Тозаңды отынды дайындау мен жағуға арналған отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- тарау. Жарылыстан қорғау. Жабдықты және персоналды қорғау



бет5/6
Дата16.07.2016
өлшемі374.5 Kb.
#202886
1   2   3   4   5   6

4 - тарау. Жарылыстан қорғау. Жабдықты және персоналды қорғау

88. Шаңды әзірлеу жүйесінің элементтері, желілері және жабдықтары жарылыс кезіндегі қираудан қорғалады, егер олар:

жарылыс кезінде пайда болатын шекті мүмкін болатын қысымнан асатын, ішкі артық қысымға есептелген болса;

ЖҚҚ – түсіру қондырғылары болған жағдайда, мәні жарылыстың шекті қысымынан төмен ішкі артық қысымға есептелген болса.

89. Төзімділігін есептеуге шаңды әзірлеу жүйесінің барлық элементтері, желілері және жабдықтары: шикізат отының қоректендіргіштен бастап жанғыштарға дейінгі (шикізат отының қоректендіргіш және ағымы, қалақшалы ысырмалар, шаңды шнектер, шаңды қоректендіргіштер мен бункерлер, отты оқшаулау корпустары), сондай-ақ диірменнен бастап құрғату агрегатының тегеурінді тарату қорабына немесе жеке ҚАЖ дейінгі газ ауа өткізгіш желісінің аумағының барлығы жатады.

Диірмен алдында құбырлы отты оқшаулау болған жағдайда газ ауа өткізгіш құбырынның төзімділігін тексеру қажет емес.

Компенсаторларды төзімділікке есептеу жүргізілмейді. Олар персонал үшін қауіпсіз жерге орнатылады.

90. ЖҚҚ-сыз шаңды әзірлеу жүйесі үшін жабдықтар, желілер және элементтентер 0,35 МПа ішкі артық қысымға (рр) есептеледі.

91. Д-Ж шаңды әзірлеу жүйесін есепке алмағанда, барлық шаңды әзірлеу жүйелері үшін ЖҚҚ қолдану кезінде беріктікке есептеу қысымы келесідей алынады:

рр = 0,04 МПа, егер ЖҚҚ жалпы көлемі шаңды әзірлеу қондырғысының 1 м3 көлеміне 0,04 м2 кем емес болса;

рр = 0,15 МПа, егер ЖҚҚ жалпы көлемі шаңды әзірлеу қондырғысының 1 м3 көлеміне 0,025 м2 кем емес болса.


19


Д-Ж-мен шаңды әзірлеу жүйелері үшін 0,04 МПа беріктікке рр есептік қысымы кезінде ЖҚҚ жалпы көлемі шаңды әзірлеу қондырғысының 1 м3 көлеміне 0,02 м2 кем емес болуы керек.

Шаң буркері рр = 0,04 МПа қысымға есептеледі.

92. Шаңды әзірлеу жүйелері 2 - кестеге сәйкес ЖҚҚ-мен жабдықталалды.

2 - кесте – Жарылатын қорғаныс қақпақтарының қимасын таңдау және оларды сиретуде немесе Ри  0,01 МПа артық қысымда* жұмыс істейтін жұмыс істейтін шаңды әзірлеу қондырғыларында орнату бойынша ұсынымдар




Шаңды әзірлеу жүйесінің элементтері

Рр = 0,15 МПа

Рр = 0,04 МПа

1

2

3

1. Шаңды әзірлеу жүйесі жалпы

ЖҚҚ жалпы алаңы шаңды араластырғышқа енгізу орнынан жанатын орынға дейін шаң буркері және шаң желісінің көлемін есепке алмағанда, шаңды әзірлеу қондырғысының 1 м3 көлеміне 0,025 м2 кем емес

ЖҚҚ жалпы алаңы шаңды араластырғышқа енгізу орнынан жанатын орынға дейін шаң буркері және шаң желісінің көлемін есепке алмағанда, шаңды әзірлеу қондырғысының 1 м3 көлеміне 0,04 м2 құрайды.

Шаңды пешке тікелей үрлеумен шаңды әзірлеу жүйелері үшін ЖҚҚ алаңының жалпы көлемі егер шаң желісінің айналдырғыштан жанғышқа дейін оның диамертінінің 10-нан аспаса, жанғыш құралының еркін шығатын қимасы алаңының көлеміне азаяды



2. Газ ауа өткізгіштер диірмен алдында және шаң желілері диірмен артында

ЖҚҚ алаңы ДДД құбіршегіне түйісетін құбыр желісінің қима алаңынан 0,7 кем емес. ЖҚҚ ауа өткізгіште ДДД құбіршегінің кіре берісінде, ал шаң өткізгіште шыға берісінде орналасады

ЖҚҚ алаңы БД кіре беріс құбіршегіндегі газ ауа өткізгіш қимасының алаңынан 0,7 кем емес құрайды. Диірмен (сепаратор) артында шаң өткізгіште ЖҚҚ орнатылмайды

3. Орталықтан жүретін сепараторы

ОД тұрғызылған, сепараторлардың ЖҚҚ жалпы алаңы диірмен және сепаратордың 1 м3 көлеміне 0,025 м2 кем емес құрайды. ЖҚҚ алаңын есептеу кезінде ДДД және шығаратын сепаратор сызбасында сепаратор көлемі 1,5 есе көбейеді.

Сепаратордың ішкі конусынан жарылыс өнімдерін шығару үшін екеуден кем емес ЖҚҚ (қақпақта) және сыртқы конусынан жарылыс өнімдерін шығару үшін екеуден кем емес ЖҚҚ орнатылады



ММ салынған ЖҚҚ жалпы алаңы диірменнің, сепаратордың және шаңды ажыратқыштың 1 м3 көлеміне 0,04 м2 кем емес құрайды.

Сепаратордың ішкі конусынан жарылыс өнімдерін шығару үшін екеуден кем емес ЖҚҚ (қақпақта) және сыртқы конусынан жарылыс өнімдерін шығару үшін екеуден кем емес ЖҚҚ орнатылады



4. Екпінді және гравитациялық (шахталық) сепараторлар

Қолданылмайды

Шахталық сепаратор үшін газдың пешке жанатын құрылғылар арқылы шығуы үшін еркін қиманы қоса алғанда және шаңды өткізгіштің сепаратордан жанғышқа дейінгі ұзындығы оның диаметрінің 10-нан көп емес болғанда, ЖҚҚ жалпы алаңы диірменнің және сепаратордың 1 м3 көлемінен 0,04 м2 кем емес құрайды

5. Д-Ж екпінді сепараторлар

Қолданылмайды

ЖҚҚ жалпы алаңы келетін құбіршектің көлемін есепке алмағанда, диірменнің және сепаратордың 1 м3 көлемінен 0,02 м2 кем емес

6. Шаң бункері

ЖҚҚ жалпы алаңы бункердің 1 м3 көлеміне 0,005 м2 құрайды, бірақ 1 м2 кем емес

7. Циклондар

ЖҚҚ жалпы алаңы циклонның 1 м3 көлеміне 0,025 м2 кем емес құрайды. Циклонның шығатын құбіршегінің қақпағында бір немесе бірнеше ЖҚҚ орнатылады. Талап ететін норманы қамтамасыз ету үшін циклонның дөңгелек қақпағында қосымша ЖҚҚ орнатуға жол беріледі, ол кезде ЖҚҚ диаметрі қақпақ дөңгелегінің енінен 0,75 көп емес құрайды.

Қолданылмайды

8. Батареялық циклонды қондырғылар (бұдан әрі - БЦҚ)

Кіре берісте және шыға берісте жалпы көлемі БЦҚ 1 м3 көлеміне 0,025 м2 кем емес, бірыңғай қимадағы ЖҚҚ жабдықталады

Қолданылмайды

9. Циклон алдындағы және кейінгі шаң өткізгіштер

Әрбір ЖҚҚ алаңы шаң өткізгіштің қима алаңының 0,70 кем емес құрайды. Бұл ЖҚҚ циклонда ЖҚҚ қажетті мөлшерде орналастыру мүмкін болмаған жағдайда орналастырылады

Қолданылмайды

10. ДЖ немесе шаңдалған алғашқы ауа желдеткіші алдындағы шаң өткізгіш

ЖҚҚ алаңы шаң өткізгіштің қима алаңының 0,70 кем емес құрайды

11. ДЖ артындағы шаң өткізгіш және шаңдалған алғашқы және түсіретін құрғату агентінің қорабы

ЖҚҚ жалпы алаңы қораптың 1 м3 көлеміне 0,025 м2 кем емес құрайды, егер соңғысы ДЖ-тен 10-нан кем орналасса, ЖҚҚ қорапта орнатылады. Егер қорап ДЖ-нен 10-нан көп ара қашықтықта орналасса, ЖҚҚ желдеткіш артындағы шаң өткізгіште және қорапта орнатылады; осы ЖҚҚ жалпы алаңы ДЖ әкелетін құбыр желісінің және қораптың (жанғыштарға тармақталу) 1 м3 көлеміне 0,025 м2 кем емес құрайды

12. ЖҚҚ-дан әкету

ЖҚҚ-тан әкету құбыр желілерінің диаметрі ЖҚҚ құбір шегінің диаметрінен кем болмауы керек, ал әкету ұзындығы құбіршектің диаметрінен 30-дан аспауы керек

ЖҚҚ-тан әкету құбыр желілерінің диаметрі ЖҚҚ құбыршегінің диаметрінен, соның ішінде шаң бункері үшін, 10-нан аспау керек

13. Жарылатын қорғаныс қақпағы

ЖҚҚ құбыршегінің ұзындығы қақпақтың 2 диаметрінен аспауы және екі метрден көп болмауы керек.

ЖҚҚ мембранасы 0,05 МПа көп емес қысымда толығымен ашылуы керек



ЖҚҚ құбыршегінің ұзындығы қақпақтың екі диаметрінен аспайды және 2 м көп емес. ЖҚҚ мембранасы 0,025 МПа көп емес қысым кезінде толығымен ашылады

* Ескерту-0,01 МПа асатын, шаңды әзірлеу жүйелерінде Ри кезінде, Рр кестелік мәні (Рраиа көбейеді, онда Ра - атмосфералық қысым, МПа.

93. Шаңды әзірлеу жүйелерінің элементтерін беріктікке тексеру әзірлеуші әдістемесі бойынша жүргізіледі.

94. Дөңгелек қимасындағы шаңды газды ауаны өткізгіштерді беріктікке есептеу ОСТ 108.031.08ОСТ 108.031.10 бойынша, ал тік бұрышты қиманы (тік төрт бұрыштыны) - әзірлеуші әдістемесі бойынша есептеу жүргізіледі.

Шаңды әзірлеу қондырғыларының ішкі қысымымен беріктігіне сынама жүргізілмейді.

Жабдықты монтаждау және жөндеу кезінде орындалатын пісіру жұмыстарының сапасы жұмыс жүргізу кезінде технологиялардың сақталуын бақылау, жұмыс жүргізуге білікті пісірушілерді тарту және түбегейлі қабылдап алумен қамтамасыз етіледі.

Әзірлеушілердің шығаратын жабдықтарына салалық стандарттарда және жобалау ұйымдарының шаңды әзірлеу қондырғыларына деген құжаттарында есептік ішкі артық қысым көрсетіледі.

95. Булы және газды айналмалы құрғатқыштардың түсіру камералары 0,04 МПа ішкі артық қысымға есептеледі және жалпы алаңы құрғақ қыштың 1 м3 көлеміне 0,04 м2 кем емес ЖҚҚ жабдықталады.

96. Шаңды әзірлеу жүйесі үшін ЖҚҚ орнатылмайтын, тазартылған құрғату агентін атмосфераға еркін шығаратын тік бұрыштық электр сүзгіштерін пайдалануға жол беріледі, ал электр сүзгіштерінің корпустары артық қысымға есептелмейді.

97. Тазартудың басқа түрлерін қолдану мүмкін болмаған жағдайда матадан жасалған бұрыштық сүзгілерді пайдалануға жол беріледі. Осы сүзгіштер 0,15 МПа ішкі артық қысымға есептеледі, оларға сүзгіштің 1 м3 көлеміне жалпы көлемі 0,025 м2 кем емес ЖҚҚ орнатылады.


21
98. Шаңды әзірлеу жүйелерінде қолданылатын ЖҚҚ қорғалатын жабдықтың корпусына немесе сәйкес тесіктің өлшемі бойынша шаңды өткізгіштің қабырғасына қосылған, дөңгелек құбыршектен, олардың арасындағы мембранамен екі фланецтен, сондай-ақ мембрананы ұстап тұратын тордан немесе шарбақтан тұрады.

Шаңды әзірлеу жүйесінің негізгі және қосымша жабдығында орнатылатын ЖҚҚ құбіршегінің диаметрі 150-ден бастап 1200 дейінгі шекте, шаң буркерлерінде 600-ден 1500-ге дейінгі шекте таңдалады.

Ұстап тұратын тор мен шарбақта 100 мм көп емес ұялар бар, қондырғының жұмыс істеуі кезінде шекті таралудан, мембранаға қысымнан 980 Н асатын қысымға есептеледі. Құбыршектің өтетін қимасынн жабатын, шарбақ немесе тор элементтерінің жалпы алаңы қақпақ алаңын есептеу кезінде ескерілмейді.

99. ЖҚҚ мембраналары қақпақтарының диаметрі 300 - 1500 мм болатын, алюминий парағынан немесе оларды ғимарат ішінде орналастыру кезінде қақпақтарының диаметрі 150 - 400 мм болатын, асбест картонынан тез ажыратылатындай болып жасалады. Қақпақтар мембраналарын таңдау бойынша ұсынымдар 3 - кестеде көрсетілген.


3 - кесте – ЖҚҚ мембраналарын таңдау бойынша ұсынымдар


Қақпақтарды орналастыру орындары

Қақпақ диаметрі, мм

Мембрана қалыңдығы, мм

Мембрана түрі

Материалы

Ғимарат ішінде сиреу немесе 2 кПа қысыммен қондырғыларда

150 - 400

3 - 5

Біркелкі

Асбесті картон

0,04 МПа есептелген қондырғылар

300 - 700

700 және одан да көп



0,3

0,5 көп емес



Диаметрі бойынша тігісімен (қиюмен)

Алюминий парағы теңдестірілген

Шаң бункері

600 - 1000

1000 - 1500



0,5 көп емес

0,8 көп емес









0,15 МПа есептелген қондырғылар

300 - 500

500 - 700

700 - 1200


0,3 көп емес

0,5 көп емес

0,8 көп емес











500 - 700

700 - 1200



0,4 көп емес

0,6 көп емес



Диаметрі бойынша кесумен

Алюминий парағы беріктетілген

100. ЖҚҚ мембраналары ені 20 мм тігісімен (бір қиюмен), А7М, А6М, А5М, АОМ, АДОМ, АД1М (21631 МСТ бойынша) маркалы теңдестірілген алюминий парағынан дайындалады. Тігіс (қию) қысылатын қиюдан аяқталады, қию астында парақтар тігіссіз осылып жабылады.

0,15 МПа қысымға есептелген, шаңды әзірлеу жүйелері үшін диаметрі 500 мм кем емес, тереңдігі парақ қалыңдығының жартысынан кем емес, диаметрі бойынша тіліктер (жырашық) бар, А7Н, А6Н, АОН, АДОН, АД1Н (21631 МСТ) маркалы парақтық беріктетілген алюминиден жасалған мембраналарымен ЖҚҚ қолдануға жол беріледі.

101. 3 - кестеде көрсетілген материалдардан ерекшеленетін мембраналарды, егер олар келесі талаптарға сәйкес келетін болса қолдануға жол беріледі:

мембрана ажыратылған кезде қақпақтың сечениесі толығымен босатылуы керек, ол кезде мембрана фланецтік қосындыдан алынбайды;

0,04 МПа артық қысымға есептелген шаңды әзірлеу жүйелерінде ЖҚҚ 0,025 МПа көп емес қысымда, ал 0,15 МПа артық қысымға есептелген жүйелерде 0,05 МПа көп емес қысым кезінде ашылады;

мембрана материалы коррозияға қарсы тұрақтылыққа ие болуы керек.

102. ЖҚҚ қызмет көрсету кезінде мембраналарды әзірлеу, олардың материалдары мен қалыңдығын таңдау дұрыстығы бақыланады. Осы мәліметтер, мембраналарды ауыстыру кезеңдігі жұмыс жүргізу күні көрсетіле отырып, жөндеу құжаттамасында бекітіледі.

103. Қақпақтардың құбіршектері шаң өткізгіштерге және жабдыққа түйісу орындарында тұрып қалған шаңның жиналуын болдырмайтындай етіп қосылады. Қақпақтардың құбыршектері тік немесе деңгейжиекке 45 ° кем емес еңіс бұрышымен орнатылады. Шаңды әзірлеу жүйесінің жаңадан жобаланатын жүйелерінде өндірстік ғимараттардан тыс қақпақтар деңгейжиекке 60  кем емес бұрышта орнатылады.

104. Ғимараттан тыс орналасқан қақпақтардың құбыршектері жылу оқшаулаумен жабылады, әкетулері жоқ, қақпақтардың мембрана жазықтығы дейгейжиекке 10 °С кем емес бұрышта орындалады.

105. Қорғалатын жабдықта кіші диаметрдегі бірнеше ЖҚҚ орнына сондай қимадағы үлкен диаметрде, аз мөлшерде қақпақтар орналастыру қажет.

106. ЖҚҚ шаң өткізгіштері мен газ өткізгіштерінде, ЖҚҚ негізінен бұрыстардың (бүктеулердің) сыртқы жағынан орнатылады.

107. ЖҚҚ жарылыстың лақтырылатын өнімдері тікелей немесе шағылысқан жабдыққа қызмет көрсетудің жұмыс аймағына, өткізу желілеріне, қара май өткізгіштерге, май өткізгіштерге және газ өткізгіштерге түсу мүмкіндігін болдырмайтындай, жабдықтың жалпы бөлшектері, алаңдар, өтетін жерлер ескеріле отырып орналастырылады.

108. Жарылыс өнімдерін қақпақтар мен әкетулерден қызмет көрсетуші персонал және жанып жатқан жабдық үшін қауіпсіз жерге әкету мүмкін болмаған жағдайда, олардың қорғаудың қосымша құралдары қарастырылады: қоршау қалқандары, оттан қорғағыштар (жалын сөндіргіштер), төбе бастырмалар.

109. ЖҚҚ-дан әкету болған жағдайда мембрана әкетуде емес, оның құбіршегінің фланецтері арасында орнатылады.

Әкетудің төменгі бөлігінде мембрананың сыртқы жағын шаң мен қоқыстың қалдықтарынан тазалау және қарау үшін нығыз люктер қарастырылады. ЖҚҚ мембраналарын қарау және тазалау кезеңдігі технологиялық регламентпен бекітіледі.

2 - кестеде ЖҚҚ құбіршегінің және 0,04 және 0,15 МПа артық ішкі қысымға жобаланған, шаңды әзірлеу жүйелері үшін әкетудің шекті рұқсат етілген ұзындығы көрсетілген.

110. Шаң буркерлері мен циклондардағы жарылу өнімдері әкетулер арқылы ғимараттан тыс әкетіледі, олар атмосфералық жауын-шашыннан күн қағарлармен, төбе бастырмалармен, шатырлармен немесе жарылыс өнімдерінің кетуіне кедергі келтірмейтін өзге құрылғылармен жабылады.

111. Бу өнімділігі 60 т/с (қоса алғанда) дейінгі отынды камералық өртеу қазандықтары жарылыстан қорғайтын құрылғылармен жабдықталады. Осы құрылғылардың өтетін қимасының құрылысы, саны, орналасуы және мөлшері қазандық жобасымен анықталады.

112. Бу өнімділігі 60 т/с артық кез келген отын түрін камералық өртеу қазандықтары жарылысқа қарсы қорғаныс құрылғыларымен жабдықталмайды. Осы қазандықтарды барлық режимде, іске қосуға әзірлеуді, кіші көрсеткіштерде жұмыс істеуді, резервке немесе жөндеуге тоқтатуды қоса алғанда, сенімді және жарылуға қауіпсіз пайдалануы жобада көрсетілетін, қорғаныс пен одақтасудың автоматты жүйесімен қамтамасыз етілуі қажет.

Пештер мен газ өткізгіштердің қаңқалары, сондай-ақ қаттылық элементтерімен газды нығыздау экрандары сиретуде жұмыс істейтін қондырғылар үшін 3 кПа кем емес атмосфералық және үрлеумен жұмыс істейтін қондырғылар үшін 3 кПа кем емес жұмыс қысымынан асатын, пештегі және газ өткізгіштегі қысымды қабылдауға есептеледі. Газды нығыздамайтын экрандарымен қазандықтарды қайта құру кезінде пеш пен газ өткізгіштегі есептік қысым 1,5 кПа кем емес алынады. Қысым мен сиретудің есептік мәні жобалаушымен таңдалады.

Қазандықтардың құрылысы орнатылған қатты үрлейтін құрылғылардың шекті жүктемесіне сәйкес келетін, қысымның қысқа уақыттық көтерілу мүмкіндігін ескеру керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет