сегменттерден пісірілген шаң өткізгіштің бұрылыс учаскелерін қолдануға жол берілмейді. Шаң өткізгіштердің жапсарлары пісіріліп жасалады. Шаң өткізгіштердің тез тозатын учаскелерін шектейтін фланецтердің саны аз болуы керек.

42. Шаңды әзірлеу жүйесін шаң газды ауа ортасы бойынша өзара біріктіруге жол берілмейді. Аэроқоспаны бірнеше шаңды әзірлеу қондырғысынан бір жанарғыға өткізуге жол беріледі.

43. ДЖ учаскелерінен басқа, шаң өткізгіштерде, негізгі және қосымша жанарғыларда және қайта айналдыру желісінде ажырататын қақпақтарды орналастыруға жол берілмейді. ДЖ алдындағы қақпақтар оларда шаңның тұрып қалу мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орналасуы керек.

44. Шаңды әзірлеу қондырғысы оған берілетін құрғату-желдету агентінен газ ауа өткізгіште бірінен соң бірі орнатылған екі нығыз қақпақтармен өшіріледі, олардың арасында диірмен алдындағы газ ауа өткізгіштің қимасы 0,25 қимадағы атмосфералық қақпақ орнатылады.

Төмен температуралы құрғату агентін жапсыру нығыз қақпақтар арасында диірмен алдындағы газ ауа өткізгішке жүзеге асырады. Жапсыру құбыр желісі бірге орнатылған нығыз өшіру қақпағымен жабдықталады.

Қақпақтар электр тартқыштармен жабдықталады және қазандық (блок) қалқанынан басқарылады.

Диірмен – желдеткіштері (Д-Ж) бар шаңды әзірлеу жүйесінде төмен температуралы құрғату агентінің алдында газ жинау шахтасына екінші нығыз қақпақ орнату қажет емес.

45. Диірмен алдында құрғату агентінің газ ауа өткізгішінде отынның қалуына жол берілмейді. Барлық диірмендер үшін, орта жүрісті диірменді (бұдан әрі - ОД) есепке алмағанда, газ ауа өткізгіш деңгейжиекке 60 кем емес бұрышта орындалады.

46. ДЖ-ке ыстық ауаны өткізгіште екі нығыз қақпақ орнатылады, олардың арасына ауа өкізгіштің қимасынан 0,25 кем емес қимада атмосферлық қақпақ орнатылады. Қақпақтар тікелей осы ауа өткізгіштің циклоннан ДЖ-ке шаң газ ауа өткізгішіне біріктіру орнына орнатылады. Біріктіру жанындағы ауа өткізгіш учаскесі деңгейжиекке 60 кем емес бұрышта орындалады. Қақпақтар электр тартқыштармен жабдықталады және қазандық (блок) қалқанынан басқарылады.

47. Шаң бункері бар және жанарғыларға шаңды ыстық ауамен берудің шаңды әзірлеу жүйесінде алғашқы ауа қорабы, төменнен қоса орнатылған қақпақтары бар тік учаскелермен қосылатын шаң өткізгіштердің астында орналасады. Араластырғыш алдындағы шаң өткізгіш учаскелері араластырғыш жағына еңіспен орындалады.

48. Дымқыл отынның қоректендіргіштен диірменге ағуы мүмкіндігінше қысқа, бұрыссыз, деңгейжиекке еңіс бұрышы 70  кем емес орындалады.

49. Дымқыл отынның ағымы, сепаратордың сыртқы және ішкі конустарынан шаңды қайтару, циклон астындағы шаң ағымында жыпылықтар орналасады.

50. Қазандық жанарғыларына шаң өткізгіштер олар шаңмен бітелген жағдайда қысылған ауамен үрлеу үшін штуцерлермен жабдықталады.

51. Шнектер мен элеваторлар олардан су буы мен ауаны сору жүйесімен жабдықталады. Диаметрі 90  110 мм болатын дымды соратын құбырларда жылумен оқшаулау, тазалауға арналған штуцерлер және қашықтықтан басқарылатын нығыз бекіту қақпақтары бар. Олар циклоннан ДЖ-ке дейінгі учаскелерде шаң өткізгіштерге қосылады.
1 - кесте – Диірмен (сепаратор) артындағы шаң газ ауа қоспасының ұсынылатын температура мәні


Отындар тобы

Жарылыс санатының мәні

Қондырғыларда ыстық ауамен құрғату

Қондырғыларда түтін газдарымен құрғату







тікелей үрлеумен

шаң бункерімен

тікелей үрлеумен

шаң бункерімен

I

Кт  1,0

220

130

-

-

II

1,0  Кт  1,5

130

100

220

130

III

1,5  Кт  3, 5

100

70*

220

120*

IV

Кт  3, 5

80

-

220

-

* Шаң бункерінің шаңданған кеңістігін көмірқышқылмен немесе азотпен инерттеу кезінде әрекеттегі электр станциялары үшін



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет