Тәрбиенiң өмiрмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы.
Мұғалiмдер - адамды жан - жақты дамыту идеясын тәрбиенi өмiр мен, еңбекпен байланыстыру талабымен ұштастынды. өмiр мектебi ең ғұатты тәрбие мектебi. Ұлы физиолог И.П. Павлов адам организмiнiң өмiр әрекетi қоршақан ортаның ықпалымен, адам өмiр сүруiнiң жағдайларымен байланыста екенiн көрсеттi. Осы әсердi ол “өмiрлiк тәрбие” деп атады. Осындай тәрбиеден –“тәрбие мектебiнен” тек ересектер ғана емес, жас ұрпақ та өтедi. Сондықтан тәрбиенiң өмiрмен, еңбекпен, қоғамдық тәжiрбиемен байланысты болу принципi оқушыларды қазiргi өмiрдiң барлық саласынан хабардар болуды, өз елiнiң, туған әлкесiнiң әткенiмен бңгiнгiсiн бiлуде, адамзат мәдениетiнiң iзгi бастаулары мен жалпы адамзаттың iзгiлiк қасиеттердi түсiнудi, меңгерудi талап етедi.
Жеке адамға талап қоюшылық пен құрметтей бiлудiң бiрлiкте болу принципi.
А.С. Макаренко: “Менiң негiзгi принципiм (ал бұл принцип тек ғана менiкi емес, сондай - ақ бүкiл кеңестiк педагогтердың де принципi деп санаймын) әрқашан адамға барынша көп талап қою, сонымен қатар оны мейiлiнiш қатты сыйлау болып табылады деп өзiнiң педагогикалық тәжiрбиесiн қорытындылайда. Тәрбиеленушi сыйлау және оған талап қою дегенiмiз баланы жан - жақты бiлу оның қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiн, күштi және осал жақтарын айқындау және оның жақымды қасиеттерiнiң дамуына педагогикалық қолайлы жағдай туғызу, ықпал жасау болып табылады.
Сана мен мiнез - құлықтың бiрлiк принципi
Сана адамның мiнез - құлқын, iс - әрекетiн бағыттап отырады. Сана мен мiнез - құлықтың, iс - әрекетiң бiрлiгi мектептегi бүкiл оқу - тәрбие процесiндегi ережелер, талаптар, нормалар оқушылар үшiн жаттанды түрде болмай түсiнiктi, саналы болуын көздейдi. Бұл принцип адам бойында борым, ар - ождан, тамған, мәдениеттi мiнез - құлықтың адамгершiлiк қадiр - қасиеттiн, өмiрлiк бақыттың үйлесiмдi дамуының қажеттiлiгiн қамтиды.
Ұлы Абай: “Тегiнде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мiнез деген нәселелермен сақтады. Онан бақса нәрсемен оздым ғой демектiң бәрi де – ақымақшылық” - деп адамның шынайы саналы өмiрiн дәрiптеген.
Еңбек арқылы тәрбиелеу принципi
Еңбек – тәрбиеленiң күштi құралдарының бiрi. Еңбек арқылы тәрбиелеу принципiнiң мәнi - адамды тек материалдық және рухани байлықтарды жасаушы ғана емес, сондай - ақ, оны азамат ретiнде көрiнетiн жеке тұлға етiп қалыптастыруда, еңбек адамның жан - жақты жетiлуiнiң негiзi. Сөзбен iстiң, қабiлет пен дарындылықтың, сапалардың сыналар жерi адал еңбек.
Творчестволық бай мұрасы мен халқымызға қайта оралған ұлы ақын Ш. Құдайбердиев:
Ағылды сол - ынсап пен ар сақтайды,
Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды
Адал сол – таза еңбекпен күнiн көрiп,
Жаны үшiн адамшылық ар сақтайды -
деп ұстаздық жүрек ңнiмен адам өмiрiнiң мың алуан құбылыстарында еңбектiң адамгершiлiк сипатын әлең жолдарымен әрнектейдi.
Тәрбие процесiнде мектеп, жанұя және жұрытшылық әрекетiнiң бiрлiк принципi
Ата - ана табиғи тәрбиешiлер. Ата - ананың жылы жүрегiнен, мейiрiмдi жүзiнен, алақанынан, ыстық құшақынан балақа дүние есiгi ашылады оның дүние танымының бастауы жанұядан басталып, мектеп, мұғалiм тәрбиесiмен жалғасып отырады. Сондықтан, жануя, мектеп, жұртшылық өзара бiрлiкте, педагогикалық ынтымақтастықта болуы балаларды дұрыс тәрбиелеудiң кепiлi. Тәрбие мен оқыту принциптерiн салыстырып қарасақ, олардың көпшiлiгiнiң тәрбие процестерiнде де, оқыту процесiнде де тiкелей қатысы бар себебi тәрбие мен бiлiм беру бiр - бiрiнен бөлiнбейтiн өзара тығыз байланысты, бiртұтас педагогикалық процесс.
Оқытуға ғойылатын талаптардың бастапғы белгiлi жүйесiн оқыту процесiнiң принциптерi деп аталады. Оқыту процесiнiң бiрнеше принциптерiн атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |