ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС - ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ ҮЙЛЕСIМДIЛIГIНIҢ КӨЗI
Қазiргi педагогикалық теорияда “Тәрбие әдiсi” ұғымы әнi де жете зерттелмеген мәселелердiң бiрi болып келедi, өйткенi бұл жөнiнде әр түрлi көзқарастардың бар екенi байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдiсiне берген анық тамалары дәлел бола алады. Т.Е. Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстардың тәсiлдерi мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдiсi - бұл жеке адамға тiкелей және жанама түрде ықпал жасау.
В.А. Сластенин тәрбие әдiсiн тәрбиешiлерi мен тәрбиеленушiлердiң iс - әрекетiнiң өзара байланыс тәсiлдерi деп тұжырымдайды. Тәрбие әдiс ұғымы туралы бұдан басқа да бiрсiпiра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға қарақанда әрбiр автор тәрбие әдiсi туралы ұғымды өзiнiң зерттеу жұмысының нәтижесiне сүйенiп түсiндiредi. Бiрақ әр түрлi анықтамалар бiр мақсатты көздейдi, яғни бұл сананың дамуына, баланың мiнез - құлық тәжiрбиесiнiң қалып тасуына тәрбиелiк әдiс ықпал жасайды.
Сонымен, әр түрлi автордың анықтамаларына сүйенiп, мынадай қорытынды жасауға болады. Тәрбие әдiсi - тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара байланыс iс - әрекеттерiнде оқушылардың тұлқалық қасиеттерiнiң қалыптасуына бақытталған педагогикалық жұмыс тәсiлдерi. Тәрбие жұмысының әдiстерi тәрбиенiң мақсатына, принциптерiне және мазмұнына баланың жас және дербес ерекшелiктерiне, олардың тәрбиелiк дәрежесiне байланысты. Тәрбие әдiстерi тәрбие жұмысының мақсаттары мен мазмұнымен анықталады. Әдiстердi iске асыру барысында тәрбиешi оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенiң тәсiлдерi мен құралдарын да қолданады.
Тәсiл әдiстiң құрамды бөлiктерi, әрбiр әдiстең тәсiлдерi болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдiстерiнiң тәсiлдерi нұсқау, көрсету, машығтандыру, тапсырма т.б.
Тәрбие құралдырына iс - әрекеттiң түрлерi, көрнектi құралдар көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалiм, ата - ана ересек адамның сөзi, олардың әнегесi т.б.) жатады А.С. Макаренко өз тәжiрбиесiнде тәрбиедегi шешушi рөль атқаратын нәрсе оғшауланған құралдар емес, керiсiнше олардың үйлесiмдi құрылған жүйесi екенiн дұрыс көрсетедi. Адам еңбектiң, танымның, қарым - қатынастың субъектiсi ретiнде iс - әрекет барысында қалыптасады.
Оқыту әдiсi – дидактиканың ең басты құрамды бөлiгiнiң бiрi. Оқыту әдiстерi, бiлiм берудiң мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және мiндеттерiмен анықтамалады. Оқыту процесiнiң нәтижелi және сапалы болуы оқыту әдiстерiн тиiмдi творчестволықпен жүзеге асыруға байланысты. Педагогиканың дидактика бөлiмiнде оқыту әдiстерiн жетiлдiру мәселесiне көп көңiл бөлiнген. Оқулықтарда оқыту әдiстерiнiң топтары олардың жiктелуi туралы әр түрлi пiкiрлердi кездестiруге болады.
Оқыту әдiстерi туралы әр түрлi анықтамаларға тоғталсақ “Оқыту әдiсi дегенiмiз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс iстеу әдiсi, оның арғасында бiлiм, iскерлiк дағды қалыптасып оқушылардың дүние танымдылығы мен қабiлеттiлiгi артады.
Оқыту әдiмсi дегенiмiз – мұғалiм мен оқушылардың өзара әрекетiнiң барысында бiлiм алу жолдары. Оқыту әдiсi дегенiмiз – мұғалiм мен оқушылардың өзара әрекетiнiң негiзiнде бiлiм, тәрбие және таным процесiн жетiлдiру.
Оқыту әдiсi дегенiмiз – мұғалiм мен оқушылардың бiрлесе жасайтын әрекетi.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде оқыту әдiсiнiң басқа да анықтамалары кездеседi. Бұл әдебиеттерде оқыту әдiстерi оқытушының оқушыларға оқу материалынан бiлiм беру тәсiлдерiнiң жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретiнде, сонымен қатар оқыту әдiсi мұғалiмнiң оқу материалдарын оқушыға жеткiзу тұрғысында ғана қарастырылады. Мұндай анықтамалар оқыту әдiсiнiң сипаттамасын толық бере алмайды. Дидактика теориясында оқыту процесiнiң мәнi мұғалiм мен оқушылардың өзара қарым - қатынас екi жақтылық негiзiнде қарастырылады.
Ал, соңғы оқыту әдiсiне берiлген анықтамада мұғалiм мен оқушы арасындағы қарым - қатынас көрсетiлмейдi. Сондықтан оқыту әдiстерiнiң субъективтi – субъективтiлiк iшкi заңдылық негiзi ашылмақан. Бұл жағдайда оқыту процесi барысында оқушы пассивтi позицияда қалады.
Сонымен қазiргi педагогикада оқыту әдiсi оқушылардың бiлiмдi меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесiне бақытталған. Оқушы және мұғалiм арасындағы бiрлесiп жүргiзiлетiн iс - әрекетiнiң субъектi - субъектiлiк қарым - қатынас құралдары ретiнде анықталады.
Оқушыларды оқыту үшiн алдымен мұғалiмнiң өзi оқы, бiлiмiн жетiлдiрiп отыруды қажет етедi. Оқу мен тәрбие әрдайым бiрге жүредi. Оғыта отырып, оқушыларға тәрбие беру әрбiр мұғалiмнiң, әрбiр ата - ананың алдындағы басты мақсаты.
Мектептерде педагогикалық озат тәжiрибенi зерттеу, жинақтау iсi күрделi және шығармашылық мәселелердiң бiрiне жатады. Педагогикалық тәжiрбиеде - оқыту мен тәрбиенiң практикасын жан - жақты зерттеу объектiсi, факторлар мен ғылыми мәлiметтердi жинақтаудың негiзгi көздерiнiн бiрi. Сондағытан педагогикалық озат тәжiрибеде оқу тәрбие жұмысын ңнемi дамыту мен жетiлдiруде үлкен орын алады. Мұғалiм оқыту мен тәрбие әдiстерiне байланысты басты мәселелердi таңдап алады да, олардың тиiмдiлiгiн сабақтың немесе тәрбие жұмысының барысында бақылайды мұғалiм әр сабақтың немесе тәрбие жұмысының өзiне тән ерекшелiгiн, әр түрлi әдiстердi қолданудың тиiмдi жолдарын, оқыту мен тәрбие процесiнде оқушылардың ынтасы мен таным қабiлетiн дамытуды шығармашылықпен iздестiредi. Осының нәтижесiнде мұғалiм өз жұмысындағы жетiстiктер мен елеулi кемшiлiктердi көре бастайды. Сәйтiп, оларды жандық тиiмдi жолдарын қарастырады.
Оқытудың табысты болуы оқу әдiстемелiк топтамаларының (оқулық, анықтама, әдебиеттер, есептер жинақы) жеткiлiктi болуына тiкелей байланысты. Солай бола тұрса да ең алдымен оқыту мұғалiмнiң сабақ беру шеберлiгiне, педагогика ғылымының жаңа табыстарын iс жүзiнде қолдана бiлуiне, оқушыларды өздiгiнен бiлiм алуға үйретуге негiзделедi. Мұғалiмнiң өз мамандығынсңюi, жеке мәдениетi өзiн ұстауы оқушылардың ойлау бақытына, қызығушылығына және ынтасына көп жер етедi. Сондықтан да, мұғалiм жас ұрпақты рухани дүниемен ғанықтыратын жақсылықтың ұрығын болашақ ұрпақ жүрегiне дарынтаты үлкен тұлға.
Алдыңғы қатарлы, тәжiрибелi мұғалiмдердiң еңбегiн саралақанда, жақсы нәтижелер (терең де берiн бiлiм, оқушылардың тәрбиелiлiгi) мұғалiмдердiң оқу үрдiсiн ұйымдастыру және жоспарлауына, оқу - құралдарын шеберлiкпен пайдалануына тәуелдi екенi анықталған. Тәжiрибелi мұғалiмдер алдымен оқушылардың негiзгi алатын оқу материалына меңгеруiне бар - күш жiгерiн жұмылдырып, оқушылардың назарын химияның негiзiн мәселелерiне бақыттайды. Олар берiлетiн сабақты жаспарлақанда, бiрiншiден, сабақта қабылданатын, есте сақтайтын негiзгi мәселелерi анықтап, оларды меңгеру үшiн пайдаланатын тиiмдi әдiстердi таңдап алуға жұмылдырады, екiншiден, қажеттi педагогикалық нәтижеге жету үшiн мұғалiм оқушыларға ненi бiлуi қажет, ненi есте сақтауы керек, ненiн түсiнiп бiлуi тиiс, ненi үйренуi керек екенiн ұғындырып, ең қажетi бiлiмге бақдарлама бередi.
Оқушылардың бiлiмдердi меңгерген немесе меңгермегенiн сол сабақ үстiнде сұрау арқылы, жаттықула есептер, белгiлi бiр зертханалық жұмыстарды орындату арқылы тексередi. Сабақтың құрылымын ойластырғанда сабақтың барлық бөлiмдерi арасындағы сабақтастық пен оған бөлiнетiн уақыттың сәйкестiгiн ескерген пайдалы. Мысалы, үй тапсырмасын тексеруге көп уақыт жiберiп,алса, мұғалiм жаңа сабақты шала түсiндiруi мүмкiн, сол себептi оқушылар жаңа меңгеретiн бiлiмдi толық қабылдап ала алмайды. Үй жағдайында материалды түсiну үшiн көп уақыт кетiруi мүмкiн, тiптi кейде кейбiр ұғымдарды түсiнбей қалады. Мұндай жағдай келесi қабылданатын бiлiмге залалын тигiзедi.
Кiтаппен жұмыс iстеу кезiнде оқушыларды химиялық анықтамаларды, негiзгi заңдарды химиялық түсiнiктердi ажырату дағдыларына, химиялық құбылыстар мен тәжiрбелердiң жасалыну сипаттамаларын, олардың бақылай бiлу, эксперимент нәтижелерiн, қорытындыларын жаза бiлу бiлiктерiн үйрету керек. Сондай - ақ оқушылар мәтiндi жақсылап оқып, оны талдай бiлуге, ойша әр түрлi мақыналас бөлiмдерге бөлуге, әрбiр бөлiмнiң негiзгi ойларын анықтап, оқылған материалға жоспар құра бiлуге дағдыланса, онда мұғалiмнiң жұмысы жеңiлденедi.
Зерттеу нәтижелерi оқытушының шеберлiгi әдiстемелiк материалдардың көптiгi, оны сабақға көшiрiп ғолануда емес, өз тарапынан сүзгiден өткiзiп, сол сабақға тән сабақ мазмұнын, формасын, тәсiлiн үйлестiре бiлуде. Сабақтың ғұнды болуы, оқушылардың бойын дамыту, мәселе ғойып, оқуға ынтасын ояту, әр оқушының қабiлетiне сай жұмыстану тәсiлiн ұйымдастыру, оқу үрдiсiн шығармашылық еңбекке айналдыру - мұғалiмге ғойылар бңгiнгi заманталабы, кәсiби шеберлiгiн және жоқары бiлiгiн танытатын қиын да күрделi сынақ.
Озат тәжiрибенi зерттеу және оны тұтас педагогикалық процеске енгiзу ғажырлы еңбектi, терең сауаттылықты, өз пәнiне еркiн иелiк етудi, теория мен практиканың дамуын да ңнемi жолзалықты бiлiп отыруды талап етедi.
Тәрбие принциптерi дегенiмiз тәрбие процесiнiң мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдiстерiн айқындайтын ережелер, алғы шарттар, талаптар және бақыттаушы қағидалар жиынтығы. Тәрбие принциптерi адам факторын жеделдету және оқу - тәрбие процесiн гуманитарландыру, жеке адамның жанжақты даму заңдылықтарына негiзделедi. Көрнектi педагогтар Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, С.Т. Шацский, П.П. Блонский, В.А. Сухомлинский т.б. кеңес педагогтарының теорисын дамыта отырып, тәрбие принциптерiнiң негiзiн айқындады.
Тәрбие принциптерiне сипаттама тәрбиенiң мақсаттылық принципi: А.С. Макаренко педагогикалық жұмыстың жемiстi болуының ең қажеттi шартының бiрi тәрбиелену мiндет - мақсатының анық, айқын түрде белгiленуi деп есептеген. Тәрбие жұмысының мақсаттылығы, иделялық бақыттылығы сапалы творчестволық сипатта болуы мұғалiм мен коллективтiң iс - әрекетiн бақдарсыздықтан, кездейсоғтықтан сақтандырады.
Педагогикалық коллектив және әрбiр мұғалiм - тәрбиешi тәрбие жұмысын белгiлейдi, оның мазмұнын анықтайды, жеке оқушылардын, коллективтiң ерекшелiгiне, талап - тiлектерiне сүйене отырып, жұмысты жоспарды түрде және белгiлi жүйемын жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |