Тозаңды отынды дайындау мен жағуға арналған отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет6/6
Дата16.07.2016
өлшемі374.5 Kb.
#202886
1   2   3   4   5   6

5 - тарау. Қондырғыларды пайдалану



1 - параграф. Жалпы талаптар

113. Шаңды әзірлеу қондырғысы және жылуды беру жабдығы келесі жағдайларда осы Талаптарға сәйкестігіне куәландыруға жатады:

қондырғыларды монтаждау, күрделі жөндеу және қайта құру жүргізілгеннен кейін пайдалануға беру алдында;

монтаждау, күрделі жөндеу және қайта құру жүргізілгеннен соң пайдалануға берілгеннен кейін 2000 сағ. жұмыс істегеннен соң;

қондырғының әрбір 6000 сағ. жұмыс істеуінен кейін алдын ала;


23


шаңды әзірлеу қондырғысында ЖҚҚ ашылуымен немесе (және) жабдықтың қирауымен жарылыс салдарынан апаттық тоқтатылудан кейін.

Куәландыру бағдарламасына келесілер кіреді:

шаңның мүмкін болған қалдықтарын анықтау және алу, бөтен заттарды алу үшін шаңды әзірлеу қондырғысын, жылу беру жабдығының барлық люктері мен лаздарын аша отырып қарау;

желдеткіштің толық күшіне сәйкес келетін қысымда немесе сиретуде шаңды әзірлеу қондырғысын тығыздыққа сынау.

Шаңды әзірлеу қондырғысына куәландыру қазандық тоқтатылған кезде жүргізіледі.

114. Шаңды әзірлеу қондырғысын куәландыру нәтижелері ұйымның техникалық басшысымен бекітілген актімен рәсімделеді.

115. Әрбір жылу бергіш, шаңды әзірлеу және қазандық қондырғысы үшін технологиялық регламент жасалады, онда жабдықтың қысқаша сипаттамасы, іске қосу тәртібі, монтаждаудан, жөндеуден және резервтен кейінгі іске қосу тәртібі, қалыпты пайдалану және апаттық режимдерде жабдықты тоқтату және қызмет көрсету тәртібі, персоналды жабдықты қарауға, жөндеуге және сынауға рұқсат ету тәртібі, осы қондырғы үшін ерекше, соның ішінде ауысу кезіндегі техника қауіпсіздігі және жарылу өртену қауіпсіздігіне қойылатын талаптар, апаттың алдын алу және жою бойынша және жұмыс істемейтін жабдыққа қызмет көрсету бойынша шаралар көрсетіледі.

116. Жобадан тыс отын келіп түскен жағдайда жабдықтың тиімді және жарылысқа қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ететін қажетті шаралар орындалады және технологиялық регламенттерге сәйкес өзгертулер енгізіледі.




2 - параграф. Қондырғыны іске қосу

117. Жөнделген немесе қайта құрылған жылу бергіш, шаңды әзірлеу және қазандық қондырғыларын іске қосуға рұқсат қондырғы құрылысының жобалық құжатқа, технологиялық регламентке сәйкестігі туралы акті, куәландыру актісі болған жағдайда ұйымның техникалық басшысымен беріледі.

118. Жөнделген немесе қайта құрылған жабдықты іске қосу жабдықтың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, пайдалануда іс тәжірибесі бар және ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғаның жетекшілігімен жүргізіледі. Қондырғыларды іске қосу және пайдалануға белгіленген тәртіпте оқытылудан және білімін тексеруден өткен тұлғалар рұқсат етіледі.

119. Қондырғыны іске қосу сынақ жағдайында алдын ала сыналған технологиялық қорғаныстар, одақтасулар және дабыл бергіш құралдары қосылған кезде жүргізіледі. Істен шыққан қорғаныс, одақтасу және белгі беру жүйелерімен қондырғыны іске қосуға жол берілмейді.

120. Қазандықта жағу басталғанға дейін барлық монтаждау және жөндеу жұмыстары тоқтатылады, наряд – рұқсаттама жабылады, осы қазандықты жағуға қатысы жоқ персонал жабдықтың орналасу аймағынан әкетіледі.

121. Қазандықты тікелей жағу алдында пештер, газ өткізгіштер, соның ішінде кері айналдыратын, қалыпты жүктемеде 25 % кем емес шығыста ауаны шығару арқылы, 10-нан кем емес ұзақтықта желдетіледі. Желдету түтінді сорғыштар және үрлейтін желдеткіштер қосылған және қазандықтың газ өткізгіші мен екінші ауасының үлкен жолының қақпақтары ашық болғанда жүргізіледі. Құрғату агентінің газ ауа өткізгіштерінде диірменге өткізетін қақпақтар жабылады. Бір мезетте «жылу жәшігі» желдетіледі.

Пешті, газ өткізгішті және «жылу жәшігін» желдету бойынша осы талаптарды қамтамасыз ету бойынша нақты әрекеттер жергілікті нұсқаулықта көрсетіледі.

122. Шаңды әзірлеу қондырғысын іске қосу алдында келесілер қажет:

іске қосуға дайындалатын жүйеде жөндеу жұмыстарын аяқтау және шаңды әзірлеудің көрші жүйелерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау. Жөндеу жүргізетін персоналды қауіпсіз жерге шығару;

барлық жабдықтың іске дайындығын тексеру және онда газды талдау нәтижелері бойынша отынның және шаңның тұрып қалған қалдықтарының немесе люктердің, алынатын оқшаулау астындағы учаскелердің жануы мен қызған иістерінің жоқтығына көз жеткізу қажет және т.б. Отынның тұтану ошақтары табылған жағдайда 151 - тармаққа сәйкес әрекет етеді;

жарылу қауіптілігі II - IV
25
топты отынды ұнтақтау кезінде сепараторға және ОЖ және Д-Ж корпустарына, диірмен алдындағы әкелетін газ ауа өткізгіштеріне бу беру. Диірмен алдындағы әкелетін газ ауа өткізгіштерге және шаңды әзірлеу жүйесінің басқа орындарына буды беру тәртібі технологиялық регламентпен бекітіледі.

123. Отынды диірменге беру алдында шаңды әзірлеу жүйесін желдету есептік мәнінен 25 % асатын, құрғату агентін таратумен қазандықты жағу кезінде жүзеге асырылады. Құрғату-желдету агентін пешке түсіру тек жағатын құрылғылар жұмыс істеп тұрған жағдайда ғана жүргізіледі.

Диірмен жүйесінің шаң басқан құрғату-желдету агентін жағатын қазандықтың жеткіліксіз қызған пешіне, сондай-ақ тоқтатылған қазандықтың пешіне түсіруге жол берілмейді.

124. Қазандық жанғышына шаңды беруге тек жаншылған отынның тұрақты жануы және қазандықтың ауыспалы газ өткізгішінде жанатын өнімдердің белгіленген температураға жетуі кезінде ғана жол беріледі. Газдардың температурасы және оған сәйкес жылу жүктемесі технологиялық регламентте көрсетіледі.

125. Пеште шамшырақ өшкен (үзілген) жағдайда негізгі және түсіру жанғыштары арқылы жаншылған отынды және шаңды ауа қоспасын беру тоқтатылады (автоматты немесе қолмен), сондай-ақ тұтандыру құрылғысы өшіріледі. Шамшырақтың сөну себептері жойылғаннан және пеш пен газ өткізгіш қайтадан желдетілгеннен кейін осы Талаптардың 121 - тармағының талаптарына сәйкес қайтадан жағуға кірісуге болады.

Лаздар және қарайтын жерлер ашық болған жағдайда қазандықты жағуға болмайды. Шамшырақты көзбен бақылау арнайы люктер арқылы жүзеге асырылады.




3 - параграф. Қондырғының қалыпты жұмысы

126. Жану ошағы бар отынды жылу бергіштің таспалы конвейеріне, негізгі корпустың шикізат отыны бункеріне және шикізат отыны бункерінен шаңды әзірлеу жүйесіне беруге жол берілмейді.

Отынды отын беру жолы бойынша беру шаңсыздандырудың, металл және жоңқа ұстау құралдары қосылған жағдайда жүргізіледі.

127. Шаңды пешке тікелей үрлейтін, шаңды әзірлеу жүйелерінде ыстық құрғату агентінің бункерге түсуінің алдын алу үшін, отынның дейгейін қоректендіргіштің кіретін құбіршегінің үстінен 2 м төмен түсіруге, бункерлерде өтпелі сүзгілердің болуына жол берілмейді, ол ондағы отынның жануына әкелуі мүмкін.

128. Бункерлердегі шикізат отыны мен шаңның өздігінен жануының және жатуының алдын алу үшін:

кезең сайын, әрбір 7 - 10 күннен сирек емес, бункердегі шикізат отының шекті төмен деңгейге дейін жеткізу;

жергілікті жағдайды ескере отырып жасалынған кесте бойынша, кезең сайын, бункерлердегі шаңды шекті төмең дейгеге жеткізу, ол кезде бункерге ыстық ауаның түсуін болдырмайды және шаңды қоректендіргішпен шаңды біркелкі беру қамтамасыз етіледі;

қазандыққа күрделі жөндеу жүргізу алдында шикізат отынының және шаңның бункерін толығымен түсіру және олардың ішкі қабырғаларына тазалау жүргізу;

қазандықты газды немесе қара майды өздігінен жану шарттары бойынша отынды сақтау мерзімінен сатын мерзімге жағуға ауыстыру кезінде бункерлерден шикізат отыны және шаңды алу және бункерлердегі отын мен шаңды жатқызу;

қоректендіргіш ұясында және бункерде шаңның өздігінен жануының алдын алу үшін шаңды қоректендіргіштің ұзақ уақыт тұруын болдырмау қажет.

129. Жоғары концентрациялы шаңды беру жүйесінде шаң бункеріне ауаның түсуін болдырмау қажет.

130. Шаңды әзірлеу және қазандық жүйесінің жұмысы кезінде:

отынның диірменге үздіксіз түсуін қамтамасыз ету;

бункерлерде шикізат отыны мен шаңның деңгейін, олардың жергілікті нұсқаулықта көрсетілген мөлшерден төмендеуін болдырмай, ұстау;

газды құрғату кезінде шаңды әзірлеу қондырғысындағы шаң газ қоспасындағы оттегі құрамын бақылау, оның рұқсат етілген мөлшердің 16 % асуына жол бермеу;

диірмендегі (сепаратордағы) шаң газ ауа қоспасының температурасын реттеу, жергілікті нұсқаулықта көрсетілген пайдалану мәнінен асуына жол бермеу;

бункердегі шаң температурасын бақылау, оның шаң газ әуе қоспасының температурасы үшін 1 - кестеде белгіленген мәнінен асырмау;

шаңның жоғары бөлігіндегі сиретуді бақылау, оның 300 Па асуына жол бермеу;

шаңды әзірлеу жүйелерінің элементетрінде жатып шіріген қалдықтардың және отынның шаңдануына, нығыз орналасқан өшіру қақпақтары арасында шаңның, сондай-ақ шаң бункерімен шаңды әзірлеу жүйесінде шаңдалған алғашқы ауаның жалпы қорабы болған жағдайда, жұмыс істемейтін диірмен жедеткішінде шаңның пайда болуына жол берілмейді;

технологиялық регламентке сәйкес жану үрдісінің тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, қыздыру бетін тазарту құралдарының және пештің жұмыс тәртібін бақылау;

сұйық қожды әкетуден қазандық пешіндегі жану үрдісін реттеу және сұйық қождың тұрақты шығуына бақылау жасау, оның пеш түбінде жиналуын болдырмау;

өлшеу құралдарының, белгі бергіш, одақтасу, өшіретін және реттейтін қақпақтардың, суды және буды беру қақпақтарының және өртке қарсы құралдардың дұрыстығын бақылау қажет.


27
131. Технологиялық регламентке белгіленген кесте бойынша, кезең сайын:

отынды беру, шаңды әзірлеу және қазандық бөлмелеріндегі ауаның шаңдануын;

ЖҚҚ және оның мембраналарының дұрыстығын;

шаңды әзірлеу қондырғысының айына 1 реттен кем емес ауаны соруын өлшей отырып, қалыңдығын бақылау және журналда тіркеу қажет.

132. Жұмыс істеп тұрған шаңды әзірлеу қондырғысында люктер мен лаздарды ашуға, сондай-ақ шаң газды ауа жолының қымталуын бұзумен байланысты жұмыстар жүргізуге (ЖҚҚ мембраналарын ауыстыру және с.с.) жол берілмейді. Ерекше жағдайды циклон астындағы торларды тазалау құрайды.

133. Орталық шаңды әзірлеу қондырғыларында бұйымдық бұрыштық сүзгілердің қарсылығын бақылау, ай сайын оның жағдайын тексеру және оларға тұрып қалған шаңды алу қажет.

134. Бу құрғатқыштары бар қондырғыларда будың белгіленген көрсеткіштерін ұстау және құрғатудың оңтайлы режимін сақтауға тұрақты бақылау жасау жүргізу қажет.

135. Айналмалы газды немесе булы түтікті және панелді құрғатқыштарды пайдалану кезінде ішкі құрылғыларын немесе құбырларды жабысып қалған отыннан тұрақты түрде тазарту қажет. Тазарту кезеңдігі технологиялық регламентпен белгіленеді.

136. Қазандықты қыздыру беткейін үрлеуге (тазалау), пешті шлактауға:

шамшырақтың қозғалысынсыз пештің тұрақты жұмыс істеуі кезінде;

қазандық машинисінің осы жұмысқа рұқсаты болған кезде;

пештің жоғары жағындағы сирету технологиялық регламентпен белгіленген мөлшерге дейін жеткен жағдайда ғана жол беріледі.

137. Қазандықтың қожды алатын құрылғысының су бетінде жүзіп жүрген қождың және жанбаған отынның қалыптасу мүмкіндігін жоққа шығару қажет, ол кокстың қызған бөліктерінің жиналуына және пешті қождан тазарту кезінде су газының жарылуына әкелуі мүмкін.

138. Өндірістік бөлмелерді таза ұстау, үнемі тазалау жүргізу, қабырғалардан, терезе астынан, жабылулардан, басқыштардан және жабдықтың сыртқы бетінен шаңды тазалау қажет.

Қолмен тазалау жүргізу кезінде шаң алдымен ұсақтап шашыратылған сумен суландырылады.

Жинау бойынша жұмыс кестесі және көлемі технологиялық регламентпен белгіленеді.




4 - параграф. Қондырғыны тоқтату, қарау және жөндеу

139. Шаңды әзірлеу жүйесін жоспарлы тоқтату кезінде алдымен отынды қоректендіргіш өшіріледі. Жүйені отыннан ажыратқаннан кейін диірмен мен желдеткіштер тоқтатылады. Технологиялық регламентте жүйені ажырату және желдету режимі бойынша нақты нұсқаулар беріледі.

Қазандықты апаттық тоқтату кезінде шаңды әзірлеу жүйесін отыннан ажыратылмай, диірмен мен желдеткіштер тоқтатылады.

140. Шаңды әзірлеу жүйесін жоспарлы тоқтату кезінде барлық типтегі диірмендерге бу беріледі.

БД апаттық тоқтатылуы кезінде диірмен алдындағы газ ауа өткізгішке, сондай-ақ орталық сепаратордың ішкі конусына шашыратылған су беріледі. Д-Ж апаттық тоқтатылуы кезінде диірменнің бөлшектегіш камерасына және сепараторға шашыратылған суды беруге жол беріледі.

141. Шаңды әзірлеу жүйесін ұзақ уақыт тоқтату кезінде шикізат отынының бункерін толық ажырату және олардың қабырғаларын тазарту жүргізіледі.

Бункерлерде отынды сақтаудың шекті ұзақтығы технологиялық регламентпен белгіленеді.


29


142. Бір шаң бункеріне қосылған шаңды әзірлеудің барлық жүйелерін 3 күннен көп уақытқа жоспарлы және апаттық тоқтату кезінде тоқтатылғаннан кейін 1 күннен кешіктірмей, шаң асты кеңістікке көміртегі немесе азотты беру арқылы оны жабу жүргізіледі.

143. Бункерлерде шаңды сақтаудың шекті уақыты шаңның жатуға бейімділігіне байланысты технологиялық регламентпен белгіленеді.

Бір шаң буркеріне қосылған, шаңды әзірлеудің барлық жүйелерін оны сақтаудың шекті уақытынан асатын уақытқа жоспарлы тоқтату кезінде бункердегі шаң толығымен алынады, бункерің қабырғалары тазартылады (қажет болған жағдайда сумен жуылады) және тексеріледі.

Қазандықтар үшін қазандықтың немесе шаңды әзірлеу жүйесінің бункерлерде шаңды әзірлеу уақытынан көп уақытқа апаттық тоқтатылуы кезінде шаң бункерлерін ГКА жүйесіне босату мүмкіндігі қарастырылады.

Технологиялық регламентте шикізат отыны мен шаңның бункерлерін босату бойынша жұмыс тәртібі және қауіпсіздік шаралары көрсетіледі.

144. ЖҚҚ-тан жарылыс өнімдерінің лақтырылуы мүмкін аймақта орналасқан жұмыс жүргізу орындары, жұмыс істеп тұрған немесе резервке тоқтатылған шаңды әзірлеу жүйелері нығыз оттан қорғайтын қалқандармен және жанбайтын немесе жануы қиын материалдан жасалған бастырмалармен қоршалады.

145. Өндірістік бөлмелердегі және жабдықтағы оттық жұмыстар наряд-рұқсаттама бойынша технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

146. Шаңды әзірлеу жабдығын, шикізат отынының және шаң бункерін қарау, тазалау және жөндеу тек наряд бойынша және технологиялық регламенттің талаптары сақталған кезде ғана жол беріледі.

Тоқтатылған шаңды әзірлеу жүйесін қарау және жөндеу үшін люктерін және есіктерін ашу алдында шаңның шіріген қалдықтарының жоқтығына көз жеткізіледі. Анықталған ошақтар осы талаптардың 151 - тармағының нұқсаулары сақтала отырып, дереу өшіріледі.

БД және Д-Ж-гі люктерді ашу алдында технологиялық регламентке сәйкес диірменге су беріледі.

Есіктер мен люктерді ашу кезінде оларға қарсы тұруға, сепараторда реттейтін сырм қақпақтар мен күрекшелердің жағдайын өзгертуге, диірмен корпусы, шаң өткізгіш және ауа өткізгіш бойынша шаңның ұшуына әкелетін соққы беруге жол берілмейді.

147. Шаңды әзірлеу жүйесінде шаңның қалған жерлері анықталған жағдайда, осы қалдықтарды туғызатын себепті жою керек.

148. Диірменді тоқтату және диірмен алдында құрғату агентінің газ ауа өткізгіштегі екі нығыз қақпақтарды жабу кезінде олардың арасында орналасқан атмосфералық қақпақты ашу керек.

5 - параграф. Қондырғының қалыпты жұмыс режимін бұзу
149. Жарылуға қауіпті жағдай:

тұтану ошақтарыны болғанда;

шаңды әзірлеу жүйелеріндегі шаң ауа қоспасының температурасы рұқсат етілгеннен жоғары көтерілгенде және отынды ауада құрғату кезінде;

отынды газбен құрғату кезінде шаңды әзірлеу қондырғысының артында шаңды газды қоспада оттегі құрамының 16 % көтерілуі кезінде;

шаңды әзірлеу жүйесінің элементтері шаңданған жағдайда;

ЖҚҚ мембраналарының ашылуына әкелетін жарылыстар (соғу) кезінде;

тұтанатын немесе негізгі шаңды көмір шамшырағының өшуі кезінде;

түтінді сору, үрлеу және диірмен желдеткіштерін апаттық тоқтату кезінде;

дымқыл отынды диірменге беру келісілусіз тоқтатылған жағдайда туады.

150. Дымқыл отынның бункерінде ағынды сүзгінің пайда болуы кезінде шаңды әзірлеу жүйесін дереу тоқтату және бункерді отынмен толтыру керек.

151. Шаңды әзірлеу жүйесінің кез келген бөлігінде, шикізат отыны мен шаң бункерлерін есепке алмағанда, тұтану белгілерінің пайда болуы кезінде өрт күзетін шақыру, тұтану (өртену) ошақтарын сөндіруге қатыспайтын персоналды қауіпсіз жерге әкету және АЖЖ сәйкес тұтану ощағын жоюға кірісу қажет. Бықсыған отты бөлмеде немесе жабдық ішінде өрт сөндіргіш құралынан бағытталған су немесе көмірқышқыл ағынымен, немесе шаңның ұшуына әкелетін өзге әдіспен өшіруге немесе оқшаулауға болмайды. Ашық бықсыған ошақты құммен немесе шаңдалған сумен өшіру қажет.

Шаңды әзірлеу жүйесі жабдығының (диірменнің) ішінде тұтану белгілерінің пайда болуы кезінде оған бу немесе шаңдатылған су беру (шаттық күшейткіштер немесе сопло арқылы), өртті сөндіру және жүйені (диірменді) тоқтату қажет.

Отынды беру конвейерінде отынның жануы анықталған жағдайда конвейерді тоқтату және өрт сөндірудің шаттық жүйесін қолдана отырып немесе қолдағы құралдармен ошақты сөндіру қажет.

Тоқтатылған жабдықты тек оған толық тексеру жүргізілгеннен, тұтану қалдықтарынан және бөтен заттардан тазартылғаннан кейін ғана іске қосуға жол беріледі. Құрылғылардың көзге көрінетін ақаулары пайда болған жағдайда (пісірілген жерлердің ыдырауы, саңлаудың пайда болуы, біліктестігі және с.с.) жабдыққа немесе шаңды әзірлеу жүйелерінің кейбір желілеріне куәландыру жүргізіледі (114 - тармақ).

152. Шикізат отынының бункерінде жану немесе бықсу көздері табылған жағдайда 151 – тармағының талабына қоса, төмендегі қажет:

диірмен алдында құрғату агентінің газ ауа өткізгішіне буды беру;


31
бункердегі тұтану көзін шаңдалған сумен бүркеу;

бункерді толығымен отынмен толтыру;

бункердегі отынды қозғалтатын құралдардың іске қосылуына жол бермей, бункердегі отынның іске қосылуын жалғастыру.

153. Жұмыс істеп тұрған қазандықтың шаң бункерінде бықсу көздері табылған жағдайда 151 - тармақтың талаптарымен қоса, келесілер қажет:

бункерден ылғалды еңіс құбыр желілеріндегі қақпақтарды жабу;

шаңды әзірлеудің жұмыс істейтін жүйелерінің өнімділігін жоғарылату, жұмысқа резервтік жүйелерді қосу және шаңның бункерін шекті рұқсат етілген мөлшерге дейін толтыру;

шаңның резервтік қоректендіргішін қоса отырып, қазандықтың бу жүктемесін күшейту, бункердегі шаңның шекті деңгейін ұстай отырып, шаңды бункерден қазандық оттығына шаңның белсенді жиналуын жалғастыру.

Жоғарыда аталған шаралар шаңның шіруін жоймаған жағдайда бункерге көмірқышқылын, азотты немесе буды беру және шаңның қазандық оттығының іске қосылуын шұғыл түрде жалғастыру қажет.

154. Тоқтатылған қазандықта бункердегі тұтану ошақтары табылған жағдайда осы Талаптардың 151 - тармағына сәйкес әрекет ету және бункерге көмірқышқылды немесе өзге инертті газды беру керек.

155. Шаңды әзірлеу жүйесінде жарылыс болған жағдайда оны дереу тоқтату, су беру, диірменге беретін газ ауа өткізгіштерінің қақпақтарын жабу және ары қарай осы Талаптардың 151 - тармағының талаптарына сәйкес әрекет ету қажет. Шаңды әзірлеу жүйесін іске қосу тек жарылыс себептерін анықтағаннан және жойғаннан, осы Талаптардың 114 - тармағына сәйкес шаңды әзірлеу жүйелерін куәландырғаннан, ЖҚҚ және зақымданған элементтерді қалпына келтіргеннен кейін мүмкін.

156. Қазандық оттығында, газ өткізгіште және күлді ұстағышта жарылыс болған жағдайда қазандық дереу тоқтатылады, және осы Талаптардың 151 - тармағының талаптары орындалады.

Қазандықты жағу тек жарылыс себептерін жойғаннан және осы Талаптардың 114 - тармағына сәйкес зақымданған жабдықты қалпына келтіргеннен және куәландыру жүргізгеннен кейін мүмкін.

162. Шаңды әзірлеу жүйесіндегі, оттықтағы, газ өткізгіштегі және күлді ұстағыштағы жарылыстан кейін қазандық турбиналық (қазандық) цехтың жедел персоналынан бақылау тұлғасымен жәбірленушілерді табу және оларға көмек көрсету үшін жарылыс орнын тұтас тексеру бойынша шаралар қабылданады.

Шаңды әзірлеу жүйесінде, қазандықта немесе қазандық және жылуды беретін бөлмеде болған және ғимараттардың, құрылыстардың және техникалық құрылғылардың бұзылуына әкелген барлық жарылыс және тұтану жағдайлары тіркеледі және 2002 жылғы 3 сәуірдегі «Қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес апаттар ретінде тексеріледі.



Қабылданған қысқартулар
ЖТТШШП - жалынның таралуының төменгі шоғырланған шегі;

ЖШБД - қысыммен жоғары шоғырланған шаңды беру;

ЖҚҚ – жарылатын қорғаныс қақпағы;

ҚНжЖ – құрылыс нормалары және жобалау;

ЖЭС – жылу электр станциялары;


33


ААЖ – алғашқы ауа желдеткіші;

ҚАЖ – құрғату агрегатының желдеткіші;

ГҚД – газды қайта айналдырудың дымсорғышы;

ИБЦ – иірімді батареялық циклон;

ГКА – гидрокүлді алу;

ШДД – домалақ даңғыралы диірмен;

ДЖ – диірменді желдеткіш;

БД – балғалы диірмен;

ОД – орта жүрісті диірмен;

Д-Ж – диірмен - желдеткіш.



___________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет