Тозаңды отынды дайындау мен жағуға арналған отын бергіштердің және қондырғылардың жарылыс қауіпсіздігіне қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- параграф. Құрғату-үгіту және жағу құрылғылары



бет4/6
Дата16.07.2016
өлшемі374.5 Kb.
#202886
1   2   3   4   5   6

4 - параграф. Құрғату-үгіту және жағу құрылғылары

52. Жарылыс қауіптілігі III и IV топты отындарды жағуға әзірлеу газды құрғатуы бар шаңды әзірлеу жүйесінде жүзеге асырылуы қажет.

Газды деп отынды қазандық пешінен немесе газ өткізгіштен алынатын түтін газдарымен құрғату түсініледі, ол кезде шаңды әзірлеу қондырғысының шаңды газ қоспасындағы оттегінің көлемдік құрамы (су буларының құрамын есепке алмағанда) 16 % аспайды. Оттегінің аталған құрамын шаңды әзірлеу жүйесінің барлық жұмыс режимдері кезінде: іске қосу және тоқтату, қалыпты жұмыс және отынды берудегі үзілістерде қамтамасыз ету қажет. Осы шарттар сақталмаған жағдайда отынды ыстық ауамен құрғату кезіндегідей, жарылысты ескерту және жарылыстан қорғау бойынша шаралар қолданылады.

53. Электр станциялары үшін отынды жағуға дайындау шаңды пешке тікелей үрлеумен, шаңды әзірлеу жүйелерінде жүзеге асырылады.


11
54. Шаңды әзірлеу қондырғысындағы шаң әуе қоспасының температурасының пайдалану мәні шаңды жағу тиімділігін және сенімді көлікті қамтамасыз ететін, шаңның қажет ететін ылғалдылығына жету шартына байланысты жобамен анықталады. Температураның осы мәні жергілікті нұсқаулықта көрсетіледі.

Шаңды әзірлеу қондырғысындағы шаң газды ауа қоспасының, бірінші шегі бойынша іске қосылу негізін таңдау үшін ұсынылатын температурасының мәні 1 - кестеде келтірілген.

Қондырғыдағы шаң газды ауа қоспасы температырасының ұсынылған мәні диірменнің және шаңды әзірлеу жүйесінің басқа элементтерінің механикалық бөлігінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша дайындаушымен өзгертілуі мүмкін.

55. Шаңды әзірлеу қондырғысының соңында шаң газды ауа қоспасының төменгі температурасы (шаң бункері бар жүйелердегі ДЖ алдында және шаңды пешке тікелей үрлеумен сепаратор артында) отынды қосылатын диірменге беру кезінде және қондырғының қалыпты жұмысы кезінде ылғалдың болмауы жағдайынан таңдалады. Төменгі температура мәні технологиялық регламентте көрсетіледі.

56. Шаң бункері бар жүйеде оны ыстық ауамен пешке беру кезінде тасымалданатын ауаның температурасы 100С аспауы керек. Жобамен, сәйкес негіздеме болған жағдайда, тасымалданатын ауаның температурасын көтеруге жол беріледі.

57. Диірмендегі (сепаратордағы) шаң газды ауа қоспасының пайдалану температурасын реттеу үшін отынды газды құрғату кезінде диірмен алдыңдағы газ ауа өткізгіштерге төмен температуралы түтін газдарын, ауамен құрғату кезінде әлсіз жылытылған және суық ауаны қосу қарастырылады.

Газды құрғатумен шаңды әзірлеу жүйесінде жылытылған немесе суық ауаны қосуға жол берілмейді.

Газдар мен ауаны қосатын құбыр желілерінің қақпақтары қазандық (блок) қалқанынан басқарылатын электр желілерімен жабдықталады.

58. Отынды ұнтақтау кезінде, жобамен негізделген жағдайда шаңды әзірлеу қондырғыларына 1,5 МПа артық емес қысыммен, қоректендірілген буды әкелуге жол беріледі.

Балғалы, орта жүрісті және дөңгелек айналмалы диірменді қондырғыларда бу газ ауа өткізгіштің диірмен және одан кейінгі бірінші нығыз қақпақ арасында орналасқан төмен учаскеде орындалады.

Орта жүрісті диірменді (бұдан әрі - ОД) және Д-Ж қондырғыларда бу қосымша түрде диірменнің және сепаратордың корпусына жіберілуі мүмкін.

Буды шаңды әзірлеу қондырғыларының басқа элементтеріне де жіберуге жол беріледі.

Бу өткізгіш жүйесі оған будың шоғырлану мүмкіндігін болдырмайтындай етіп орындалады.

Бу өткізгіштерде қазандық (блок) қалқанынан басқарылатын қақпақтар орнатылады.

Бу шығысы қондырғыдағы аэроқоспадағы оттегі құрамының 16 % көп емес мөлшерін қамтамасыз ету жағдайынан анықталады. Будың қажетті шығысы жергілікті нұсқаулықта көрсетіледі.

59. Диірмендегі (сепаратордағы) шаң газды ауа қоспасының температурасын апаттық жағдайда, жедел түрде төмендету үшін диірмен алдындағы газ ауа өткізгішке ұзақ шашыратылған суды беру қарастырылады. Шаңды орталықтан айналдыратын балғалы диірмендер үшін (бұдан әрі - БД) су қосымша түрде сепаратордың ішкі конусына жіберіледі.

Д-Ж-мен шаңды әзірлеу жүйелері үшін суды беру міндетті емес.

Суды бүріккіштерді беру желісіндегі қақпақтар қазандық (блок) қалқанынан басқарылады.

60. Диірменге алдын ала қосылған құбыр-құрғатқыштарды есепке алмағанда, булы түтікті, панелді және газды айналдырмалы құрғатқыштардан шыға берістердегі шаң газды ауа қоспасының температурасы 110°С аспауы керек.

Құрғатқыштарды жарылысқа қауіпсіз пайдалану үшін олардың тиеу камераларына 1,5 МПа жоғары емес қысыммен буды беру қарастырылады.

61. Шаңды пешке тікелей үрлеумен шаңды әзірлеу жүйесі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сепараторы бар диірменді жұмыс істеп тұрған пештен ажырату үшін құрылғылармен жабдықталады. Ажырату қақпақтары шаң өткізгіштердің тік учаскелерінде немесе сепаратордың шығыс қимасында орналастырылады.

62. Инерцияның үлкен уақытымен сипатталатын, Д-Ж роторларының шығу уақытын төмендету үшін олардың электр желілері электр динамикалық тежегіш құрылғыларымен жабдықталады.

63. Пештің, газ өткізгіштің құрылысы және пеш қабырғаларында жанатын құрылғыларды орналастыру қазандықтың газ өткізгіштерінде толығымен жанбаған өнімдердің қалуын және тұрып қалған немесе нашар желдетілетін аймақтардың қалыптасу мүмкіндігін жоққа шығару керек.

Люктер, лаздар арқылы немесе қазандық үстінде («жылу жәшігі») жабық кеңістіктің басқа әдісімен желдету қарастырылады, онда коллекторлар мен қазандық ілмектері орналасады.

64. Қазандық жалпы шамшырақтың, оның қозғалу, температурасын және қазандық қондырғысының газ өткізгішіндегі газ құрамын қашықтықтан және көзбен бақылау жүйелерімен жабдықталады.

65. Жаңадан жобаланатын қазандықтардың пештері тұтану-қорғаныс құралдары бар, қашықтықтан және жергілікті жер бойынша басқарылатын жағу жанарғыларымен жабдықталады. Жану жанарғыларының саны дайындаушымен келісіледі және қазандықты жасауға техникалық тапсырмада көрсетіледі.

Әрекеттегі қазандықтар үшін тұтану-қорғаныс құралдарымен жабдықталатын, жанарғылардың жанатын тобы аттестацияланған ұйыммен анықталады.

66. Жанарғылар дайындаушы беретін куәліктермен жабдықталады, оған оларды модернизациялау және жөндеу кезінде енгізілген барлық құрылымдық өзгертулер енгізіледі.

67. Қазандықтардың ауаны жылытқыштары тазартудың және өрт сөндірудің тұрақты жүйелерімен жабдықталады.

68. Люктердің және пеш көздерінің, қазандық газ өткізгіштерінің және жанарғылардың құрылысы олардың соғу және жарылыс кезінде ашылу мүмкіндігін жоққа шығарады.



5 - параграф. Өлшеу, белгі беру, қорғаныс және одақтасу жүйелері
69. Белгі беру, қорғаныс пен одақтасудың іске қосылуы туралы ақпарат қазандықты (блокты), отын бергішті басқару қалқанына немесе жергілікті басқару қалқанына шығарылады.

Кез келген технологиялық қорғаныс пен одақтасудың іске қосылуы қазандық тетігінде жарық және дыбыстық белгі бергішімен қосарланып жүреді; осы қорғаныстардың дыбыстық белгісі тембры бойынша өртке қарсы қорғаныс белгілерінен ерекшеленеді.

70. Отынды беру конвейерлері:

істен шыққан шаңсыздандыру, жаңқа және металл аулау жүйелерінде конвейердің іске қосылуына тыйым салатын одақтасумен;

тұтануды табу және жоюдың автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталады.

71. Шикізат отынының бункері:

отынның шекті төменгі деңгейін білдіретін дабыл белгісімен (қоректендіргіштің кіре беріс құбіршегінің үстінен 2 м кем емес);

отынның тұтануы туралы белгі бергішпен;

отынның деңгейі қоректендіргіштің кіре берісіндегі құбіршек үстінен 2 м төмендеген жағдайда дымқыл отынды қоректендіргішті ажырататын одақтасумен;

отынның шаңды әзірлеу жүйесіне берілуі үзілген жағдайда бункердегі отынның қозғалысын іске қосатын құралдардың қосылуына әсер ететін одақтасумен жабдықталады.

72. Шаң бункері төмендегілер үшін құралдар және саймандармен жабдықталады:

қабырғадан 1,0-дан 1,5 м дейінгі қашықтықта бункердің жоғары жағының бұрышында орналасқан температураны өлшеу үшін және тік орналасқан термотетіктермен төбе жабындысының;

бункердің биіктігі бойынша кем дегенде төрт жерден шаң деңгейін өлшеу (әрекеттегі қондырғылар үшін бункердегі шаң дейгейін өлшеу жергілікті жерде жүргізіледі);

шаң бункерінің жоғары жағындағы шаңның сиреуін өлшеу;

шаңның ең жоғары және ең төмен деңгейіне белгі беру;

шаңның тұтануына белгі беру.

73. Барлық шаңды әзірлеу қондырғылары (орталықтандырылғаннан басқа) келесі техникалық көрсеткіштерді өлшегіштермен қамтамасыз етіледі:

диірмен немесе құрғату құрылғысының алдындағы құрғату агентінің температурасын;

диірмен (сепаратор) артындағы шаң газ ауа қоспасының температурасын. Осы температураны тіркеу және автоматты реттеу қамтамасыз етіледі. Өлшеу тобының тұрақты уақыты (тетік-екінші құрал) 20°С аспайды;

шаң бункерімен шаң әзірлеу қондырғысының ысып кетуіне бақылау жасау үшін ДЖ алдындағы температураны. Шаңды әзірлеу жүйесінің ысу температурасының рұқсат етілген мөлшері технологиялық регламентпен анықталады;

шаңды ыстық ауамен беру кезіндегі жанарғылар алдындағы шаңды ауа қоспасының температурасы;

құрғату құрылғысы немесе диірмен алдындағы, ДЖ және Д-Ж алдындағы және артындағы, шаңды жанарғылар ыстық ауамен беру кезінде желдеткіш артындағы алғашқы ауа қорабындағы қысым (сиреу). Шаң бункерімен шаңды әзірлеу жүйелері үшін осы көрсеткішті автоматты түрде реттеу жүзеге асырылады;

ТДД және ОД аэродинамикалық кедергісі;

шаңды тікелей үрлеу қондырғылары үшін (Д-Ж бар шаңды әзірлеу жүйелерінен басқасы) шаң бункері бар қондырғылар үшін құрғату агентінің шығысы. Осы көрсеткішті реттеу жүзеге асырылады;

шикізат отыны мен шаңды қоректендіргіш, шаңды сорғыш, желдеткіш, диірменнің электр қозғалтқыштарының тоғын.

74. Отынды газбен құрғатуы бар шаңды әзірлеу жүйелерінде оттегі құрамын тіркеу қарастырылады:

ыдырауда жұмыс істейтін, шаң бункері бар шаңды әзірлеу жүйелері үшін ДЖ алдындағы шаң өткізгіште;

қысыммен жұмыс істейтін, шаңды тікелей пешке үрлейтін шаңды әзірлеу жүйелері үшін диірмен алдындағы газ ауа өткізгіштерде.

Ыдырауда жұмыс істейтін, Д-Ж бар шаңды әзірлеу жүйелерінде диірмен (сепаратор) артындағы оттегі құрамын бақылау кезең сайын, айына кем дегенде 1 рет жүзеге асырылады.

75. Отынды газбен қопсытуы бар шаңды әзірлеу жүйелерінде құрғату агентінде оттегінің шекті рұқсат етілген мөлшерін білдіретін белгі бергіш қарастырылады (Д-Ж бар шаңды әзірлеу жүйелерінен басқа).

76. Шаң бункері бар шаңды әзірлеу жүйелері (орталықтандырылғаннан басқа):

шаңды араластырғыш алдындағы әрбір шаң өткізгішке қоса орнатылған, кедергі құрылғыдағы қысым өзгерісін өлшеуге арналған құралдармен;

шаң өткізгіштегі кедергіні құрылғыдағы қысымның өзгерісінің төмендегесі туралы дабыл белгісімен жабдықталады.

77. Шаңды әзірлеу қондырғылары (орталықтандырылғаннан басқа):

отынды берудің үзілгендігін білдіретін дабыл белгісімен;

осы Талаптағы 1 - кестеде көрсетілген температура мөлшерінен асқан жағдайда іске қосылатын, диірмен (сепаратор) артындағы шаң ауа газ қоспасының температурасы көтерілген жағдайдағы дабыл белгісімен;

бу мен суды беру жүйелерінде қысымның төмендегенін білдіретін дабыл белгісімен;

екі шек бойынша әрекет ететін, диірмен (сепаратор) артындағы шаң газ ауа қоспасының температурасының көтерілуінен қорғаныспен жабдықталады.

Температура 1 - кестеде көрсетілген мөлшерден асқан жағдайда (бірінші шек) қорғаныс шашыратылған судың автоматты іске қосылуына әкеледі, ал осы мөлшерлер 10°С көтерілген жағдайда (екінші шек) қорғаныс шаңды әзірлеу жүйесі негізінде әрекет етеді.

Д-Ж бар шаңды әзірлеу жүйелері үшін екінші шек бойынша су беру және қорғаныстың әрекет етуі міндетті емес.

78. ЖҚҚ бар шаңды әзірлеу жүйесі ЖҚҚ мембранасы ашылған жағдайда қорғаныспен немесе тез арада қолмен тоқтатылады.

79. Шаңды әзірлеудің орталықтандырылған жүйесі және құрғату қондырғылары жобалау кезінде қабылданған құрғату және ұнтақтау жүйесіне байланысты, жарылыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын қамтамасыз етуге қажетті көлемде құралдармен, автоматты құрылғылармен, реттегіштермен, дабыл белгісімен, технологиялық қорғаныстармен және одақтасумен жабдықталады.

80. Қазандық (корпус) ол тоқтаған кезде әрекет ететін қорғаныстармен жабдықталады:

пештегі шамшырақ сөнген жағдайда;

барлық түтін сорғыштар өшірілген жағдайда;

барлық үрлейтін желдеткіштер өшірілген жағдайда;

алғашқы ауаның барлық желдеткіштері өшірілген жағдайда;

шаңды пешке осы желдеткіштердің құрғату агентімен тасымалдау кезінде барлық ДЖ өшірілген кезде.

Қазандық тоқтаған жағдайда қорғаныстармен пешке отынның барлық түрін беру тоқтатылады және барлық оталдыру құрылғылары ажыратылады.

81. Шаңды пешке тікелей үрлейтін шаңды әзірлеу жүйесімен жабдықталған қазандық (корпус) қорғанысы осы Талаптың қосымшасының 80-ші тармағына сәйкес келесі одақтасумен жабдықталады:

барлық түтін сорғыштар өшірілген жағдайда барлық соратын желдеткіштер, алғашқы ауа желдеткіштері (бұдан әрі - ААЖ), қайта айналдыру түтін сорғыштары, шикізат отынының диірмені мен қоректендіргіші өшіріледі;

құрғату агентінің желдеткіші (бұдан әрі - ҚАЖ), МЖ немесе алғашқы ауа желдеткіші өшірілген жағдайда шикізат отынының диірмені және қоректендіргіші өшіріледі;

диірмен өшірілген жағдайда шикізат отының қоректендіргіш ажыратылады және диірменге құрғату агентін беру тоқтатылады.

82. Шаң бункерімен шаңды әзірлеудің жеке жүйесімен жабдықталған қазандық (корпус) келесі одақтасумен жабдықталады:

барлық түтін сорғыштарды өшірген жағдайда барлық соратын желдеткіштер, ААЖ, МВ, қайта айналдыру түтін сорғыштары, шикізат отының және шаңды қоректендіргіштер, диірмендер өшіріледі;

диірмен өшірілген жағдайда шикізат отының қоректендіргіш өшіріледі және диірменге құрғату агентін беру тоқтатылады;

шаңды құрғату агентімен беру жүйелеріндегі барлық ДЖ өшірілген жағдайда шикізат отыны мен шаң диірмені, қоректендіргіштері өшіріледі. Алғашқы ауаның бөлек қораптары немесе бөлетін қалқа немесе бөгеті бар қораптардың жүйесінде ДЖ өшірілген жағдайда шикізат отының қоректендіргіш, диірмен және шаңды қоректендіргіштің сәйкес тобы өшіріледі;

алғашқы ауаның бөлек қораптары немесе бөлетін қалқалары немесе бөгеттері бар қораптар кезінде ААЖ-нен шаңды пешке ыстық ауамен беру жүйесінде бір ААЖ өшірілген жағдайда шаңды қоректендірудің сәйкес тобы өшіріледі;

бір ДЖ өшірілген жағдайда шикізат отынының сәйкес қоректендіргіші, диірмен өшіріледі және диірменге құрғату агентін беру тоқтатылады.

83. Шаң бункерімен және ШЖШқ шаңды әзірлеу жүйесімен жабдықталған қазандықтар тарату коллекторында ауа қысымының төмендеуі кезінде барлық түтін сорғыштардың немесе барлық үрлейтін желдеткіштердің өшірілуін, тарататын ауа коллекторында барлық нығыз қақпақтардың жабылуын және шаңның барлық қоректендіргіштерінің ажыратылуын қамтамасыз ететін одақтасумен жабдықталады.

84. Д-Ж басқа, диірменге құрғату агентін беруді ол тоқтаған жағдайда одақтасу бойынша тоқтату диірмені алдындағы газ ауа өткізгіште екі нығыз қақпақтарды жабу және олардың арасындағы атмосфералық қақпақты ашумен жүргізіледі.

85. Отынды ұнтақтау кезінде келесі шаралар қарастырылады:

одақтасу бойынша шаңды пешке тікелей үрлейтін шаңды әзірлеу жүйелерінде БЖ өшіру кезінде оның алдында және сепараторға шашыратылған суды беру жүзеге асырылады, су берместен диірменді қосуға тыйым салынады;

одақтасу бойынша ОД өшіру кезінде оған буды беру жүзеге асырылады және диірменді оған бу берместен қосуға тыйым салынады.

86. Қазандық (корпус) ауаны жылытқыштағы өрт туралы дабыл белгісімен жабдықталады.

87. Шаң мен газды (қара майды) бірге өртеу кезінде, сондай-ақ газ бен қара майды жағатын отын ретінде пайдалану кезінде қазандық жабдығы РҚ 34.03.351 сәйкес бақылаудың, қорғаныстың, одақтасудың және белгі бергіштің барлық түрлерімен жабдықталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет